Микробиологиялыќ зертхана


Фузариум (жетілмеген саңырауқұлақтар)



Pdf көрінісі
бет29/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Фузариум (жетілмеген саңырауқұлақтар).
Мицелилері ақ,
қызғылт немесе сары түсті болады. Олардан қысқа бұтақталған конидия
сақтаушылар таралады. Олардың кондиялары орақ тәріздес
(микроконидиялар) және сопақша түрде (микрокондиялар) болады.
Макрокондиялардың қалқалары болады, ал микрокондиялар көбінесе
қалқасыз күйінде кездеседі. Хламидоспоралар шар тәріздес, алмұрт
тәріздес шоғырланып немесе тізбектеліп орналасады. Олар ескі конидия
сақтаушыларының бойында, конидияларда түзіледі. Үлпілдек
мицелилері жақсы жетілген.
Фузариумдар табиғатта кеңінен таралған. Олардың көбі
жемістердің, көкөністердің бұзылуына себепкер болады, өсімдіктердің
жапырақтары сарғайып, олардың бетінде сұрғылт қызыл түсті жұқа
қабық пайда болады. Фузариумдар төменгі температураларда токсиндер
(зеараленон,Т-2 микотоксин және т.б.) түзеді. Зақымдалған
өсімдіктермен азықтанған малдар мен құстар уланады. Жануарлардың
күйі нашарлап, қозғалуы (координациясы) бұзылады. Фузариумдардың
микотоксині шошқалардың эстрогенизмін, аналық бездерінің
дегенеративтік өзгерістерін қоздырады да, бедеулікке әкеледі. Т-2
микотоксині ішек-қарын жолын, жүрек тамыр жүйесін, сонымен қатар
жілік майын, лимфа бездерін және басқа органдар мен ұлпаларын
зақымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет