Микробиологиялыќ зертхана


ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ



Pdf көрінісі
бет258/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ
Шошқалардың африкалық обасы (
Pestis africana suum
) – жиі
жағдайда жіті ағымда өтетін, қызбамен, септицемиямен, токсикозбен,
тері цианозымен, геморрагиялық диатезбен, лимфоиты ұлпаларының
некробиозымен сипатталатын және шошқалардың өлімімен аяқталатын
аса жұғымтал вирустық ауру.
Ауру қоздырғышы ДНҚ-лы бар вирустар тобына,
Iridoviridae
тұқымдастығына жатады. Шошқалардың африкалық обасы вирусының
құрамында топқа тән комплементті байланыстыратын,
преципитиндейтін және түрге тән гемадсорбцияны тудыратын
антигендері бар. Бұл вирусты 1921 жылы алғаш рет Монтгомери
анықтаған.Вирус пішіні икосаэдрге ұқсас, көлемі 175-215 нм болады.
Шошқалардың африкалық оба вирусы кептіруге, мұздатуға және
қоршаған ортаның түрлі әсерлеріне төзімді келеді. Вирус нәжісте,
топырақта және етте 5-6 ай, өлекседе 2,5 ай, +37ºС-де 15-30 күн, +5ºС-де
5-7 жыл бойы сақталады. +56ºС-де қыздырғанда 1 сағатқа дейін
шыдайды. Вирус қышқылды және сілтілі орталарға төзімді келеді.
Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттардың әсерінен вирустар
4 сағаттан кейін инактивацияланады.
Шошқалардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық
деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық
өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға, шошқалардың классикалық
обасына қарсы иммунделген және иммунделмеген жануарларға жұқтыру
188


арқылы және серологиялық реакциялармен (ИФР, ДПР, КБР, ИФТ,
гемадсорбция реакциясы) анықтауға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет