Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі және субъектісі
Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бөлігі.
Микроэкономика – бұл экономикалық субъектілердің нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.
Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық мәселелері. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері – жекеленген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ біртұтас саласы.