Микрош емтихат 2 курс docx


Науқас зəр шығару каналынан көп мөлшерде бұлыңғыр шырышты бөліністеріне



Pdf көрінісі
бет25/61
Дата17.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#191603
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
Ìèêðîø åìòèõàò 2 êóðñ docx
Қайталанатын және қайталанбайтын орналастырулар мен алмастырулар. Дәріс, 66-Правила-информирования-пациентов-об-их-правах-и-обязанностях, 166661, Сабақ жоспары Көмірсулардың жіктелуі , Решебник 2015, transfer-receipt-№18 16630796149, Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С., За четверть по предмету «русский язык и литература», СӨЖ тапсырмалары, 5 лекция, A28DE748-44AE-4B0B-9A1F-B8B4FB4274F8
Науқас зəр шығару каналынан көп мөлшерде бұлыңғыр шырышты бөліністеріне,
дызылдауына жəне зəр шығару кезіндегі шаншуларға шағымданды. Несепағар қабығының
бөліндісінен қырынды алынған. Биологиялық (дақылдандыру) əдіс қолданылды, оған
циклогексимидпен алдын-ала өңделген жасуша дақылын зерттеу материалымен жұқтыру
арқылы (несепағар қырындылары) жағынды препараттарды Люголь ерітіндісімен,
Романовский - Гимзе бойынша бояу əдістері қолданылды. Дəрігердің қойған диагнозы
«Хламидиоз».
1. Қоздырғыштың таксономиясын, осы микроорганизмнің морфологиялық жəне биологиялық
қасиеттерін сипаттаңыз
Тұқымдастық: Chlamydiaceae
Туыстастық: Chlamydiales
Түрі: C.trachomatis, C.pneumoniae, c.psittaci
Хламидиялар - Chlamydiales қатарына Chlamydiaceae тұқымдастығына жататын, майда грам-теріс
кок тəріздес облигатты-паразиттік бактериялар. Қазіргі кезде бұл тұқымдастықка скі туыстастық
кіреді, оларды антигендік құрылымы, жасуша ішілік қосындылары жəне сульфонали- мидтерге
сезімталдығы бойынша ажыратады: Chlamydia (C. trachomatis), Chlamydophila (C. pneumonia, C.
psittaci).«Хламидия» атауы (грек. chlamys - мантия) микробтық бөлшектердін айналасында
қабықша болатынын көрсетеді. Хламидиялардың барлық түрлеріне ортақ жалпы морфологиялық
ерекшеліктері, топтық антигендері, байланыссыз көбею циклы болады. Хламидиялар АТФ
синтездеу қабілеттілігін жоғалтқан грам-теріс бактериялар ретінде қарастырылады. Сондықтан,
олар облигатты жасуша ішілік энергетикалық паразиттер.
Морфологиялық жəне тинкториалдық қасиеттері. Хламидиялар - шар немесе сопақша пішінді,
майда, грам-теріс бактериялар. Споралар түзбейді, капсуласы жəне талшықтары жоқ.
Хламидияларды Романовский-Гимза əдісімен анықтайды. Боялу түсі тіршілік циклының
сатыларына байланысты: элементарлық денешіктер көкшіл цитоплазма фонында қою қошқыл
(пурпурный) түске, ал ретикулярлық денешіктер - ашық көк түске боялады.Жасуша қабатының
құрылымы грам-теріс бактериялардыкіне ұқсайды, дегенмен айырмашылығы бар. Оның
құрамында
нағыз
(типті)
пептидогликан
болмайды,
яғни,
N-ацетилмурам
қышқылы
жоқ.Жасушалық қабатының құрамына қосалкы сыртқы мембрана кіреді, ол ЛПС жəне
нəруыздардан тұрады. Құрамында пептидогликан жоқ екеніне қарамастан хламидиялардың
жасушалық кабаты серпінділік касиетке ие. Жасуша цитоплазмасы ішкі цитоплазматикалык
мембранамен қоршалған.Хламидиялардың сырткы мембранасын (НМ) талдау оның құрамына
ЛПС, сыртқы мембрананың негізгі нəруызды (МОМР) жəне сыртқы мембрананың ішкі беткейімен
байланысқан цистеинге бай Omp2 жəне Omp3 нəруыздары кіретінін көрсетті. С. рneumoпіа-ның
МОМР на қарағанда С. psittaci жəне C. trachomatis-тің ЛПС жəне МОМР-ы жасушаның сыртқы
беткейінде орналасады. Осы жерде С. psittaci- дің жəне С. рпеитопіа-ның молекулалық массасы
90-100 кД Pотp нəруыздары орналасады.Хламидиялар полиморфты, олардың репродукциялану
ерекшеліктеріне байланысты, хламидиялардың бірегей (екі фазалы) циклының дамуы тіршілік
етуінің екі түрде алмасып отыруымен сипатталады: инфекциялық түрі (элементарлы денешіктер -
ЭД) жəне вегетативті түрі (ретикулярлы, немесе инициалды, денешіктер - РД).Хламидиялар
құрамында РНҚ жəне ДНҚ бар. Ретикулярлы дене- шіктерде РНҚ 4 есе көп, ДНҚ-ға қарағанда,
элементарлық денешіктерге екеуінің мөлшері эквивалентті.
РД сопақша, жарты ай пішінді, биополярлы таяқшалар жəне кок- кабациллалар тəріздес болуы
мүмкін, мөлшері 300-1000 нм. РД инфекциялық қабілетке ие емес жəне бөліне отырып,
хламидиялардың репродукциялануын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет