MICROSOFT WORD МӘТІНДІ ПРОЦЕССОРЫ
Word — мәтінді құжаттарды құруға, қарауға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Windows қосымшасы. Ол мәтінді және графикалық ақпараттарға жүздеген операцияларды орындауды қарастыратын мәтіндік процессорлар қатарындағы ең жетілген ағдарламалардың бірі болып табылады. Word көмегімен тез және жоғары сапада кез келген құжатты—карапайым хаттан күрделі басылымның түпнұсқа-үлгісіне дейін дайындауға болады.
Біріншіден, Word мәтінмен заманауи компьютерлік технологияларда қарастырылған барлық дәстүрлі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:
■ форматталмаған алфавитті сандық ақпараттарды жазу және түрлендіру;
■ жазылуы және өлшемі әртүрлі True Type әріптер көптүрлілігін қолдана отырып таңбаларды форматтау;
■ беттерді форматтау (колонтитул мен нұсқамаларды қосқанда);
■ құжатты толығымен форматтау (мазмұны мен әртүрлі көрсеткіштерді автоматты түрде құру);
■ дұрыс жазу ережесін тексеру, синонимдерін іріктеу және сөздердің автоматты түрде ауысуы.
Екіншіден, Word процессорында құжатқа Windows –тың басқа қосымшаларында айындалған мәтінді үзінділерді, кестелерді, суреттемелерді қосуға мүмкіндік беретін нысандарды байланыстыру мен енгізудің (OLE — Object Linking and Embedding механизмі деп аталатын) жаңа технологиясы мүмкіндіктері жүзеге асырылған. Тұрғызылған нысандарды осы қосымшалардың құралдарымен редакциялауға болады.
Word редакторымен жұмыс істей отырып, таңбалармен, сөздермен, жолдармен және мәтін сөйлемдермен жұмыс істейміз.
Та ң б а л а р, с ө з д е р, қ а т а р л а р, с ө й л е м д е р. Мәтінді курсор бағдарына Windows-ке қосылған кез келген әріптегі кез келген таңба енгізіле алады. Таңба— мәтінді ақпараттың ең кіші бірлігі. Таңбаны қою үшін Қою, Таңба командасын таңдауға болады, одан соң Таңбалар немесе Арнайы таңбалар қосымша бетін таңдап қажетті таңбаны көрсету керек.
Word қосу кезінде бірден бос бір беттен тұратын жаңа құжат құрады. Word жаңа құжатын құру үшін Файл қосымша беті бойынша Құру пунктін шерту керек.
Мәтінді енгізу кезінде редакциялаудың негізгі стандартымен қадағалап отыру керек. Сонымен бірге жаңа жолға ауысу үшін [Enter] пернесін басудың қажеті жоқ. Жазылып отырған мәтін азат жолдың оң жақ шетіне жеткен кезде, Word автоматты түрде жаңа жолға ауысады.
Кестелер және суреттер. Құжат беттерінде Word арнайы нысандары орналасады кестелер және суреттер. Әрбір кесте бірнеше жолдар және қатарлар санынан тұрады, жолдар мен қатарлардың қиылысында кесте ұяшығы болады. Кестемен жұмыс командаларының барлығы Кесте мәзірі пунктінде жинақталған және төменде қарастырылады.
Гохберг «Ақпараттық технология»
Word құжатында басқа қосымшада құрылған және . bmp, .pcx, .wmf (Windows арнайы векторлы үлгісі), .tiff (Aldus фирмасының басылым үлгісі) графикалық үлгі және кейбір басқа үлгі файлдарында жазылған графикалық форсуретті орналастыруға болады. Microsoft Word каталогының ClipArt ішкі каталогында орналасқан және құжаттарды рәсімдеуге арналған . wmf үлгідегі суреттердің арнайы кітапханасын ұсынады.
Жазылған мәтін бойынша орнын ауыстыру үшін пернетақтаның көмегімен редакциялаудың негізгі стандартының пернелері қолданылады (3.4-тармақ):
Достарыңызбен бөлісу: |