Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет185/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
қамтиды. Педагог осы құзыреттің көмегімен оқу пәндері мен білім 
беру салаларындағы, сондай-ақ қоршаған ортадағы ақпаратқа 
қатысты білім алушылар қызметінің дағдыларын дамытуды 
қамтамасыз етеді.
4 Коммуникативтік құзырет қажетті тілдерді, адамдармен 
және оқиғалармен өзара әрекеттесу тәсілдерін, топта жұмыс 
істеу тәжірибесін, ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді 
қамтиды. Педагог білім алушыларды өзін таныстыруға, хат, 
сауалнама, өтініш жазуға, сұрақ қоюға, пікірталасты қолдауға және 
т.б. үйретуі тиіс.
5 Кәсіби-педагогикалық құзырет. Педагогтің кәсіби-
педагогикалық құзыреті негізінде кәсіби қасиеттеріне мыналар 
жатады: педагогикалық эрудиция; педагогикалық мақсат қою; 
педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау; 
педагогикалық түйсік; 
педагогикалық импровизация; педагогикалық байқау; 
педагогикалық оптимизм, педагогикалық тапқырлық; педагогикалық 
болжау және педагогикалық рефлексия.
Қазіргі химия мұғалімі ғылыми дүниетаным, шығармашылыққа, 
дамуға ұмтылу, компьютерлік сауаттылық, кәсіби құзыреттілік, 
гуманитарлық лингвистикалық құзыреттілік, жеке қасиеттер, химия 
мұғалімі мамандығына қабілеттер, шығармашылық қызмет стилі, 
жоғары адамгершілік мәдениет, салауатты өмір салты сияқты негізгі 
құзыреттерге ие болуы керек [2, 35-47 б.].
Құзыреттіліктің мәнін түсінудің әдісі бұл категорияның жалпы 
біліммен де, кәсіптік біліммен де бірмәнді сәйкес келмейтіндігінде 
жатыр. Құзыреттілік негізгі біліктілікпен байланысады және 
сонымен қатар, адамға бір ғана мамандықпен шектелмеген 
мәселелердің кең ауқымын шарлауға мүмкіндік береді. Бұл өз 
кезегінде жеке тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығын, 
өзгерістерге және шығармашылық ізденімпаздылыққа ашықтығын, 
өзін-өзі таныту мен білімін жаңартуға дайындығы мен қабілетін 
қамтамасыз етеді [3, 42 б.].
Химия пәні мұғалімінің кәсіби дамуы жалпы, химия-
педагогикалық жоғары кәсіптік білім беру, қосымша кәсіптік 
педагогикалық білім беру және өзін-өзі дамыту кіші жүйелерінен 
тұратын ашық, күрделі, сызықтық емес дамушы жүйе болып 
табылады. Қосымша кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесі 
дамыту үшін жағдай жасай отырып, мұғалімді кәсіби қалыптастыру 
процесінде жетекші рөл атқарады. Өзгермелі жағдайларға 
бейімделетін, үздіксіз, жүйелілік, әртараптандыру, рефлексивті 
басқару және субъектілік қағидаттарына негізделген қосымша 
кәсіптік педагогикалық білім берудің функционалдық және 
нәтижелі жүйесі мұғалімдердің кәсіби қалыптасу процесінің 
тұрақтылығы мен нәтижелілігіне себепші болады.
Қосымша кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесіндегі 
мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту процесінің құрылымына 
сүйене отырып, осы жүйенің негізгі функцияларын бөліп көрсетуге 
болады: оқу-танымдық, инновациялық-қызметтiк, ұйымдастыру-
әдiстемелiк және диагностикалық-дәлелдеу. Бұл функциялар 
ішінара бір-бірімен байланысты: олардың көрініс табу және іске 
асырылу салалары жүйенің барлық буындарына тән - орталық, 
өңірлік, мектептегі және өзіндік білім беру жүйелерімен ұдайы 
қиылысады. Сондықтан мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту 
проблемасына кешенді тәсілді пайдалану маңызды. Алайда 
қосымша кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесінде химия пәні 
мұғалімін курстық даярлау жүзеге асырылатын шектелген мерзімдер 
педагогтың педагогикалық құзыреттерді жетілдіру саласында да, 
пәндік құзырет саласында да танымдық қажеттіліктерін жеткілікті 
дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді [4, 191 б.].
Мұғалімнің кәсіби қызметі адам қызметінің ерекше түрі болып 
табылады. Оның ерекшелігі оқушы тұлғасының қалыптасуына 
негізделеді. Мұғалімнің іс-әрекетінің мақсаты - тұлғаға әсер етудің 
оң түрлендіру процесі ретінде жоспарланған іс-әрекеттің түпкілікті 
нәтижесін саналы түрде көру.
Химия мұғалімі қызметінің негізгі компонентін, яғни осы 
мамандыққа тән тұлғааралық өзара әрекеттесуге байланысты 
оқушылардың іс-әрекетін рефлексивті басқару процесін бөліп айту 
қажет. Мұғалім іс-әрекетінің спецификалық ерекшелігі - өзінің 
табиғаты бойынша метабелсенді болуы. Мұндағы мұғалімнің 
міндеті - оқушыны өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде бағыттау, 
оның өз бетінше мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін ішкі білімін, 
сенімін, белсенділігі мен іс-әрекетін қалыптастыру. 
Заманауи мұғалімге икемділік пен стандартты емес ойлау, 
өмір жағдайының жылдам өзгеруіне бейімделе білу қабілеті қажет. 
Ал бұл өз кезегінде кәсіби құзыреттілік пен кәсіби қабілеттердің 
жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырылады [1, 236-238 б.].
Химия мұғалімінің пәндік құзыреттілігі химия пәні бойынша 
білім беру саласындағы табысты кәсіби қызмет үшін қажетті 


342
343


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет