Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет138/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Қан сарысуы.
 
Ауру қоздырғыштарының типтерін анықтау үшін
биофабрикадан шығарылған телімді қан сарысулары қорабында
көрсетілген жұмыс титрінен екі еселенген мөлшерде алынады. Егер,
қорапта көрсетілген титр 1:40 болса, жұмыс титрі 1:20 алынады.
Антигендер.
 
Биофабрикадан шығарылған ауру қоздырғыштарының
телімді антигендері де екі еселенген сұйылтымда қолданылады. Антиген
қорабында көрсетілген сұйылтым 1:6 болса, қолданылатын сұйылтым
1:3 құрайды. 
Зерттеуге алынған антиген ретінде жануарлардан алынған
патологиялық материалдары (ауруға шалдыққан малдардан алынған
үлгілер, биосынама қойылған зертханалық тышқандар мен қояндардың
ұшалары), құрамында вирусы бар өсінді сұйықтығы. Комплементті
байланыстыру реакциясында зерттеуге алынған антигенді бүтіндей (33%
суспензия) және 1:2, 1:4, 1:8 сұйылтымдарда тексереді.
114


Құрамында вирусы бар өсінді сұйықтықтарынан антигендерді алу
үшін, оларды 2-3 сағат бойы –20ºС температурада қатырып, еріткеннен
кейін сұйықтықты 15 минут бойы 3000 айн/мин центрифугамен
тұндырады. Тұнба сұйықтығын +58ºС-де белсенділігін жойған соң қайта
тұндырып, оны КБР-да антиген ретінде қолданады. 
Негізгі зерттеуді жүргізу.
 
Вирустардың типін анықтау үшін негізгі
зерттеумен қатар, бақылау – барлық телімді антигендер мен қан
сарысулары қойылады. 
Реакцияны қою үшін компоненттер келесі кезекпен құйылады: 1)
жұмыс титріндегі барлық телімді қан сарысуларының әр қайсысы бір
қатарға (тігінен) 0,2 мл мөлшерінде; 2) жұмыс титріндегі антигендер
бірінші қатардағы түтікшелерге (көлденеңінен) 0,2 мл мөлшерінде, әр
антиген бір қатарға; 3) зерттеуге алынған антиген 0,2 мл мөлшерінде, әр
сұйылтымға бір қатар түтікшеден (көлденеңінен); 4) физиологиялық
ерітінді соңғы қатардағы түтікшелерге, антигеннің орнына,
көлденеңінен (қан сарысуының бақылау) және қан сарысуының орнына,
тігінен (антигендердің бақылауы) 0,2 мл мөлшерде; 5) жұмыс
сұйылтымындағы комплементті 0,2 мл-ден барлық түтікшелерге.
Түтікшелерді ақырын шайқап, +37-38ºС температураға реттелген су
моншасында 20 минут ұстайды; 6) барлық шыны түтікшелерге 0,4 мл-
ден гемолиттік жүйені қосып, шайқағаннан кейін қайта су моншасына
(+37-38°С) 30 минутқа қояды. Реакцияны су моншасында тұрғаннан
кейін 5-10 минуттан соң оқиды және соңғы нәтижені 10-12 сағаттан
кейін анықтайды. Гемолиздің тежелу дәрежесін келесі көрсеткіштер
бойынша бағалайды: ++++ - 100% гемолиздің тежелуі; +++ - 75%
гемолиздің тежелуі; ++ - 50% гемолиздің тежелуі; + - 25% гемолиздің
тежелуі; – - толық гемолизге ұшырауы. 
Егер зерттеуге алынған антиген телімді антиденелерге тән болса –
гемолиз тежеліп, реакция оң болады; ал антигенге телімді антиденелер
болмаса – реакция теріс болып, толық гемолиз байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет