түзетін болса, материалды су моншасында қыздырады. Осындай суспензияны
сезімтал жануарлардың
организміне енгізгенде (мысалы,қарасан ауруына күдіктегенде теңіз шошқасына егеді), тәжірибедегі жануар
18-36 сағаттан соң өледі. Элективті ортаны қолдана отыра, өлген жануардың органдарынан ауру
қоздырғышын бөліп алуға болады (мысалы, Китта-Тароцци ортасында).
Пастереллез ауруының
қоздырғышын ішек таяқшалар мен стафилококктардан және басқа микробтардан бөліп алу үшін ауруға
сезімтал үй қоянын жұқтырады. Егер қоспада пастереллалар болса, онда бір тәуліктен соң олар жануардың
өлуіне себепкер болады. Өлген үй қояндарының органдарынан қоректік орталарға себінді жасайды. ЕПА-
нда пастереллалар ұсақ мөлдір колония құрайды, ал ЕПС біркелкі лайланып, шыны түтік түбінде тұнба
пайда болады. Бұл тұнба шыны түтікті шайқаған кезде бұрымша ретінде жоғары көтеріледі.
Микроорганизмдердің тығыз және сұйық қоректік орталарда өсуі. Әр микробтар өсінділері қоректік
орталарда өздеріне тән колонияларды құрайды. Соған байланысты тығыз қоректік орталарда өскен
колониялардың мынадай белгілері болады:
Формасы:
дөңгелек, сопақ, тармақталған және т.б.
Мөлшері:
нүкте тәріздес, шық тәріздес, диаметрлері 1 мм-ден аспайтын, ұсақ ( d 1-2 мм), орташа (2-4 мм), ірі (4мм-ден
көп) колониялар.
Беті:
тегіс немесе қатпарлы, күңгірт немесе жылтыр және т.б. М
өлдірлігі:
мөлдір және
мөлдірлігі әр деңгейде.
Консистенциясы:
шырышты, ұнтақты, тығыз және т.б.
Пигмент:
қызыл, сары, қара,
көк және т.б. Қызыл пигментті кейбір актиномицеттер, ашытқылар, бактериялар түзеді. Қызыл пигменттерді
ғажап
таяқшалар, көк пигментті көк ірің таяқшасы түзеді. Сары түсті пигменттер стафилококктар мен
сарцина жасушаларында кездеседі. Қара немесе қоңыр пигменттерді кейбір саңырауқұлақтар түзеді.
Микробтардың сұйық ортада өсуі.
Кейбір микроорганизмдер қоректік орта бетінде жұқа қабық
құрса, ал кейбіреулері қатпарлы, жылтыр қабықтар құрап өседі. Бірнеше
микроорганизмдердің өкілдері
қоректік ортаның бетінде сақина тәріздес форма құрайды. Ортаның түсі микробтардың шығаратын
пигменттерінің түсіне байланысты болады. Қоректік ортаның лайлануы да микроорганизмдердің түрлеріне
байланысты. Тұнба түйіршікті, мақта тәріздес болып келеді.
Микробтардың етті-пептонды желатинде өскен микроорганизмдер келесі колонияларды құрайды:
Формасы:
дөңгелек, сопақ, бұтақталған.
Мөлшері:
нүкте тәріздес (ұсақ), орта, ірі.
Мөлдірлігі:
мөлдір және мөлдір емес.
Шеті:
тегіс,
жыртылған, қалақ тәріздес, тісті доңғалақ тәріздес.
Беті:
күңгірт, жылтыр, тегіс немесе қатпарлы.
Желатинді ыдыратуы:
тез, баяу.
Микроорганизмдердің шаншу бойында өсуі
. Қоректік ортаның үстіңгі жағында аэробтар өседі, ал
төменгі жағында анаэробтар өседі.
Шаншу сызығы:
жаппай,
тізбек тәріздес, шырша тәріздес (тік немесе аударылған), қауырсын
сықылды және т.б.
Сұйылтуы:
жаппай воронка тәріздес, кратер сықылды, шұлық тәріздес және т.б.
Газ түзуі:
газ көпіршіктері түзіледі немесе олар болмайды. Жоғарғы температурада желатин
өздігінен сұйылады.
Достарыңызбен бөлісу: