Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар - үтір тәріздес, екіншісі – спириллалар - бұйралана орналасқан таяқша бактериялар.
Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохетабактериялары, жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығынан орын тебеді.
Бактериялардың мөлшері
Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі 1-2 микронға тең (микрон - миллиметрдің мыңнан бір бөлігі).
Жұмыр клеткалы бактериялардың ұзындығы 1-4 микронға, ені 0,5-1 микронға дейін барады.
Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі.
Кейбір бактериялар мөлшері едәуір үлкен болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы клеткасынын көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең.
Бактериялық жасуша құрылысы.
Мөлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар.
Басты құрылымдық компоненттері: жасуша қабырғасы, цитопазмалық мембрана, әр түрлі қосындылары бар цитоплазма және нуклеоид.
Тіршілік етудің кейбір кезеңдерінде пайда болатын қосымша құрылымдық компоненттеріне -капсула, спора, талшықтар, кірпікшелер жатады.
Жасуша қабырғасы
Жасуша қабырғасы - жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар биогетерополимер.
Прокариоттардың негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин.
Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.
Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы 20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысып тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан.
Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм. Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады. Сыртқы қабаты фосфолипид , липополисахарид, липопротеид және ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады. Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан кейін микроб тіршілігін жояды.