Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx


Қарт адамдардың алып жатқан медициналық қызметтердің сапасы мен



Pdf көрінісі
бет28/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95
Байланысты:
қарттар

Қарт адамдардың алып жатқан медициналық қызметтердің сапасы мен 
қолжетімділігін бағалаулары
2008 жылғы зерттеудегідей, респонденттердің көп бөлігі көрсетілетін медициналық 
қызметтердің сапасына қанағаттанған (2008 жылы 62% және 2020 жылы 60,4%). 
Айырмашылықтар елді мекен түріне, аймақтарға, қаржылық жағдайға және 
денсаулық жағдайын бағалау тұрғысынан байқалады. Осылайша, ауылдық жерлердің 
тұрғындары медициналық қызметтердің сапасына (68%), ал шағын қалалардың 
тұрғындарына қарағанда (60%) және облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар 
қалалардың 
(53,5%) 
тұрғындары 
ұсынылатын 
медициналық 
қызметтерге 
қанағаттанатындықтарын айтып жауап берді.
Медициналық көмектің сапасына қанағаттану 
Түркістан (81%) және Жамбыл (73%) облыстарында тұратын егде жастағы адамдар 
арасында кең таралған; қаржылық жағдайы жақсы қарт адамдар арасында (76%), сондай-ақ 
денсаулығын 
жақсы 
деп 
бағалайтындар 
арасында 
(72%) 
қызмет 
сапасымен 
қанағаттанатындықтарын көрсеткен. 
2008 жылғы зерттеуде бірдей айырмашылықтар байқалды: «қызметтер сапасын 
бағалау олардың қол жетімділігін бағалауға ұқсас: ол Батыс және Оңтүстік өңірлерде, 
сондай-ақ денсаулығына және қаржылық жағдайына қанағаттанатын егде жастағы 
адамдарда жоғары». 
Денсаулық сақтау жүйесі ұсынатын қызметке қанағаттанбаудың себептері қандай? 
2008 жылғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, көрсетілетін медициналық көмектің 
сапасына қанағаттанбаудың ең көп таралған себептері «медициналық қызметкерлердің егде 
жастағы науқастарға деген немқұрайлы көзқарасы» (52%) және «ұзақ кезектер мен 
кезектердегі күтулер» (46%).
2020 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша анықталған 
проблемаларды атап өткен респонденттердің үлесі айтарлықтай төмендеді: сәйкесінше 52% 
-дан 28% -ға және 46% -дан 33% -ға дейін. Яғни, дәрігерлер егде жастағы науқастарға 
мұқият қызметтер көрсете бастады және медициналық мекемелердегі кезек мәселесі 
оңтайлы шешілді. 
Осы жылдар кезінде шешімін таппай келе жатқан бір мәселе - «жақын жердегі 
медициналық мекемелерде қажетті мамандардың жоқ болуы», 2020 жылға сәйкес бұл 
көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаудың ең көп тараған себебі 
болып табылады. Оның үстіне, бұл мәселе елді- мекен түріне байланысты емес, ол 
ауылдарда, шағын қалаларда және ірі қалаларда бірдей таралған жағдай.
Қанағаттанбаушылықтың себептері туралы салыстырмалы деректер 19-суретте 2020 
жылға арналған мәліметтердің кему ретімен келтірілген, нәтижелер көрсеткендей, 2008 
жылы аталған себептердің үлесі айтарлықтай азайды, бірақ жаңа мәселелер пайда болды. 
Осылайша, 2020 зерттеудің үшінші жалпы мәселесі «қажетті ақысыз қызметтердің 
жетіспеушілігі» (33%) деп аталды, 2008 жылы бұл мәселе аталмаған болатын. 2008 жылғы 
сауалнамада аталмаған тағы екі мәселе бар, олар: «қажетті дәрі-дәрімекетердің қолданыста 
болмауы» (18%) және «қанағаттанарлық емес жағдай/стационарлардағы бөлмелердің толық 


34 
жабдықталынбауы» (5%) – бұл жерде атап өтетін жағдай далалық зерттеулер 2020 жылдың 
тамыз айында жүргізілген болатын, ал соның алдындағы екі ай маусым-шілде айларында 
үздіксіз дәрілермен қамту үшін тасымалдар мен дәріханалар мен ауруханаларды жабдықтау 
толығымен жасалынған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет