5 дәріс. Әдістерді асыра жүктеу. Статикалық кластар және кластың
статикалық мүшелері.
Дәрістің мақсаты:
студенттерде әдістерді асыра жүктеудің қызметі және кластың
статикалық мүшелерін пайдалану ерекшеліктері туралы түсініктерін көрсетуге қабілет
қалыптастыру.
Осы дәрісті меңгеру нәтижесінде студенттер келесі қабілеттерге ие болады:
•
Әдістерді асыра жүктеудің қызметі туралы түсініктерін көрсету;
•
Әдістерді асыра жүктеу шарттарын көрсету;
•
Кластың статикалық мүшелерін құру және пайдалану ерекшеліктері туралы
түсініктерін көрсету.
Бір класс ішіндегі
бірнеше әдістердің аттары бірдей болып
, тек
олардың параметрлері
әртүрлі болып жариялануы әдістердің асыра жүктелуі
деп аталады. С# тіліндегі
әдіс-
тердің асыра жүктелуі
ОБП-дағы полиморфизмді жүзеге асырудың бір жолы болып
табылады.
Жалпы, әдістерді асыра жүктеу үшін олардың әртүрлі нұсқаларын жариялау жеткілікті,
ал қалған жағын компилятор орындайды. Мұнда мынадай маңызды шартты орындау керек:
асыра жүктелетін әрбір әдістің параметрлерінің типтері немесе олардың сандары әртүрлі
болуы керек. Екі әдістің тек қайтаратын мәндерінің типтерінің әртүрлі болуы жеткіліксіз.
Олар өз параметрлерінің типтерімен немесе сандарымен өзгеше болуы керек.
Әрине, асыра жүктелген әдістердің қайтарылатын типтері де әртүрлі бола береді, бірақ
олар қай әдісті таңдап алып, орындау керектігі жайлы толық мәлімет бере алмайды. Асыра
жүктелген әдіс шақырылғанда, оның параметрлерінің әдіске берілетін аргументтерге сәйкес
келген (типтері және сандары арқылы) нұсқасы орындалады.
Төменде әдістерді асыра жүктеуді көрсететін қарапайым мысал берілген.
Мысал 1.
Әдістерді асыра жүктеуді көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |