Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Судағы бактериялардың жалпы санын анықтау



Pdf көрінісі
бет53/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Судағы бактериялардың жалпы санын анықтау
үшін суаттардан алынған су үлгілерді жалпы
тәсіл бойынша сұйылтады. Ол үшін 2 мл үлгіні алып, 1 мл-ін бірінші стерильді суы бар бірінші шыны
түтікке құйып, араластырғаннан кейін, ерітіндінің 1 мл-ін екінші 9 мл стерильді суы бар шыны түтікке
құйып, жақсылап араластырған соң келесі пробиркаға 1 мл құяды. Осындай жолмен небары 3-7 сұйылтым
дайындайды. Сонан соң осы шыны түтіктердегі су үлгілерін 1 мл-ден стерильді Петри шыныларына құяды.
Олардың әрқайсысына 10-12 мл-ден 45
0
С-қа дейін салқындатылған ЕПА-ын құйып, айналмалы қозғау
арқылы су үлгілерімен араластырады. Петри шыныларына қаранданпен себу жасалған уақыты, су
үлгілермен сұйылтымның дәрежесі және басқа керекті мәліметтерді жазғаннан кейін аударып, 35-37
0
С-қа
дәлденген термостатқа, 24-48сағатқа қойылады. Өсіп шыққан микроб колонияларының санын су үлгісінің
сұйылту дәрежесін еске ала отыра, микроорганизмдердің 1 мл-дегі мөлшерін лупамен санау арқылы
анықталады. 1 мл құбыр судағы бактериялардың жалпы саны 100-ден, ал ашық су қоймаларынікі 1000-нан
аспауы керек. 1 мл суда 0-ден 100-ге дейін колониялар кездессе – таза, ішуге жарамды, 100-ден 1000-ға дейін
колониялар болса – күдікті, ал 1000-нан жоғарылары – ластанған деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет