Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы



бет6/18
Дата27.10.2022
өлшемі69,77 Kb.
#155208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Д ріс 8-9 Мінез- лы ты ж не эмоционалды проблемалары бар бала

Қысқартылған оқу бағдарламасы - оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрастырылған пән бойынша оқыту бағдарламасы
Жеке оқыту бағдарламасы - зияттық бұзылымдары бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламасы негізінде, зияттық бұзылымдары бар оқушылардың жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған пән бойынша оқу бағдарламасы
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ұжымдық келісілген әрекеттердің келесі кезеңдерін қамтиды:
- педагогикалық сауалды бағалау және оны талдау;
оқушының дамуын мамандар командасының (логопедпен, педагог дефектологпен, дәрігермен, әлеуметтік педагогпен) зерттеуі және бағалауы;
- оқушыны сүйемелдеудің жеке бағдарламасын құру (сүйемелдеу мамандарын анықтау, олардың жұмысының мазмұны, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар жағынан көрсетілетін көмек) және оны жүзеге асыру уақыты;
- психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру, оқушыны бақылау, қажет болған жағдайда оның мазмұнын түзету;
- оқушымен жұмыс нәтижелерін коллегиалды талқылау, оқушылардың оқудағы жетістіктерін зерттеу;
- оқушыны ары қарай да қолдау қажеттілігі туралы шешім қабылдау

Педагогикалық қолдаудың қажетті жағдайы ретінде тәртіптің толерантты мәдениеттілігін қоса отырып, жайлы және кедергісіз ортаны құру.


Құрамына ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі балалар кіретін білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің әрбір сатыларында төмендегі міндеттерді шеше отырып, жүзеге асырылады:
бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке бейімделуін қамтамасыз ету, оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу уәждерін дамыту, дербестік пен өзін реттеу қабілетін дамыту, «оқи білу» және қалауын қалыптастыруда қолдау, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін және әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту;
негізгі мектеп – оқушының негізгі мектепке көшуде қолдау, оқытудың жаңа талаптарына бейімделу, жеке тұлғалық және құндылықты-мағыналық өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау, жеке тұлғалық мәселелері мен әлеуметтендіру мәселелерін шешуде, өмірдік дағдыларын қалыптасыруда көмектесу, неврозды алдын ала емдеуде, ата-анасымен және құрдастарымен құрылымды қатынасты құрастыруда көмектесу;
орта мектеп – оқушыға бейінді бағдарлауда және кәсіптік тұрғыда өзін-өзі анықтауда, экзистенциалдық мәселелерді (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін іздеу, жеке бірдейлікке жету) шешуде қолдау, уақытша келешекті, мақсатты тұжырымдау қабілетін дамыту, психоәлеуметтік құзыреттілікті дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет