6.2 Қысқа мерзімді кезеңдегі ӛндіріс шығындары. Қысқа мерзімді кезең - бұл уақыт кезеңі кәсіпорын ӛзінің
ӛндірістік қуатын ӛзгертуі үшін тым қысқа, бірақ бұл тіркелген
қуаттарды пайдалану қарқынды- лығының дәрежесін ӛзгерту
үшін жеткілікті ұзақ.
Қысқа мерзімдегі шаруашылықты жүргізудің практикасында
шығындарды тұрақты және айнымалыға бӛлу жиі қолданылады.
FС тұрақты шығындары (fixed cost) - бұл ғимараттарды
күтуге, жерді жалға алуға, күрделі жӛндеуге кететін шығындар,
әкімшілікті-басқару
шығындары,
амортизацияға,
қызмет
кӛрсетуші персоналға тӛлеу, сақтандыру, жарнама, несие үшін
тӛлемдер және т.б. Олар қысқа мерзімдік кезеңде олардың
шамасы ӛндіріс кӛлемінің ұлғаюымен немесе қысқаруымен
байланысты ӛзгермейтін кезде тұрақты. Сондай-ақ олар ӛнімдер
мүлдем шығарылмайтын кезде де орын алады.