Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


кесте –оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлер



бет13/18
Дата27.10.2022
өлшемі69,77 Kb.
#155208
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Д ріс 8-9 Мінез- лы ты ж не эмоционалды проблемалары бар бала

2 кесте –оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлер
3 кесте ‒ критериалды бағалаудың қағидаттары.

МШ бар балалардың жетістіктеріндегі тексеруге жататын көрсеткіштер олар үшін мәнді өмірлік құзыреттіліктермен толықтырылуы мүмкін, олар:


− өзінің мүмкіндіктері мен шектеулері туралы сай түсініктің қалыптасуы; − ересектермен және айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа түсу қабілеті;
− күнделікті тұрмысында әлеуметтік-тұрмыстық біліктердің болуы;
− байланысқа түсу дағдыларын және әлеуметтік өзара әрекеттесуде көпшілікпен қабылданған ресімдерін меңгеруі;
− әлеуметтік ортасын, ондағы өзінің орнын түсіну, жасына сәйкес құндылықтарды және әлеуметтік рөлдерді қабылдауы.
Балалардың белгілі бір топтары үшін олардың дамуындағы сапалы және санды сипаттамаларды көрсететін өмірлік құзыреттіліктерді бағалау критерийлері қажет.
Көру, есту қабілеттерінде, тірек-қимыл аппаратында күрделі бұзылыстары, психикалық дамуында тежелулері бар балалардың санатын да ескеру қажет.
Олардың жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелері бастауыш жалпы білім деңгейіне сәйкес келмейді. Ондай балалар жоғары сыныптардағы білімін бастауыш сатыға сабақтас бағдарламасына сәйкес бағдарлама бойынша жалғастыра алады. Жетістіктерді формальды бағалауға балалардың бұл санаты жатпайды. Алайда, осы топтағы балалардың білім сапасына мониторинг міндетті болуы тиіс.
Осыған орай, МШ балалардың түрлі топтарындағы шынайы жетістіктер туралы объективті қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін критерийлер, көрсеткіштер және индикаторлар жүйесінің нақты тізбегі болатындай бағалаудың жүйесін түзу маңызды.
Білімділік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау маңызды құрамдас ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығының Қазақстанда дамуы мақсаттарының және іс-қимылдарының негізгі бағыттары қатарына қосылған. Оның адаммен жүре қабылданатын қабілетін түсіне отырып, «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспарында» қарастырылған жеті түбегейлі құзыреттілікті келтірейік:
1. Жеке тұлға құзыреттілігі – өзін-өзі ұйымдастыруға, өз бетінше жетілуге, өз бетінше өмірлік және кәсіби бағдарын анықтауға, өзін-өзі танытуға, толеранттылыққа қабілеттілік.
2. Азаматтық құзыреттілік – түрлі өмірлік жағдайларда өзінің айқындамасын білдіргенде өзінің отаны үшін жауапкекершілік алуға, қазақстандық сана-сезімін көрсетуге қабілеттілік.
3. Әлеуметтік құзыреттілік – әлеуметті бейімделуге және қоршаған ортамен өзара табысты әрекеттесуге қабілеттілік.
4. Басқарушылық қабілеттілік – түрлі өмірлік жағдайларда өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі басқаруға және түрлі мәселелерді шешуге қабілеттілік.
5. Коммуникативтік құзыреттілік – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша өнімді коммуникацияға (қатынасға) қабілеттілік.
6. Ақпараттық құзыреттілік – өз бетінше танымдық қызметке қабілеттілік, өмір бойында білім алуға икемі.
7. Технологиялық құзыреттілік – технологияларды, соның ішінде ғылыми, санды түрлерін ұтымды пайдаланушы деңгейінде қолдану қабілеттілігі.
Білім беру саласындағы мәнді басымдылықтар деп іріктелген жеті құзыреттіліктің жиынтығы мектеп оқушысының мектепте оқуы барысындағы түрлі кезеңдерінде өмірлік тіршілігіндегі дайындығы үшін қажетті функционалдық сауаттылықты білдіреді. Ол мектеп алды және мектептегі білім деңгейлері бойынша нақтыланып, сонымен қатар қайсыбір құзыреттіліктері әлдебір оқу пәнінің шеңберінде үстем танылады .
Арнайы сыныптардағы білім беру процесі оқуда, тәрбиеде және түзетедамыту жұмысындағы сараланған және жеке ықпал қағидаттарын сақтаумен іске асырылады. Түзету компоненті бойынша оқу бағдарламалар оқушыларды өмірге тікелей қосуға дайындауға деген еңбек қызметі мен әлеуметтікбейімдеуші бағдарына, жүріс-тұрыс нормаларын, әдеттегі гигиеналық, коммуникативтік, тұрмыстық дағдылардан бастап, күрделі әлеуметтік дағдыларға дейінгі әлеуметтік өмір үшін қажетті болатын сәйкес дағдылары мен әдеттерін шыңдауға деген практикалық және түзетуші бағдарына ие.
Білімділік жетістіктердің нәтижелері мүмкіндіктері шектеулі (МШ) балалардың білім сапасын бағалау үшін мәнді болып табылады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауға көзқарастарды анықтағанда келесідей қағидаттарға негізделген жөн:
− білім алушылардың негізгі білімділік аясы, соның ішінде оларды жасы мен даму мүмкіндіктеріне сай келетін өмірдің барлық маңызды салаларына қосу үшін қажетті болатын әлеуметтік тәжірибесі (өмірлік құзыреттіліктер) бойынша академиялық білімдердің меңгерілгенін бағалауды көздейтін негізгі білімділік бағдарламаның мазмұнын меңгерудегі білімділік жетістіктерін бағалаудың кешенділігі;
− ДМШ (даму мүмкіндіктері шектеулі) балалардың даму және білімділік қажеттіліктерінің типологиялық және жеке ерекшеліктерін ескерумен жетістіктерін бағалаудың саралануы; − білім алушылардың психикалық және әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді, жеке қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерделеуді көздейтін олардың негізгі білімділік бағдарламаның мазмұнын меңгерудегі жетістіктерін бағалаудың динамикада болуы; − түрлі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жетістіктерін бағалауда объективтілікті қамтамасыз етуге қабілетті болатын білім алушылардың білімділік бағдарлама мазмұнын меңгеруіндегі жетістіктерді бағалау параметрлерінің, критерийлерінің және құралдарының бірыңғай болуы.
МШ балаларға білім берудегі тұтас процестің негізгі заңдылықтарын көрсетіп, бұл қағидалар өзара тығыз байланыста жүріп, бір уақытта олардың біліміндегі нәтижелерді бағалауды жүзеге асыру процесінің түрлі қырларына қатысты.
Арнайы педагогикада негізгі функцияларға:
қадағалаушы: жеке оқушының (сыныптың, топтың) жетістік деңгейін, жаңа материалды меңгеруге дайындық деңгейін анықтайды, сәйкесінше бұл педагогке оқу материалын жоспарлауға және түсінікті баяндауға, қажетті жеке көмекті дер кезінде ұйымдастыруға, туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік беруді;
оқу-түзетуші: жаңа материалды зерделеу дайындығына, оның меңгерілуіне, қайтып өңделуіне, білімдерді нақтылап, тереңдетуге, оларды жүйелеуге, алған біліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған білімділік жетістіктерін бағалаудың арнайы ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді;
диагностикалық-түзетуші: білім алушыда оқу процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін айқындайды, білімді меңгерудегі ақаулықтарды анықтайды, оларды жобға бағытталған түзетулерді енгізуді;
ынталандырушы-мотивациялық: оқушылардың білімділік жетістіктерін бағалаудың арнайы ұйымдастырылуын анықтайды, өзінің көрсеткен нәтижелерін жақсарту қалауына түрткі болады, белсенділікті дамытып, оқудағы оң мотивацияларды қалыптастыруды;
− дамытып тәрбиелеуші: сақталған анализаторларын (талдағыштарын) қолданып, өз бетінше және үңіліп еңбектену икемдерінің қалыптасуына, бақылау және өз бетінше бақылау, оқу қызметіндегі рефлексия амалдарын қолдануға ықпал етуді жатқызады.
Бағалау жүйесін әзірлеуде білім алушылардың дайындық деңгейіне МЖМБС-да келтірілген талаптарға бағдар алу қажет.
Білім алушылардың дайындық деңгейлері үш аспектіні қамтумен бағаланады:
1) жеке (тұлғалық) нәтижелер;
2) жүйелі-әрекетті нәтижелер;
3) пәндік нәтижелер.
Жеке (тұлғалық) нәтижелер білім алушының тәрбиеленуінің, әлеуметтенуінің, рухани, шығармашылық және дене дамуының психологиялықфизиологиялық мониторингі нұсқасында қадағаланып, оның портфолиосында тіркеледі. Жүйелі-әрекетті нәтижелер білім алушының пәнді олимпиадалар, таңдауы бойынша курстар бойынша жетістіктері, оқу шығармашылық жобаларын орындауы, сонымен қатар зерттеуші қызметінің басқа да түрлері бойынша анықталып, оның портфолиосында тіркеледі.
Пәндік нәтижелер білім алушының орта білімнің базалық мазмұнын меңгеру бойынша білімділік және іс-әрекеттік дайындығында көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет