Кесте 2 Жетілген бәсекелік фирманың тиімді өнім өндіру көлемі туралы шешімі (екі адымды әдіс)
Кезең
|
Шекті шарт
|
Пайдамен тексеру
|
Қысқа мерзімді
|
Р=МС жағдайындағы өнім көлемін таңдап алу керек
|
Р≥AVC болған жағдайда ғана өнім өндіру керек. Егер P |
Ұзақ мерзімді
|
Р=LMC жағдайындағы өнім көлемін таңдап алу керек
|
Р≥LAC болса өнімөндіру керек, егер P < LAC болса өнім өндіруді доғару қажет.
|
Монополия үшін өнімнің максималды көлемін шығарғанда, пайданы максималдау шарттында, фирма өндірісті тоқтатпайды, егер шекті табысы шекті шығынға тең болса (MR=MC).
А МС
Р0
АТС
АТС
MR0=MC0 MR=MC
D
0 Q0 MR өнім көлесі
шығу көлемі
Монополия кезінде табысты максимизациялау шарты
АҒЫМДЫҚ ЖӘНЕ МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ
НҰСҚА №1
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №1 (1)
1. Аталғандардың қайсысын «Микроэкономика» қарастырады:
В) сұраныс заңы;
С) жинақтау заңы;
D) ұсыныс заңы;
Е) В және D жауаптары дұрыс.
2. Экономикалық таңдау проблемаларының туындау себебі::
А) адамдардың қажеттіліктері өзгереді;
В) адамдардың қажеттіліктері шектеулі;
С) адамдардың қажеттіліктері шектеусіз, ал өндірістік мүмкіншіліктер шектеулі;
D) адамдардың қажеттіліктері шектеулі, ал өндірістік мүмкіншіліктер шектеусіз;
Е) өндірістік мүмкіншіліктер шектеусіз, ал адамдардың қажеттіліктері өзгеріссіз.
3. Қазіргі нақты баға тепе-тең бағадан төмен делік. Бұл жағдайда:
А) тапшылық болады;
В) ұсыныс артықшылығы байқалады;
С) ұсыныс өзгереді;
D) сұраныс өзгереді;
Е) жағдай өзгеріссіз қалады.
4. Аталған мысалдарының қайсысында “сұраныс көлемінің өзгерісі” байқалады:
А) халық табысы өседі, нәтижесінде зергерлік бұйымдардың сату көлемі өседі;
В) “Toyota” бағасының өсу салдарынан “Chevrolet” моделінің сату көлемі өседі;
С) шаштараз қызмет көрсетудің бағасын көтерді, осыған байланысты оның клиенттерінің саны қысқарады;
D) барлық аталғанның бәрі “сұраныс көлемінің өзгерісі” болып табылады;
Е) тұтынушы күтімінің нәтижесінде.
5. Тауарға экономикалық сұраныс – бұл:
А) тұтынушылардың тауарды сатып алу ниеті;
В) қажеттіліктерді белгілеу түрі;
С) қажет болатын шығындармен есептелетін тауардың сатып алынуы;
D) сатып алушының объективті мүмкіндіктеріне (қаражатына) негізделген тұтынушының субъективті талабы;
Е) тұтынушының талабы бірнеше тауар сатып алу.
6. Ұсыныс қисығының оң жаққа ығысуы неден туындайды:
A) сұраныстың азаюынан
B) салықтың көбеюінен
C) медициналық сақтандыруға кететін міндетті төлемдердін азаюынан
D) дотациядан
Е) ұсыныстың икемділігінің азаюынан.
7. Бағаның өсуі сұраныстың азаюына әкелетін гипотеза, ол –
А) өнім өндірушінің артықшылығы;
В) сұраныс заңы;
С) ұсыныс функциясы;
D) ұсыныс заңы;
Е) сұраныс функциясы.
8. Ұсыныс қисығының өзгеруі мынадай себептерге байланысты болады (қате жауапты тап):
А) өндіріс технологиясына;
В) тауардың бағасына;
С) салық саясатына;
D) өндіріс факторларының бағасына;
Е)басқа тауарлардың бағасына.
9. Сұраныс пен ұсыныс функциялары берліген. : QD = 35 – 3P (сұраныс функциясы), QS = P – 1 (ұсыныс функциясы). Тепе – тең бағаны және көлемді табыңыздар.
А) 6 и 24;
В) 9 и 8;
С) 8 и 36;
D) 6 и 36;
E) 5 и 35.
10. Егер икемді сұраныс тауарының бағасы 15 ақша бірлігінен 17 ақша бірлігіне дейін өссе онда, онда табыс:
А) азаяды;
В) өседі;
С) өзгеріссіз қалады;
D) азаю да, өсуі де мүмкін;
Е) нақты жауап беру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |