Көктамыр ішіне енгізу кезінде медбике қолғапсыз жұмыс істеді, науқастың қаны қолдың зақымдалған терісіне тиді. Терінің ластанған аймағын 3% сутегі асқын ерітіндісімен өңдеу жүргізілді; басқа шаралар қабылданбады. Бір айдан кейін осы пациенттің ИФТ-ға АИТВ-ға оң нəтижесі келді. 1. Қоздырғыштың таксономиялық жағдайын, морфологиясын жəне ультрақұрылымын көрсетіңіз.
Тұқымдастығы: Retroviridae Туыстастығы: Lentivirus Вирустык бөлшек (вирион) сфера пішінді, диаметрі шамамен 100 нм. Вирустың гликопротеинді
тікенекшелермен шаншылған, екі қабатты липидтардан тұратын липидты қабықшасы бар.
Липидты
қабаты
вирус
реплицирленетін
жасушанын
плазматикалық
мембранасынан
құралады,гликопротеинді тікенекшелері вирустық gp120 жəне gp41 нəруыздардан тұрады.Олардың
жалпы ортақ ізашары gp 160. Гликопротеин gp 120 вирус қабатының беткейінде, ал гликопротеин
gp41 оның ішінде орналасады. Вирус жүрекшесі капсидтік р24 нəруыздан, р6 жəне р7 матристік
нəруыздардан жəне протеазадан тұрады. АИВ геномы - екі жіпшелі РНҚ (7900—9800 п.н.) жəне
негізгі 3 құрылымдық гендерден (gag, pol, env) жəне 7 реттеуші жəне функционалдык гендерден
(tat, rev, nef, vif vpr, vрu,vрх) тұрады. Репродукциялық процесс үшін вирустың кері транскриптаза
(ревертаза) ферменті болады. Ген gag (ағыл. group antigen - топтық антиген) матрикстік, капсидтік,
нуклеокапсидтік нəруыздарды жəне протеаза нəруздарын кодтайды. Ген роl ревертазаны,
интегразаны жəне РНҚ-азаны кодтайды. Ген еnу беткейлік гликопротеиндерді кодтайлы.gp160,
gp120 мен трансмембранды gp41-ден тұрады. Функционалдык гендер реттегіш қызметін
орындайды, репродукциялык процесі жəне вирустың инфекциялық процеске қатысуын
қамтамасыз етеді.АИВ өзінің беткейінде CD4-рецепторы жəне CCR5 CXCR4: Th (helper)
хемокинді рецепторы бар лимфоциттерді, макрофагтарды, фолликулярлы дендритті жасушаларды,
Лангерганс аралшаларынын жасушаларын,мидың микроглия жасушаларын инфекциялайды.