Микробиология Тақырыбы: Нәрестелер иммунитетіндегі иммуноглобулиндердің ролі



бет2/3
Дата20.04.2024
өлшемі1,08 Mb.
#201064
1   2   3
Байланысты:
Әшок микро

Иммуноглобулин А – сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы концентрациясы 0,8-3,7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA – комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-ны инактивацияға шалдықтырады (мыс. гонококктер)
.
Иммуноглобулин Е - молекуласы 200 000 Дальтон, ұлпада, шырышты қабықшаларда, теріде жиналады да мес, базофил, эозинофилдер торшаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Бұл торшаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің концентрациясы қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.
Иммуноглобулин Д - молекуласы 180000 Дальтон, жартылай ыдырауы 3 тәулік, толық зерттелмеген, тек қана В торшалардың антиген танитын рецепторы ретінде жүруі белгілі.
Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:
а) изотипті
б) аллотипті
в) идиотипті
Барлық класстар иммуноглобулиндерінің молекулалары жұп ауыр және жұп жеңіл полипептидті тізбектерден құралады.
Молекулярлық салмағы шамамен 20000 болатын жеңіл тізбектер барлық иммуноглобулиндер үшін бірдей болады және екі типке жіктеледі: κ (каппа) және λ (лямбда). Олардың адам ағзасындағы арақатынасы – 70/30.
Иммуноглобулиндердің әр молекуласында жеңіл тізбектер әрдайым тек бір типке ғана жатады.
Изотиптілігі — ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А1, А2 болып бөлінеді.
Аллотиптілігі — әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты
.
Идиотиптілігі — бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.
Идиотип – антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.
Нәрестенің ерте постнатальды кезеңде иммундық жүйенің тимусқа тәуелді және тәуелді емес бөлімдерінің қатынасы, өзара әрекеті анықталады. Туылған сәтте нәресте қанында ана ағзасынан түскен IgG концентрациясы анасындағыдай болады. Өмірдің 3-4 айында оның мөлшері едәуір төмендеп, шамамен 6 айға таман қанда мүлдем жоғалады. Осы уақытта әр түрлі антигендермен стимуляциялаудың арқасында өздік антигендердің синтезі басталады. Сонымен қатар, IgG қарағанда IgM тезірек синтезделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет