84
8.3-сурет - Ӛзін-ӛзі ӛтеушілік деңгейінде ӛндірісті
оңтайландыру
3)Залалдарды барынша азайту
Егер нарықтық баға орташа шығындардан тӛмен түсетін
болса, онда фирма залал шегетін болады.
Бірақ бұл жағдайда ол
ӛндірісті тоқтатпауы тиіс, сондықтан оны жалғастыра отырып, ол
тұрақты шығындар бӛлімінің орнын толтырады (8.4-сурет).
8.4-сурет - Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес
фирманың залалдарын барынша азайту
Сонда ғана баға минимум орташа айнымалы шығындардың
85
(AVC) деңгейіне дейін тӛмендейді,
фирма шығаруды тоқтатуға
мәжбүр болады, ӛйткені бағаның кез келген бұдан әрі қарайғы
тӛмендеуі кезінде залал ӛседі.
Осылайша, фирма егер баға орташа айнымалы
шығындардан
(AVC) тӛмен болса, әрдайым қысқа мерзімді кезеңдегі
залалдарын ӛндірісті тоқтату жолымен барынша азайтады.
Жүргізілген талдау берілген
баға жағдайында фирманың
нарыққа шығаруға дайын ӛнімдерінің мӛлшері шекті шығындарға
байланысты екенін кӛрсетеді.
Сондықтан, жетілген бәсекелес фирма ұсынысының қисығы
орташа айнымалы шығындардан (AVC) жоғары орналасқан шекті
шығындар (МС) қисығының ӛскен
кесіндісіне сәйкес келетін
болады. Ол 8.5-суретте кӛрсетілген.
8.5-сурет - Жетілген бәсекелес фирма ұсынысының қисығы
Достарыңызбен бөлісу: