Шешек вирусы ауру малдардан сау малдарға түрлі жолдар арқылы
тез таралады. Экспериментальды жолмен де тез жұғады. Кейбір шешек
вирустары тауық эмбриондарының хорионаллантоисты қабықшасында
некротикалық түйіндерді түзе отыра көбейе алады (түрлі вирустардың
морфологиясы түрліше болады). Сонымен қатар шешек вирусына тән
жануарлардан алынған алғашқы жасуша өсінділерінде де көбейеді.
Шешек вирусының антигендері ИФР мен ДПР көмегімен анықталады.
Шешек ауруын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана
жағдайында микроскопиялық зерттеуге, вирустарды бөліп алуға,
гистологиялық зерттеулерге және ауруды анықтаудың қосымша әдістері
ретінде иммунды флуоресценция, вирустарды бейтараптау,
диффузиялық преципитация реакциялары мен иммунды ферменттік
талдау пайдалануға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: