Синтетикалық орталардың ішінен кең қолданыс тауып отырған
орталарға Игл мен 199 қоректік ортасы жатады. Игл мен 199 қоректік
ортасының құрамына 60-тан астам компоненттер: амин қышқылдары,
витаминдер, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, минералды
тұздар мен басқа да заттар кіреді. Барлық қоректік орталар мен кейбір
тұзды ерітінділердің сутегі иондарының концентрацияларын (рН)
анықтау үшін фенолды қызыл индикатор (0,002%) қосылады. Аз
мөлшерде қосылған индикаторлар жасуша өсінділері мен вирустарға
зиянды әсер етпейді. рН-ы төмендеген ортаның түсі сарғайса, рН-ы
жоғарлаған жағдайда орта қызыл-малина түске боялады. рН-ы қалыпты
(7,2-7,4) ортаның түсі қызғылт сары болады. Осы белгілерді ескере
отыра, ортаны дер кезінде ауыстырып отырады.
Қолданар алдында қоректік орталардың микрофлоралар мен
ластануын болдырмау үшін пенициллин мен стрептомицин (100 ӘБ/мл),
ал зең саңырауқұлақтармен ластануын тежеу үшін нистатин (0,1 мг/мл)
қосады.
Барлық қоректік орталар екі топқа бөлінеді: а) жасушалардың
тіршілігі мен өсуін қамтамасыз етуші, олардың құрамында 2-10% қан
сарысуы болады, бұл ортаны жасушаларды өсіруде қолданады; ә)
жасушалардың тіршілігін сақтайтын орта, мұндай орталарда жасушалар
көбеймейді, бұл ортаның құрамында қан сарысуы болмайды.
Ірі қара мал қан сарысуы жасушалардың
in vitro
жағдайында өсіруге
арналған қоректік ортаның ең негізгі компоненті болып саналады. Қан
сарысуының құрамында фетуин мен альбуминдердің фракциялары
болады, олар жасушалардың шыны бетіне бекітілуіне мүмкіндік береді.
Тәжірибеде ересек малдардың және жануарлар эмбриондарының қан
сарысулары кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: