Минералды шикізатты базасы


Түсті металлургияда марганец легирлеуші элемент ретінде қолданылады



бет5/14
Дата21.05.2020
өлшемі1,12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Түсті металлургияда марганец легирлеуші элемент ретінде қолданылады.

Қазақстандағы ірі кен орындары: Үшқатын 3, Батыс Қараажл, Жез.
Түсті және легирлеуші металдар

Алюминий – ақ-күмісті түсті, жеңіл, пластикалы және тағалатын, химиялық белсенді металл.

Алюминийдің басты кендері – бокситтер, нфелиндер мен алуниттер. Өндірісте көбінесе жоғары сапалы, төмен кремнийлі бокситтер (Al2O3 – 40-60 %; SiO2 – 2-5 %) қолданылады. Бұл боксит алдын-ала байытылмай-ақ ылғалды сілтілік әдісімен (Байер процесі) өңделеді.

Ал нефелиндерді күйдіру әдісімен өңделеді. Нефелин құрамында алюминий оксидінің мөлшері төмен (30 %) , ал кремнеземның мөлшері тым жоғары (40 %-дан астам), сондықтан нефелиндерден глиноземды алу қолайсыз болып саналады.

Қазақстанда сенімді минералды-шикізатты қорлары: Батыс-Торғай, Орталық-Торғай, Шығыс-Торғай, Ақмола, Екібастұз-Павлодар, Солтүстік-Көкшетау, Оңтүстік-Қазақстан.

Қазақстанда глиноземнан басқа 1-ші сортты күкіртқышқылды техникалық – өндірістік, сарқынды, ас суларын тазарту үшін коагулянттік эффективтігі жоғары – алюминий өндіріледі.
Мыс – ақшыл-қызғыл түсті металл.

Әлемдік қорының шамамен 90 % 4 сульфидке тіреледі - халькопирит CuFeS2 (34,5 %), борнит Cu5FeS4 (52-65 %), халькозин Cu2S (79,8 %).

Кешенді мыс кендерінде – мыс минералдарынан басқа темір, қорғасын, цинк, молибден, жиі күшәна мен сурьма, кейде алтын, күміс, селен және тағы басқа қосылыстар кездеседі.

Қазақстандағы негізгі өндірістік түрлері:

- мысты құмдар мен сланецтер (Жезқазған)

- мысты-порфирді (Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы)

- скарді кендер (Саяқ)

Барлық кен орындарынан аса маңыздылары:

- мысты құмдар (51 %): Жезқазған, Жаман-Айбат;

- мысты-порфирді (26,5 %): Қоңырат, Бозшакөл, Нұрқазған;

- мыс-колчеданды кен орындар (14,5 %): Көктау, Приор

- скарді (7,9 %): Саяқ 1, Тастау

Өңделген мыстың жартысы электротехникалық салаларында қолданылады. 20 % түрлі арнайы өндірістік құрылғыларды дайындауға қолданылатын өнеркәсіптерге, 10 % құрылысқа және көліктік өнеркәсіптеріне жіберіледі.
Сынап – ақ-күмісті түсті металл.

Табиғатта таза түрінде де, минералдар түрінде де: киноварь HgS (86,21 %), таза снап Hg (до 100 %), метациннабарит HgS (86,21 %) кездеседі.

Қазақстан жерінде таза сынап кен орындары әлі күнге дейін белгісіз. Кешенді кендер қорлары 9 кен орындарында табылған: Жайрем (93,9 %), Қарағайлы, Риддер-Сокол, Зырян, Грех; меңгеруге дайындалатын: Үшқатын 3 және Бестөбе; резервті кен орындары: Үшқатын 1 және Алайсыр.

Сынап қуаттылығы өте жоғары болатын лампаларын, УФ-сәулелену көздерін, радолампаларын, диффузионды вакуум-сорғыларын дайындауда кең қолданылады.

Сынапты қолданудағы кемшілігі: улы зат.
Цинк – ақшыл-көк түсті, орташа қаттылығы болатын металл.

Цинктің негізгі минералдары сульфидті кендерінде – сфалерит ZnS – кездеседі.

Қазақстанда цинк пен қорғасын қорлары бар 38 кен орындары табылды, оның ішінде 20 ең маңыздысы. Олар:

- Шығыс Қазақстан 9 (Малеев, Орлов, Николай, Риддер-Сокол, Ново-Лениногрск);

- Орталық Қазақстан 6 (Жайрем, Жезқазған, Абыз, Майқаин, Қосмұрын);

- Оңтүстік қазақстан 2 (Шалқия, Талап);

- БатысҚазақстан 2 (Көктау, Приор);

- Солтүстік Қазақстан (Шаймерден)


Сирек элементтер

Галлий – ақ-күмісті түсті жеңіл балқитын металл.

Жоғары сапалы галий Павлодарлық алюминий зауытында алюминатты ерітілерден галийді шығару әдісімен алынады.

Қолданылауы: жартылайөткізгіш материаолдар мен құрылғыларды дайындауда; галлий арсениді кремнийге қарағанда элементтердің орналасу тығыздығын жақсырақ анықтай алады.

Галлийді бокситтер, нефелиндер мен цинкті концентрат кендерінен алынады.



Асыл металдар

Алтын – әдемі сары түсті, ауыр, жұмсақ, өте пластикалы, химиялық жағынан инертті металл.

Химиялық таза түрде сирек кездеседі.

Алтын және оның қоспалары жанасулар дайындауда кең қолданылады. Эпиксальді технологияларға салынған жұқаөткізгіш алтын қабаттары интегралды электрлі сызбаларда ішкі өткізгіш ретінде қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы алтын орын кендері:

- басты алтын қоры (96,5 %) – Солтүстік Қазақстан (Жетіғар, Көкшетау);

- Орталық Қазақстан (Майқаин, Солтүстік-Балхаш, Шыңғыс-Тарбағатай, Сарысу-Теңіз);

- Шығыс Қазақстан (Қалбин, Рудный-Алтай);

- Оңтүстік Қазақстан (Заиль, Жоңғар, Шу-Илий).

Бүгінгі күнге Қазақстан жерінде 360 кен орны табылды.
Металл емес пайдалы қазбалар

Балқымалы шпат (флюорит) – CaF2 құрамды минерал (құрамында 48,67 % фтор, 51,33% кальций) – жасыл, сары, кейбір кезде түссіз минерал.

Балқымалы шпаттың бірнеше түрлерін айырады: қарапайым флюорит; хлорофан – балқымалы шпат, күйдіргенде жасыл түске айналады; ратовкит – жерлі немесе жұқадәнді балқымалы шпат.

Қазақстанда балқымалы шпаттың 4 жеке кен орны – Тасқайнар, Құланкетпес, Солнечное, Қаражал – табылды.

Қолданылуы: металлургиялық және химиялық өнеркәсіпте, атомдық энергетика және т.б. Біраз мөлшерінде фторлы тұздарын – криолит пен фторлы алюминий, сонымен бірге фторсутекті қышқылы, фторлы сутегін – алу және оптикалық флюоритінің кристалдарының өсіру өндірісінде қолданыла алады.


Фосфор. Фосфордың 3 түрлі аллотропиялық модификациясын айырады: ақ (сары) кристалды, қызыл және қара.

ҚР-ғы фосфор өндірісінің негізгі минералды шикізат қоры Қаратау бассейнінде орналасқан. Бұл жерде 45 кен орындары табылған, ның ішінде 11 кен орны аса маңызды болып саналады: Жаңатас, Шолақтау, Ақсай, Көксу, Көкжол, Герес және т.б., олардың қоры Қазақстан Республикасындағы барлық қорынан 82,5 % құрайды.

Фосфор қышқылы – түрлі тыңайтқыштардың, жем фосфориттердің және басқа өнімдер өндірісінің негізі. Олар екі түрлі әдісімен алынады: экстракциялық және термиялық.
Тест тапсырмалары

1. Қазақстанда алынатын және өндірілетін минералды шикізаттары

А) темір, маргане, хром, алюминий

В) сынап, темір, титан, цирконий

С) мұнай, көмір, темір, алмаз

D) күміс, алюминий, гелий, иттрий

E) никель, кобальт, вольфрам, молибден
2. Темір кендері қандай топтарға бөлінеді

А) доменді және мартенді

В) доменді және магнетитті

С) мартенді және магнетитті

D) магнетитті және гематитті

E) гематитті және доменді


3. Павлодарлық алюминий зауытында қандай жоғары сапалы минерал алынады

А) галлий

В) гелий

С) цинк


D) мыс

E) берилий


4. Қазақстандық алтын орын кендерінің ең басты қоры қай жерде орналасқан

А) Солтүстік Қазақстанда

В) Оңтүстік Қазақстанда

С) Батыс Қазақстанда

D) Шығыс Қазақстанда

E) Орталық Қазақстанды


5. Фосфордың неше аллотропиялық модификациясы белгілі

А) 3


В) 4

С) 1


D) 5

E) 2
6. Балқымалы шпаттың екінші атау

А) флюорит

В) мочевина

С) карбамид

D) ортофосфор

E) магнетит



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет