Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады.Салмағы шамамен 1300-1400г.Ақ зат пен сұр заттан құралған.мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады.Мидың ішінде ми сұйықтығымен толтырылған куыстар болады.Оларды ми қарыншалары дейді,себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады.Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.
Сопақша ми
Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы.Төменгі шеті жіңішкелеу,жоғарғы шеті жуандау.Ұзындығы 2,5-3см.Бір ми қарыншасы орналасқан.Онда ему,жұту,жөтелу,түшкіру.көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы орналасқан.Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын,ас қортуды реттейтін орталықтар бар.Егер сопақша ми зақымданса тыныс алу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
Артқы ми
Мишық пен ми копірі жатады.Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша ми аралығында орналасқан.Өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен жіне мишықтың қыртысымен жалғастырады.Бет терісінен, ауыз қуысынан,тілден,есту,тепе тендікті сақтаудан келетін хабаларды қабылдайды.
Мишық
Сопақша ми мен көпірдің артқы жағына жатады.Сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады.Сол сұр заты астында ақ заты орналасады.Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады.Дене бұлщықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді.Мишық жарақатанса адамның қол аяғы тез шаршайды,қозғалысы,тепе-тендігі, сөзі бұзылады.
Ортаңғы ми
Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан.Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады.Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді.Теріде пигменттің түзілуін реттейді.Кенеттен шықан дыбыс,жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.
Аралық ми
Ортаңғы мидың алдыңғы жағына жатады.Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан тұрады.Аралық мида да да бір ми қарыншасы бар.Көру, дәм сезу,есту және т.б. Рецепторлардан келетін қозу аралқ миарқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.Зат алмасу, жүрек қан-тамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, уйқы жұмысын реттейді.Ағзаның ішкі ортасы,дене температурасы, тынысалу,қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.