Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысының соңы (1)
НҰСҚА № 2
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №1 (2)
1. Төмендегілердің қайсысын “ Микроэкономика” қарастырады:
А) бүкіл экономика масштабтағы өндірісті;
В) экономикадағы қатысушылардың санын;
С) бағалардың жалпы деңгейін;
D) қантты өндіру және бағаның динамикасын;
Е) жұмыспен қамтылғандар саны және жұмыссыздықтың деңгейін.
2. Өндірістік ресурстарды толық пайдалану кезінде бір тауарды өндірілу мөлшері жоғарласа, ол неге әкелуі мүмкін:
А) басқа тауарларды аз мөлшерде өндіруге;
В) басқа тауарларды көп мөлшерде өндіруге;
С) қажеттіліктің қысқаруына;
D) ресурстардың көбеюіне;
Е) тұрғындардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне.
3. Сұраныс пен ұсыныс функциялары берліген. QD = 44 – P (сұраныс функциясы), QS = 5Р – 4 (ұсыныс функциясы). Тепе – тең бағаны және көлемді табыңыздар.
А) 6 және 24;
В) 8 және 24;
С) 8 және 36;
D) 6 және 36;
Е) 5 және 35.
4. Ұсыныс қисығының оңға қарай орның ауыстырудың себебі:
А) сұраныстың азаюы;
В) салықтардың өсуі;
С) медициналық сақтандыруға міндетті есептеулердің азаюы;
D) ресурстар бағаларының арзандауы;
Е) ұсыныс икемділігінің азаюы.
5. Ұсыныстың бағалық емес факторларына не жатпайды?
А) экономикалық ресурстардың бағалары;
В) сөз болып жатқан тауар бағасының өзгерісі;
С) басқа тауарлардың бағалары;
D) өндіріс технологиясы;
Е) салықтар мен субсидиялар.
6. Қандай да бір игілікке нарықтық сұраныс төмендегілердің қайсысына тәуелді болады (дұрыс емес жауапты тап):
A) тұтынушылар табысына
B) тұтынушылардың көзқарасына
C) аталған тауардың бағасына
D) алмастырғыш тауарлар бағаларына
Е) икемділігіне.
7. Өндірушілердің тауардың белгілі бір көлемін сатуға келісу бағасы мен осы тауарды нақты сатқаннан түсетін ақшалардың айырмашылығы:
А) өндірушінің артықшылығы;
В) сұраныс заңы;
С) ұсыныс функциясы;
D) ұсыныс заңы;
Е) сұраныс функциясы.
8. Өнімге бағаның азаюы келесі себептер болуы мүмкін:
А) жеке кәсіпкерліккен салықтың өзгеруі;
В) тұтынушылардың табысының өсуі;
С) өндірістік ресурстарға бағаның төмендеуі;
D) өзара алмстырғыш тауарларға бағаның төмендеуі;
Е) дұрыс жауап жоқ.
9. Қара бидай ұнының бағасы төмендеген жағдайда:
А) ақ бидайға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды;
В) ақ бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды;
С) ақ бидайдың теңдестік бағасы жоғарылайды;
D) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы орындалмайды.
E) қара нан шығару доғарылады.
10. Сүттің бағасы өскенде кинокамераға сұраныстың жанама икемділігінің коэффициенті:
А) теріс;
В) оң;
С) ноль;
D) 1-ден жоғары;
Е) анықтау мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |