Игіліктер пайдалылығы (utility of good) - бұл адамның бір
немесе
бірнеше
қажеттіліктерін
қанағаттандыратын
экономикалық игіліктердің қабілеттілігі. Ол жеке тұлғалық,
субъективті сипатта болады. Тұтынушы сатып алынған тауарлар
және кӛрсетілетін қызметтерден қанағаттану үшін қандай да бір
түрде пайдалылықты салыстыруы тиіс. XIX ғасырдағы
экономистер
жүргізген
зерттеулер
нәтижесінде
микроэкономикалық теорияда игіліктер пайдалылығын бағалау
кезінде екі амал түзілді: сандық (кардиналистік) амал және реттік
(ординалистік) амал. Бұл амалдардағы сұлбалық айырмашылық
3.2-суретте бейнеленген.