Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу.
Оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.
Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
SWOT — талдау
Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.
Сабақты қорытындылау барысында және кері байланыс беруге қолданылады.
Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.