«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
// Детство в контексте культуры и образования: Материалы X
международной конференции «РебеноК в современном мире.
Культура и детство» - СПб.: Изд.-во СПбГПУ, 2003. - С. 450-459.-
0,6 п.л.
5 Пак М.С. Методология модернизации непрерывного
образования / М.С. Пак, Н.М. Дергунова [и др.] // Методология
и методика научных исследований в области биологического и
экологического образования: Сб материалов Ш
6 Талызина Н.Ф. Теоретические основы контроля в учебном
процессе Текст. / Н.Ф. Талызина. -М.: Знание, 1983. 96 с.
7 Дергунова Н.М. Система экспериментальных задач на
распознавание веществ / Н.М. Дергунова // Химия в школе. 2000.
- №1. - С. 62- 64.
8 https://multiurok.ru/blog/samokontrol-uchashchikhsia-v-nachal-
noi-shkolie.html
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ТАНЫМДЫҚ
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ РӨЛІ
МАРАТҚЫЗЫ Н.
Магистрант, Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
УНЕРБАЕВА З. О.
п.ғ.к., доцент Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Мақалада мектептегі химия курсында танымдық тапсырмаларды
қолдану мүмкіндіктері, олардың ерекшеліктері қарастырылып,
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ұсынылатын
электрондық қосымшалар сипатталған. Орта мектеп оқушыларының
танымдық қызығушылықтарын компьютерлік технологиялар
арқылы дамытудың негіздері қарастырылған, сонымен қатар химия
сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін
мұғалімдерге практикалық кеңестер мен ұсыныстар берілген.
Кіріспе. Білім беру процесінде оқушылардың химия пәніне
деген қызығушылығын арттыру үшін, олардың оқу процесі
кезінде танымдық белсенділік танытуда оқушылардың жеке бас
ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы белсенділігін, ынтасы
мен шығармашылығын дамытуға негіз болатын танымдық
тапсырмаларды орындату негізгі мәселе болып табылады.
Қазіргі кезде білім беру технологияларын дамыттық, бірақ сол
технологияны қолданатын адамды дамытуды ұмыттық. Сондықтан
бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып табыады. Соңғы жылдары
оқушылардың жаратылыстану, оның ішінде химия пәндеріне деген
қызығушылықтары төмендегенін байқауға болады, бұл қазіргі
білім берудің проблемасы. Бұл құбылыстың себебі химия сабағы
оқушылар үшін түсінуді ғана емес, есте сақтауды қажет ететін жаңа
ақпаратпен толыққаннын айта аламыз. Бұл мәселені шешу үшін,
менің ойымша, компьютерлік технологияны қолдану қажет.
Оқу процесінде танымдық тапсырмаларды қолдану адамзаттың
ұзақ уақыт бойы жинақтаған білім, білік және дағдыларын беруді
жеделдетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді. Дәл қазіргі оқу
үрдісінде білім беру құрылымын, сабақты оқыту мен өткізудің
жолдары мен әдістерін өзгертті, бұл білімнің жоғары даму
деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі мұғалімнің
маңызды әрі жауапты міндеті – оқушыға тиянақты білім беру. Жаңа
технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде қолдану мұғалімге өз
жұмысын барынша қысқа мерзімде, тиімді және жоғары сапалы
деңгейде орындауға мүмкіндік береді [1, б. 12]. Бұл уақытты
үнемдейді, сабақ мазмұнды, көрнекі болады, оқушылармен кері
байланыс белсендіріледі, оқушылардың химияға деген танымдық
қызығушылықтың артуына, оқуға деген құштарлығы мен
қабілетінің дамуына ықпал етеді, оқуға жеке көзқарасты жүзеге
асыруға мүмкіндік береді және ең бастысы оқу нәтижелерін тез
және тиімді бағалауға болады.
Оқыту процесінде ақпараттық технологияны дұрыс пайдаланған
жағдайда жүйелілік, көрнекілік, қолжетімділік, белсенділік сияқты
дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға болады [2, б. 152]. Оқу
мотивациясының деңгейін көтеру және сақтау мәселесін шешуде
химия сабақтарында заманауи ақпараттық технологияларды
қолдану арқылы электронды оқулықтарды, виртуалды химиялық
зертханаларды пайдалануға, күрделі химиялық процестер мен
реакциялардың жүруі, атомдар мен молекулалардың құрылысы
туралы түсінік алуға, көрнекті химиктердің өмірбаяндарымен,
химия саласындағы маңызды түсініктермен және химия ғылымының
тарихымен танысуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде дәстүрлі оқыту әдістемесі заман талабына
сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігі оқу
тәжірибесінен аңғарып жүрміз. Сондықтан менің ойымша оқыту
372
373
Достарыңызбен бөлісу: |