Мынау шексіз ғаламда жеті милиардттан астам адам өмір сүреді. Қай елде, қай жерде болайық осы ғаламның тұрғындары бір адамның алдынан өтіп, қолына алғаш қалам ұстап, әріп үйреніп сауатын ашады



Дата27.11.2022
өлшемі17,14 Kb.
#160052
Байланысты:
Mұғaлiм


Mұғaлiм- мәpтeбeлi мaмaндық
Мынау шексіз ғаламда жеті милиардттан астам адам өмір сүреді. Қай елде, қай жерде болайық осы ғаламның тұрғындары бір адамның алдынан өтіп, қолына алғаш қалам ұстап, әріп үйреніп сауатын ашады. Алдына келген шәкірттің кеудесінен қақпай, құшағына басып, басынан сипап, бойына ізгілік пен мейірімділіктің жарық шамын жағып, білім нәрімен сусындататын ең игі дүниедегі мамандық атаулының төресі-Ұстаздар. Сан түрлі мамандықтың иесіне тәрбие беретін, оқытып үйретін аяулы жандар. Ұстаздан алып шыққан білім мен тәрбие кез келген жанның өмір жолына сілтейтін шамшырағы.
Меніңше, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейтін бақ. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санайды. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсе де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деген сөз ұстаздың аузынан шықпауы тиісті Нағыз ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүреді. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білім мен біліктілігімізді арттырып отырамыз. Заман бір орнында тұрмайды. Сағат сайын тіпті минут сайын қарыштап, үздіксіз дамуда.
Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет. Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын. Менің алдыма қойған мақсатым; Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып ,біліп жан-жақты білімді, ой өpici кең шәкірт тәрбиелеп шығару. Мақсатым орындалу жолында ізденудемін. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. Ұстаз бен шәкірт егіз ұғым. Бір бірінен ажырата алмайсың. Алдыңа келіп отырған әр оқушының болашағы, білімі сенің қолыңда. Сондықтанда ұстаздар әр уақытта да үлкен ізденісте болуымыз шартты. Білім алмасу, жаңа технологияларды игеру сияқты ізденісте болуымыз керек. Шәкірттің сенен де озып бір биік шыңды бағындырғанын, шын ниетпен адал жүрекпен қалайсың. Ұстаздан шәкірті озыпты деген сөзді естудің өзі бір керемет емеспе?
Бүгінгі таңда менде бар білгенімді оқушыларымды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстазбын. Ұстаз болғанымды үлкен мақтаныш санаймын. Адам баласы қандай қоғамда өмір сүрмесін болашаққа бағдар жасайтын мұғалімнің адал еңбегін лайықты бағалау керекпіз. Шәкірт үшін ұстаз деген жәй ғана сөз емес, ең ұлы сыйлы сөз болуы тиіс. Әрбір ұстаз осы сөзге лайықты қызмет жасауы, ұстаздық етуі маңызды деген тұжырымды ұстанамын. Біздің қоғамда ұстаздың мәртебесіне, қоғамдағы орнына лайықты баға беруде. Ұстаз- мемлекет пен қоғамның арасындағы алтын көпір. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы—ұстаздың бүгінгі тәлімінде. Елімізде 2019 жылдың соңынан бастап мұғалімдерге ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осы орайда ел арасындағы мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға 2019 жылдың 31 желтоқсанында қол қойған болатын. Осы заң негізінде іс жүзінде де, заң жүзінде біраз жұмыстар атқарылды деп ауыз толтырып айта аламыз.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп,аса жоғары қастерлеп,бағалаған.Ұлы Абай –Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады десе,чехтің педагогы Я.А. Каменский –Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз жалын иесі деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін ,үлгі ететін,абыройлы жан. Oлap ұстазының бүкіл іс-қимылына ,жүріс-тұрысына,сөйлеу мәнеріне,адаммен қарым-қатынасына еліктейді.Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер,жігерлі де батыл,өзіне сенімді ұстаздың мерейі де,мәртебесі биік тұрсын демекпін,Сондықтанда менің айтарым Мұғалімнің мәртебесі ешқашан да түскен емес,түспейді де.
Мен үшін ұстаз мәртебесі өз қолыңда деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет