МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСТАНСКО РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 11
Бауырдың тəж байламы, lig. coronarium hepatis ішперденің бір жапырағынан
тұрады . Осы байламының оң жəне сол жақ шеттері бауырдың оң жəне сол жақ
үшбұрыштық байламдарына ligg. triangularia dextrum et sinistrum өтеді .
БАУЫРДЫҢ ОРАҚ ТƏРІЗДІ БАЙЛАМЫ LIG. FALCIFORME HEPATIS,
бауыр бетінің диафрагмасында орналасқан, ал артқы жағында оң жəне сол
тəждік байламға өтеді.
2.
Бауырдың висцеральды бетінің байламдары
Бауырдың жұмыр байламы, lig. teres hepatis, сол аттас жүлгемен кіндіктен
бауыр қақпасына дейін созылады. Онда VV paraumbilicales орналасқан .
Орақ байламының алдыңғы бөлігі жұмыр байламмен біріктіріледі.
БАУЫР-АСҚАЗАН БАЙЛАМЫ, LIG. HEPATOGASTRICUM.
БАУЫР-ОН ЕКІ ЕЛІ БАЙЛАМ, LIG.HEPATODUODENALE
4. Бауыр-бүйрек байламы, lig.hepatorenale.
5. Веноздық байлам, lig. venosum, онда веноздық түтіктің қалдығы
орналасқан,
Бауыр қақпасы – қан тамырларының, жүйке тамырларының кіретін жəне
шығатын жері,
қақпаға кіреді: а.қақпа венасы – тазартылған вена қаны. Қақпа венасы үш
венаның бірігуінен пайда болады:
1. Көкбауыр венасы
2. Жоғарғы шажырқай венасы
3.Төменгі шажырқай венасы
Олар вена қанын ас қорыту ағзаларынан жəне көкбауырдан яғни, тағам немесе
қоректік заттар ыдыратылатын жерден жинайды .
Бауыр қақпасының элементтері:
- Портал венасы, v. Porta
- Оң жақ бауыр артериясы, a hepatica dextra
- Сол жақ бауыр артериясы, a hepatica sinistra
- Оң жақ бауыр түтігі ductus hepaticus dexter
- Сол жақ бауыр түтігі ductus hepaticus sinister
б. жалпы бауыр артериясы- құрсақ бағанынан басталады, құрсақ қолқасының
бұтағы болып саналады; артерия қанын апарады.
Қақпадан шығады: бір немесе екі бауыр веналары тазартылған вена қанын
алып шығады да, төменгі қуысты венаға əкеп құяды.
Бауыр өзегі өт өзегімен бірігеді де, жалпы өт өзегін құрайды. Ол он екі елі
ішектің төмендеу бөлігіне
Фатеров емізікшелері арқылы келіп құяды.
Бауыр сегменттері (үлестері) барлығы бесеу. Сегмент немесе үлес – ол қақпа
венасының жəне бауыр артерияларының бұтақтарымен қамтамасыз етілген
дəнекер тінді қабатпен қоршалған бауыр паренхимасының бөлімшесі.