Министерство здравоохранения рк



бет2/2
Дата29.03.2017
өлшемі1,07 Mb.
#12736
1   2

ТЖ себептері:

Тыныс реттелуінің Тыныстық Кеуде сарайы Тыныс алу Өкпе тінінің дерттік

бұзылыстары: бұлшықеттерге қозғалыс- жолдарының өзгерістері:


  • Мидағы тыныс жүйкелік серпіндер тарының бұ- бұзылыстары: -өкпе тіні кішіреюінен

орталығының (тыныштан тарауының зылыстары: -бөгде зат (пневмонэктомия)

дыратын дәрілік заттар, бұзылыстары немесе -кифосколиоз түскенде -қызмет атқаратын өкпе

есірткілердің әсерінен тежелуі) тыныстық бұлшық- -торакопластика -өспе өскенде ұяшықтарының


  • Тыныс орталығының еттердің өздерінің -пневмоторакс -бронхоспазм азайып кетуінен(ате-

құрылымдық (мый жарақаты, бүліністері: -гидроторакс -кеңірдекшелер лектаз, пневмония)

мый өспесі) бүліністері -жұлынның қимыл- -гемоторакс сыртынан қы- -өкпе тінінің көлемдік



  • Тыныс орталығына дық нейрондарының -іш шемені сылып қалғанда -созылғыштығы азаюы-

бағытталатын жүйкелік сер- бүліністері (полиомиелит) -іш кебуі нан,мәселен пневмо-

піндер түсуі бұзылыстары. –шеткері түйіспелердің -гепатомегалия склероз,эмфизема

бүліністері (миастения) - тыныстық қауырт

-тыныстық бұлшықеттердің дистресс синдромы

қабынуы (миозит) немесе

дистрофиясы.



Өкпенің диффузиялық қабілеті, ұяшықтық – қылтамырлық мембрананың екі жағындағы газдардың үлестік қысымына байланысты, газдардың өкпе ұяшықтарынан қылтамыр арнасына және кері бағытта тасымалдану жылдамдығын көрчетеді


Бұзылыстар мына жағдайда болуы мүмкін:

  • Өкпе қабынуы, ісінуі кезінде ұяшықтық-қылтамырлық тосқауылдың қалыңдауынан,

  • Қызмет атқаратын өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың азайып кетуінен немесе тыныс алу беткейінің кішіреюінен (мәселен ателектаз, өкпенің бөлігін отау, өкпе тінінің бүліністері кезінде),

  • Өкпе қылтамырларында қан көлемі мен гемоглобин азаюынан,

  • Өкпе ұяшықтарындағы ауа мен қанның түйісу уақыты қысқаруынан (өкпе эмфиземасы)

Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылыстарын – ұяшық - қылтамыр аралық бөгет дейді.

Газдардың диффузиясы бұзылыстарынан артериялық қанда рО2 төмендеп, гипоксемия дамиды. Бірақ қанда рСО2 төмендеп гиперкапния байқалмайды, өйткені көмір қышқылы газының диффузиялық қасиеті, оттегіге қарағанда, 20,3 есе жоғары болады.


4. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиеттер

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 386 -388

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 454-457.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С 257 -260

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 513 - 516

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 229-236.


6. Бақылау сұрақтары

1. Тыныс алу бұзылыстарының негізгі себептерін атаңыз.

2. Өкпенің ұяшық-қылтамырлық мембранасы арқылы газдардың диффузиясының бұзылысына әкелетін себептерді атаңыз.

3. Өкпенің ұяшық-қылтамырлық бөгеті дегеніміз не?


2 тақырып. Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Өкпе қан ағымының бұзылысы.
Мақсаты:Гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің, бронхообструкциялық синдромның, өкпедегі қан ағымы бұзылысының этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Дәріс жоспары:

  1. Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Обструкциялық гиповентиляцияның этиологиясы, патогенезі, спирометрлік көрсеткіштері.

  2. Рестрикциялық гиповентиляцияның этиологиясы, патогенезі, спирометрлік көрсеткіштері.

  3. Өкпеде қанайналымының бұзылысы. Қанайналымының кіші шеңберінің гипертензиясы, түрлері (қылтамыралдылық, қылтамырсоңылық, аралас), себебі, дамуының негізгі тетіктері және теңгерілуі. Қанайналымының кіші шеңберінің гипотензиясы.

  4. Вентиляциялық – перфузиялық арақатынастың бұзылысы.


Дәріс тезисі

Өкпе желдетілуінің бұзылыстары:

  1. Гиповентиляция (обструкциялық және рестрикциялық түрі)

  2. Гипервентиляция

  3. Біркелкі емес желдетілу

  1. Обструкциялық гиповентиляция тыныс алу жолдары тарылғанда немесе бітелгенде байқалады

Жоғарғы тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылыстары

Себептері:

  • кеңірдекке тағам немесе бөгде заттардың түсуі

  • тыныс алу жолдарының қою қақырықпен, құсықпен бітелуі, кеңірлекшелер өспесі

  • наркоз жағдайында, кома кезінде тілдің тыныс жолын бітеп қалуы

  • қабыну кезінде майда кеңірдекшелердің шырышты қабатының қалыңдауы

  • көмейдің ісінуі

  • тыныс алу жолдары ұлғайған қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің өспесімен, жұтқыншақ арты іріңдікпен қысылып қалуы

Стеноздық тыныс – сирек, терең, демді ішке тарту кезеңі ұзарған

Төменгі тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы

Себептері:


  • бронхо- және бронхиолоспазм

  • қабыну кезінде бронхиолалар қабырғаларының ісінуі

  • бронхиолалардың дерттік сұйықтықпен (жалқық) бітелуі

  • майда кеңірдекшелердің транспульмональдық қысым жоғарылауынан қысылып қалуы (эмфизема кезінде өкпе серпімділігінің төмендеуі)

дем шығару кезеңінің қиындауы


Обстукциялық гиповентиляцияда сыртқы тыныс қызметінің бұзылысы былайша

көрінеді:



  • Қарқынды дем шығарудың 1-секөнтіндегі ауа көлемі (FEV1 от ағыл -forced expiratory volume in 1 second) азаяды;

  • осы көрсеткіш пен өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығының пайыздық арақатынасы FEV1 / FVC (англ. forced vital capacity – өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығы ӨҚТС) төмендейді – Тиффно индексі;

  • Қарқынды дем шығарудағы өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығының 25-75% аралығындағы ауа ағымының көлемдік жылдамдығы (FEF25-75 – от англ -forced expiratory fIow вetween 25 and 75% of FVC) азаяды;

  • Өкпенің қалдық ауа көлемі (ӨҚК, RV-ағыл.тілінен residual volume ) және оның өкпенің жалпы сыйымдылығының ӨЖС арақатынасы (TLC – ағыл.тілінен total Iung capacity) ӨҚК/ӨЖС - RV/TLC жоғарылайды;

  • Өкпенің жалпы сыйымдылығы ӨЖС (TLC) және өкпенің функциялық қалдық сыйымдылық (FRC – ағыл.тілінен functionaI residuaI capacity) артады

  1. Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тынытық беткейінің азаюынан немесе өкпе тіні серпімділігінің төмендеуінен дамиды.

Себептері

  • Өкпеішілік: пневмониялар, өкпе ателектазы, өкпе обыры, пневмосклероз, сурфактанттың азаюы, (кеңірдекшелердің обструкциясы, эмфизема)

  • Өкпесыртылық

  • Қабырғааралық бұлшықеттердің миозиті, миастения - бұлшықеттік әлсіздік, бұлшықеттің қажуы

  • Көкеттің зақымдануы (негізгі тыныс алу бұлшықеті (желдетілудің 2/3-ін қамтамасыз етеді) ® әдеттен тыс тыныс (тыныс алу кезінде қарынүсті аймағының ішке кіріп кетуі)

  • гидро-, пневмо-, гемоторакс, плевриттер

  • Омыртқа бағанасы мен қабырғалар пішінінің туа немесе жүре пайда болған пішінінің өзгерістері, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі®кеуде қуысы серпімділігінің төмендеуі

  • Іш шемені, метеоризм, гепатомегалия

Рестрикциялық және обструкциялық гиповентиляция кезіндегі сыртқы тыныс көрсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы

Көрсеткіштер

Рестрикциялық

бұзылыстар



Обструкциялық бұзылыстар

орташа

айқын

FVC (ӨҚТС)

FEV1 (ҚӨШК)

FEV1/ FVC % Тиффно индексі

FEF25-75 % ҚӨШ/ӨҚТС25-75 %

VC - ӨТС

FRC- ӨФҚК

RV - ӨҚК

TLC - ӨЖС

RV/TLC-ӨҚК/ӨЖС





қалыпты


қалыпты

 


немесе 

 немесе





 немесе 

қалыпты





қалыпты

қалыпты


қалыпты

қалыпты













 




немесе 


3. Өкпе гиповентиляциясының аралас түрі. рестрикциялық және обструкциялық желдетілу бұзылыстары жиі біріккен түрде кездеседі.

Кіші қанайналым шеңберіндегі қанайналымының (перфузияның) бұзылысы


Өкпе қанайналымы мына жағдайларда төмендеуі мүмкін:

  • оң қарыншаның жиырылу қызметінің әлсіреуі;

  • жүректің сол бөлігінің жеткіліксіздігі және өкпеде қан іркілуі;

  • туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақауларында (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, өкпе артериясының тарылуы);

  • қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі (сілейме,коллапс);

  • өкпе артерияларында қан қатпасының (тромб) құрылуы немесе эмбол тұрып қалуы.

Шығу тегі бойынша мынадай түрлерін ажыратады

  • Алғашқы, идиопатиялық өкпелік гипертензия

  • Салдарлық

  • гиперкинездік (өкпе ішілік қосылымдық, қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы)

  • бітелулік (өкпенің обструкциялық және рестрикциялық аурулары, өкпелік артериит)

  • обструкциялық (өкпе артериясының эмболиясы, тромбозы)

  • вазоконстрикциялық (ұяшықтық гипоксия, гиперкапния, ацидоз, қантамыры межеқуатының эндотелий-тәуелді реттелуінің бұзылысы және эндотелин сөлденісінің , нитроксидтің  (NO)

Патогенезі бойынша өкпелік гипертензияны қылтамыралдылық, қылтамырсоңылық және аралас деп бөледі.


1. Қылтамыралдылық гипертензия. Артериолар мен қылтамырларда қан қысымының жоғарылауымен сипатталады (систолалық қысымның 30 мм с.б.б. және диастолалық қысымның 12 мм.с.б.б. жоғарылауы).

Ең жиі себептері.

  • Артериола қабырғасының тарылуы (мәселен, жан дүниелік күйзеліс, өкпе қантамырларының эмболиясы, феохромоцитомада катехоламиндердің артық шығарылуы, ацидоз, дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының қауырт төмендеуі). Гипоксия вазоконстрикцияның күшті жайты болып табылады (вазоконстрикцияның негізгі дәнекерлері: катехоламиндер, эндотелин, тромбоксан А2).

  • Өкпенің майда қантамырларының бітелуі (мәселен, микротромбтармен, эмболдармен, гиперплазияланған эндотелиймен).

  • Өкпе ұяшықтарының қысылуы (мысалы, өспемен, ұлғайған лимфалық түйіндермен, жөтелдің жедел ұстамасы кезінде бронхтар мен өкпе ұяшықтарында жоғарылаған ауа қысымынан).
2. Қылтамырсоңғылық гипертензия. Қантамырларынан қанның сол жүрекшеге ағып кетуі бұзылуымен және артериялық қанның өкпеде жиналуымен сипатталады.

Ең жиі себептері: қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы (мысалы, эндокардит нәтижесінде), өкпе көктамырларының қысылуы (мысалы,ұлғайған лимфалық түйіндері немесе өспемен), сол қарынша бұлшықетінің жиырылғыштық қызметінің әлсіреуі - сол қарыншалық жеткіліксіздік (мәселен, миокард инфаркты, гипертониялық ауру, миокардиодистрофия).
3. Өкпе гипертензиясының аралас түрі. Жиі қылтамыралдылық немесе қылтамырсоңғылық гипертензияның асқынуы және үдеуі салдарынан дамиды. Мысалы, өкпе көктамырларынан сол жүрекшеге қанның ағып кетуінің қиындауы (қылтамырсоңғылық гипертензияға тән) рефлекстік түрде өкпе артериолалары саңлауының тарылуына алып келеді (Китаев рефлексі, қылтамыралдылық гипертензияға тән).

Көріністері: сол қарыншалық немесе/және оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінің көріністері (көктамырларда қанның іркілуі, ісіну, іш шемені және т.б.), ӨТС төмендеуі, гипоксемия және гиперкапния, ацидоз (тыныстық, созылмалы ағымында — аралас).

Кіші қан айналымы шеңбері гипотензиясы

Өкпелік гипотензия кіші қанайналымы шеңбері қантамырларында тұрақты түрде қан қысымы төмендеуімен сипатталады.
Ең жиі кездесетін себептері:

• Жүрек ақауларында қанның «оңнан‑солға» қосылуынан. Осы кезде веналық қан артериялық жүйеге “лақтырылады” (мысалы, Фалло тетрадасында өкпе артериясы қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде).

• Әртүрлі себептерден дамыған гиповолемия (мысалы, ұзақ іш өту кезінде, сілеймелік жағдайларда, созылмалы қан жоғалту нәтижесінде).

• Жүйелік артериялық гипотензия (мысалы, коллапс немесе кома кезінде).
Ұяшықтардың желдетілуі (Vа ) мен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің (Q) немесе вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылуы (Vа / Q)

Vа / Q қалыпты жағдайда 1,0-ге жуық болады.

(Vа / Q) болуы қан келмейтін ұяшықтарда немесе қан нашар келетін ұяшықтарда желдетілудің болуын көрсетеді (дәрменсіз желдетілу). Бұл кезде артериялық гипоксемия байқалмауы мүмкін. Өйткені тыныстық бұлшықеттердің артық жұмыс атқаруынан тыныстық ауа көлемі, тыныс алу жиілігі және тыныстың минуттық көлемі жоғары деңгейде ұсталып тұрады.

(Vа / Q) қан қалыпты келетін ұяшықтардың желдетілмеуін көрсетеді (созылмалы обструкциялық бронхит, ателектаз және т.б.). Ол артериялық гипоксемияға әкеледі.

Сау ұяшықтардың теңгерілуінен, олардың желдетілуі жоғарылауы нәтижесінде, гиперкапния дамымайды.

Vа / Q>1

Vа / Q<1

Өкпе артерияларының жергілікті тарылуы

Жергілікті гиповентиляция



  1. Көрсетілетін құрал: тақырыптың мультимедиялық қойылымы

  2. Әдебиеттер

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-386

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009.- С. 248-257, 260-266

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 127-135

Косымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.

  5. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

6. Бақылау сұрақтары

1. Гиповентиляцияның обструкциялық және рестрикциялық түрінде сыртқы тыныстың көрсеткіштері қалай өзгереді?

2. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі тыныс сипаты

3. АВ/МО коэффициенті 1,0-ден төмен болатын ауру түрін мысалға келтіріңіз.


3 тақырып. Қанның газдық құрамының өзгерістеріне байланысты тыныс жеткіліксіздігінің түрлері (гипоксемиялық, гипоксемия-гиперкапниялық). Сыртқы тыныс бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері .
Мақсаты: Тыныс жеткіліксіздігінің патогенезін меңгеру
Дәріс жоспары:

  1. Тыныс жеткіліксіздігінің түрлері.

2. Балалардағы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезіндегі ерекшеліктер.
Дәріс тезисі

«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі (ТЖ) – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады». Н.Н.Зайко.


Орналасуы бойынша

  • Тыныс жолдарының дерттері кезіндегі ТЖ

  • Өкпе зақымдануы кезіндегі – ұлпалық ТЖ

  • Кеуделік (кеуде сарайының зақымдануы кезінде) ТЖ

  • Жүйкелік-бұлшықеттік ТЖ

  • Орталықтық ТЖ

Патогенезі бойынша

  • Өкпе ұяшықтары желдетілуінің бұзылыстарынан дамитын ТЖ

  • Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан дамитын ТЖ

  • Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан дамитын ТЖ

Ағымы бойынша

  • Жіті (бірнеше минут, сағат ішінде) ТЖ

  • Тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде

  • ларингоспазм

  • өкпе артериясының тромбэмболиясы

  • асфиксия

  • Жітілеу (бір тәулік ішінде) ТЖ

  • жіті пневмония

  • гемоторакс, пневмоторакс

  • өкпе ісінуі

  • сүлде (бірнеше айлар және жылдар ішінде) ТЖ

  • пневмосклероз

  • өкпе эмфиземасы

  • өкпе туберкулезі

Сыртқы тыныстың созылмалы жеткіліксіздігінің сатылары:


  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің теңгерілген сатысында өкпе желдетілуі бұзылуының белгілері болғанымен, қанда оттегінің қалыпты деңгейі ұсталынып тұрады.

  • Шала теңгерілген (субкомпенсациялық жеткіліксіздік) сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген, өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылады. Қанда оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан аз (НВО2 < 93%).

  • Теңгерілмеген сатысында ауыр гипоксемия (НВО2<75 %) және гиперкапния дамиды.

ТЖ түрлері


Гипоксемиялық түрі ТЖ Гиперкапниялық-

(1-түрі) немесе гипоксемиялық түрі

Ұлпалық ТЖ (II түрі) немесе

(артериялық гипоксемия вентиляциялық ТЖ

рО2<60 мм с.б.)

себептері: себептері:

өкпе ұлпасының және ұсақ ұяшықтық гиповентиляция

тыныс жолдарының → СО2 шығарылуының

ауыр аурулары бұзылуы және гиперкапния (рСО2>45 мм с.б.),

даму тетіктері: газдық ацидоз, гипоксемия және


  • Дем алатын ауада рО2↓; газдық емес ацидоз.

  • Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы

  • газдар диффузиясының бұзылуы ;

  • вентиляциялық - перфузиялық

арақатынастың бұзылуы;

  • веналық қанның жүректің сол

бөлігіне тікелей түсуі немесе

қосылуы
Балаларда сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің ерекшеліктері олардың өкпе мен тыныс алу жолдарының ерекшеліктерімен анықталады:



  1. Мұрын тыныс жолдары жіңішке және иректелген.

  2. Өкпе ұяшықтары тінінің серпімділігі мен өкпе межеқуаты төмен. Бұл өкпе тінінің төзімділігінің төмендеуін көрсетеді.

  3. Тыныс алу орталығының рефлекстік қозымдылығы төмен, жөтел рефлексінің әлсіз көрінуі.

  4. Өкпенің қанмен жақсы қамтамасыз етілуі.

Көрсетілген ерекшеліктар эмфизема дамуына септеседі. Қатты айқайлағанның өзінде өкпе ұяшықтары жыртылуы мүмкін. Пневмония жиі пайда болады және өтуі жайылмалы сипат алады. Перинатальды дерттер, аспирациялық синдром, иммундық – тапшылықтық жағдайлар, өкпе мен жүректің даму ақаулары пневмония дамуына септігін тигізеді. Жаңа туылған бала жөтелу рефлексінің әлсіздігіне байланысты тыныс жолдарынан бөліністерді, шырыш, қақырықты шығара алмайды. Бронх тармақтарының дренаждық қызметі бұзылуынан, жұқпаның жайылуына қолайлы жағдай туады.

Жаңатуылғандардың өмірінің алғашқы 2 тәулігінде организмнің аса маңызды қызметтерінің тежелуі әсерінен тыныс жеткіліксіздігі күшеюімен көрінетін ерекше жағдай тыныс алу бұзылыстары синдромы (ТБС) деп аталады. ТБС дамуында пневмопатиялар, туа пайда болған пневмониялар, туылу кезіндегі ОЖЖ жарақаты, жүрек пен өкпенің даму ақауларының маңызы зор.

Пневмопатиялар – жаңатуылғандардың сыртқы орта (ұрықтық дамудан тыс) жағдайына алғашқы бейімделуі бұзылуынан дамитын өкпедегі жұқпалы емес дерттік үрдіс. Оларға өкпенің алғашқы ателектазы, гиалиндік мембраналық ауру, ісінулік-геморрагиялық синдром, өкпеге жайылмалы қанқұйылу, өкпе аспирациясы синдромы.

4. Көрсетілетін материал: тақырыптың мультимедиялық қойылымы

5. Әдебиет

Негізгі


  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 389-390

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 458-468

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009.- С. 270-284

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 126-128

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.

  5. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

6. Бақылау сұрақтары

1. тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі бойынша түрлері

2. тыныс жеткіліксіздігінің қанның газдық құрамы өзгеруі бойынша түрлері

3. тыныс жеткіліксіздігінің I түрінің себептерін атаңыз

4. тыныс жеткіліксіздігінің IІ түрінің себептерін атаңыз

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1 тақырып. «Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Өкпе ұяшығының гипо- және гипервентиляциясы» .

Сабақ мақсаты:


  1. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық және рестрикциялық түрінің этиологиясы мен патогенезі

Оқыту міндеті:

Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:



  • Бронхообструкциялық синдромның патогенезін түсіндіре алу

  • Гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің, өкпе тінінің тығыздалуы, плевра қуысында сұйықтықтар мен газдар жиналуының патогенезін түсіндіре алу

  • Спирометрлік көрсеткіштер арқылы гиповентиляцияның түрін анықтау

  • Ситуациялық есептер бойынша қорытынды жасау

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі, орналасуы, қанның газдық құрамының өзгеруі, ағымы бойынша жіктелуі.

  2. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің желдетулік түрі туралы түсінік, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі өкпе көлемі мен сыйымдылығы өзгеруінің патогенезі мен себептері.

  3. Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік (өкпе тінінің тығыздалу синдромы) және өкпеден тыс себептері (плевра қуысында сұйықтық және газ жиналу синдромы ж.б.), патогенезі, өкпе көлемі мен сыйымдылығының өзгеруі.

Оқыту және сабақ беру тәсілдері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: тапсырманы орындау, пневмограммаларға тұжырым жасау



Машықтық жұмыс

1. тапсырма

  1. Егер бастапқы пневмограмма мынадай болса, тәжірибелік жануардың кеңірдегін жасанды жолмен тарылтқанда тыныс алу сипаты, пневмограмма қалай өзгереді?




Мына сұрақтарға жауап беріңдер:



  1. Қандай тыныс алу көрсеткіштері өзгереді және олар қандай жолдармен өзгереді (тереңдігі, жиілігі, демді ішке тарту және демді шығару кезеңдерінің арақатынасы)?

  2. Тыныс алу түрі өзгерістерінің патогенезі қандай?

  3. Осындай бұзылыстар қандай аурулар мен дерттік үрдістерде дамиды?

2. тапсырма

Суретті қолдана отырып, кеуде іші және кеуде сыртында тыныс жолдары тарылғанда, демді ішке тартқан кезінде және демді шығарған кезді тыныс жолдары саңылауының өзгеруін түсіндіріңдер. Өзгерістің даму тетігі қандай?





3 тапсырма.

Бастапқы пневмограмма № 1 тапсырмада. Жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін сипаттаңыз және осы бұзылыстардың патогенезін көрсетіңіз. Осындай тыныс алу бұзылысы қай ауруға тән?


4 тапсырма.

Есептерді шешіңіз


  1. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ТӨС↑ ,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?

  2. Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, РКдш↓,ТӨС↓ ,ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Оқулық: 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. Б. 382-386

  3. Патологическая физиология: Оқулық ред. Н.Н.Зайко ж/е Ю.В.Быця. – 2-бас. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – Б. 447-471.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009.- 248-257С

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 127-135

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.

  5. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды орындау)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365 негізінде құрастырылған.


2 тақырып. Өкпенің ұяшықтық-қылтамырлық мембранасының диффузиялық қабілеті төмендеуінің дерттік тетіктері. Өкпеде қанағымының бұзылысы. Өкпе гипертензиясы мен гипотензиясы.
Сабақ мақсаты:

    1. Өкпенің диффузиясы және перфузиясы бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін меңгеру.


Оқыту міндеттері:

Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:



  • өкпенің диффузиясы және перфузиясы бұзылыстарының патогенезін түсіндіруді.

  • қанның газдық құрамының өзгерістері бойынша тыныс жеткіліксіздігінің түрін анықтауды

  • ситуациялық есептерге қорытынды жасауды

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өкпе жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың арасындағы газдар алмасуы бұзылысының даму тетіктері мен себептері.

  2. Тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен гипотензияның даму тетіктері мен себептері.

  3. Тыныс алу жеткіліксіздігінің патогенезіндегі вентиляциялық-перфузиялық арақатынасы бұзылуының маңызы


Оқыту және білім беру әдістері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу.


Тәжірибелік жұмыстар

1 тапсырма

Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп

Науқас 26 жаста, күлу кезінде жаңғақ тыныс жолдарына түсіп кеткендіктен, ауруханаға жеткізілді. Жаңғақтың оң бронх қуысын жауып қалғаны анықталды. Бронхтың жаңғақпен бітелген жерінен төменгі бөлігінде қан көрсеткіштері қалай өзгереді? Дұрыс жауапты таңдаңыз.


  1. Еріген оттегінің мөлшері қалыптыдан жоғары

  2. Оксигемоглобиннің диссоциация сызығы солға ығысқан

  3. рСО2 қалыптыдан төмен

  4. рН қалыптыдан төмен

  5. рО2 артериялық қандағы рО2-ге тең

2 есеп

Науқас Н., 55 жаста, аяғының терең көктамырының тромбозы өкпе артериясының бұтағында тромбоэмболия дамытты. Сол өкпе артериясының бұтағы толық жабылған.

Өкпенің осы бөліктерінде газдық құрам қалай өзгереді?



  1. рО2 артериялық қандағы рО2-ге тең

  2. рО2 атмосфералық ауадағы рО2-ге тең

  3. рО2 демді ішке тартудан кейінгі ауадағы рО2-ге тең

  4. рО2 веналық қандағы рО2-ге тең

  5. рО2 веналық қандағы рО2-ден төмен

3 есеп

Науқас Р., 60 жаста, өкпе обырына байланысты бір өкпесін алып тастаған. Тыныштық жағдайда өкпе артериясында қысым қалыпты, ал күш түскенде өкпелік гипертензия дамиды. Мұны қалай түсіндіруге болады?


  1. Жүктеме кезінде ауа жолдарының кедергісі жоғарылайды

  2. Жүктеме кезінде өкпенің керіліп созылуы қанайналымды азайтады

  3. Жүктеме кезінде өкпе тамырлары тарылады

  4. Физикалық жүктеме кезінде теңгерілудің жеткіліксіздігіне байланысты өкпенің қанға толуы ұлғаяды

4 есеп

Науқас С., 24 жаста, ауруханаға физикалық жүктеме кезінде пайда болған ентігу және қатты жүрек қағуына, жүрек аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып түсті. Өте қатты ентігу кезінде аз мөлшерде қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдарына негізделе отырып және тексеру барысында қос жарғақты тесіктің стенозы әсерінен өкпе қанайналымы бұзылған деген болжам жасалды. Сыртқы тыныс жүйесін тексеру нәтижесі:

Тыныс алу жиілігі – минутына 20 рет, ӨТС – қалыптағының 81%, ТӨС – қалыптағының 76%, ТМҚ –қалыптағының 133%, Тиффно индексі – 80%


  1. Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?

  2. ӨТС және ӨЖС төмендеуінің мүмкін болатын тетіктерін түсіндіріңіз

  3. Бронхообструкциялық синдром жайында ойлауға бола ма?

5 есеп

А) Берілген суреттегі A, B, C нұсқалары мен вентиляциялық-перфузиялық коэффициенттерінің (АВ/ҚМК) арасындағы сәйкестікті тап.



  1. АВ/ ҚМК = 1,0

  2. АВ/ ҚМК < 1,0

  3. АВ/ ҚМК > 1,0




В) Организмде вентиляциялық-перфузиялық коэффициенті төмендегенде (АВ/МОК) («көгілдір ісінушілер») және вентиляциялық-перфузиялық коэффициенті жоғарылағанда (АВ/МОК) («қызғылт ырсылдауықтар») қандай өзгерістер болуы мүмкін




ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 386 -388

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 454-457.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.-С 257 -260

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 135 - 139

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 513 - 516

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 229-236.

  4. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

Бақылау (сынамалық тапсырмалар)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365 негізінде құрастырылған.

3 тақырып. Тыныс алу реттелуінің орталық тетіктерінің бұзылысы. Ентігу. Балалардағы тыныс алу бұзылыстарының ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:


  1. Сыртқы тыныс алу реттелуі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:



  • Сыртқы тыныс алу реттелуі бұзылыстарының патогенезін түсіндіре білуді

  • Ентігу түрін ажырату және олардың патогенезін түсіндіре білуді

  • Балалардағы тыныс алу бұзылыстарының патогенезінің ерекшеліктерін түсіндіре алуды

  • Пневмограммаларды сараптауды

  • Ситуациялық есептерге қорытынды жасауды


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сыртқы тыныс алудың орталық реттелуінің бұзылыстары (тыныс алу орталығының тежелуі). Пиквик синдромы, түнгі ұйқының бұзылу синдромы.

  2. Тыныс алу орталығы қызметінің мыйға бағытталған реттелуінің бұзылысы: мыйға бағытталған қозудың жеткіліксіздігі, мыйға бағытталған қозудың молдығы, мыйға бағытталған тежелудің молдығы. Тыныс алудың реттелуінің шеткері бағытталған жүйкелік бұзылысы («Ундина қарғысы» синдромы, «көлік тәрізді» тыныс).

  3. Тыныс алу тереңдігінің, жиілігінің және ырғағының бұзылысы. Гиперпноэ, брадипноэ, тахипноэ, апноэ, туралы түсінік, даму тетіктері. Үзілісті тыныс алу, түсініктеме, түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныстың түрлері.

  4. Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігу түрлері, патогенезі.

  5. Асфиксия, түсініктемесі, себептері, кезеңдері, сипаттамасы.

  6. Респираторлық дизстресс-синдромы, этиологиясы және патогенезі.

  7. Жаңа туған нәрестелердегі тыныс алу бұзылыстары синдромы туралы түсініктеме. Пневмопатиялар (біріншілік ателектаздар, гиалинді мембрана ауруы, ісінулік-геморрагиялық синдром, аспирациялық синдром)

Оқыту және сабақ беру әдісі:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс жасау: тапсырманы орындау, пневмограммалармен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу.



Тәжірибелік жұмыс


1 Тапсырма.

Тәжірибелік жануардың көктамырына 3% сірке суын енгізген соң тыныс алу қалай өзгеруі тиіс, дем алу сызығын келтіріңіз.

Бастапқы пневмограмма.

Тыныстың өзгеру сипатын суреттеңіз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. Тыныс алу өзгерісінің патогенезі қандай?

  2. Осы тыныс алу бұзылысының қандай патофизиологиялық маңызы бар?

2 тапсырма



Ә

діс
і: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың мұрнына мүсәтірге малынған мақтаны иіскетеді. Тыныс алу өзгерістері байқалады. Осыдан кейін әрбір танауына 1 тамшыдан новокаин ерітіндісі тамызылады және тәжірибе қайталанады. Бұл кезде пневмограмма былай өзгереді:


3 тапсырма

Жасанды гипервентиляциямен туындатылған тыныс алу өзгерістерін зерттеу.

Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың кеңірдегіне түтік енгізіледі. ЖӨВП құралы көмегімен трахеостома арқылы жасанды желдетілу жасалынады. Гипервентиляциядан кейінгі апноэ мен тыныс алудың қайта қалпына келуіне назар аударылады. Тыныс алу қалпына келгеннен кейін, қайтадан жасанды гипервентиляция жасалынады. Сонда постгипервентиляциялық апноэ басталғаннан кейін, 1-2сек-тан соң, егеуқұйрықты электр ағымымен ауыртып тітіркендіреді. Тыныс алу өзгерістері сипатының түрі мынадай болады:

Мына сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым және қорытынды жасалынады:



  1. Неге жасанды гипервентиляция тоқтатылғаннан кейін апноэ қалыптасады және тыныстың өздігінен пайда болу тетіктері қандай?

  2. Неге постгипервентиляциялық апноэ кезеңінде ауыртып тітіркендіргенде тыныс алу тез арада қалпына келеді?

  3. Постгипервентиляциялық кезеңдегі тыныс алудың өзіндік және жасанды (электр ағымының көмегімен) қалпына келуінің айырмашылығы неде?

Адамның гипервентиляциясына мысал келтіріңіз.

4 Тапсырма.




Берілген пневмограммадағы натрий нитритімен уландырған бақаның тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін талдау.







Патологиялық тыныстың түрі мен дамуының мүмкіндік механизмдерін көрсете отырып, тұжырым жасаңыз.

5 тапсырма. Есепті шешіңіз

1 есеп

Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды. Науқаста қандай қорытынды күтілетіндігін таңдаңыз.


  1. рО2 45 мм.с.б.б., рСО2 45 мм с.б.б., рН 7,45

  2. рО2 55 мм с.б.б., рСО2 70 мм с.б.б., рН 7,5

  3. рО2 65 мм с.б.б., рСО2 35 мм с.б.б., рН 7,45

  4. рО2 75 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,3

  5. рО2 98 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,2

2 есеп

Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, соның бірі бірден айқындалған ентігу. Артериялық қанның газдық көрсеткіші : рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%

Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨҚК жоғары, Тиффно индексі төмен.



  1. Науқаста өкпе тінінің серпімділігі мен кеңеюінің бұзылыстары бар ма?

  2. Тиффно индексінің төмендеуі нені көрсетеді?

  3. Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға бола ма?

  4. Осы науқастың өкпесінің газ алмасу қызметі бұзылыстарының мүмкіндік тетіктеріне және жағдайына қорытынды жасаңыз.

3 есеп

Науқаста түн мезгілінде ұстамалы тұншығулар; өкпесінде көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар бар; АҚ 130/90 мм с.б.б.; ЖСЖ 95/мин; ҚМК 6 л; артериалық қандағы НвО2 75%, веналық қанда – 40%; қанның рН 7,33, рСО2 52 мм с.б.. Қанда эритроциттер 6х1012/л, Нв- 175г/л ретиклоциттер 4%, лейкоциттер - 12х 109/л, базофилдер -0, эозинофилдер – 18%, таяқша-ядролылар -2%, бөлшектенген ядролылар – 45%, лимфоциттер – 32%, моноциттер – 3%.

Спирограмма: тыныс жиілігі – минутына 22 рет, ТК – 300 мл, РКда -2300 мм,, РКдш -400 мм, Тиффно индексі – 40%. Пневмотахограмма: Ппик – 4,5 л/с, П75 – 3,3 л/с, П50 – 1,8 л/с, П25 – 1,0 л/с.

Есеп бойынша қорытынды жасаңыз.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі


  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 384-385

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 460-471.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 139 - 142

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 519 - 525

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 226-227.

  4. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

Бақылау (сынамалық тапсырма)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365 негізінде құрастырылған.


ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

1 тақырып. Ересектер мен жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы



Мақсаты:

  1. РДС-синдромы және оның нәрестелердегі пайда болу және өту ағымының ерекшеліктерінің этиологиясы мен патогенезін өзбетінше оқу.

Тапсырма:

  1. Мына сұрақтармен оқу материалын өңдеу:

Ересектердегі РДС-синдромының этиологиясы мен патогенезі

Жаңа туған нәрестелердегі РДС-синдромының этиологиясы мен патогенезі



  1. РДС-синдромының патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру

  2. Сынамалық тапсырмаларды шешу


СӨЖ-ді орындау түрі:

Берілген әдебиеттер бойынша өзбетінше тақырыпты меңгеру, патогенезінің сызба нұсқасын құрастыру, сынамалық тапсырмаларды шешу.



Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ-ді тапсыру мерзімі

«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау


Сынамалық тапсырмалар

1. ЕТДС (ересектердің тыныстық дистресс-синдромы) пайда болады (5)

  1. ТШҚҰ- синдромынан

  2. сурфактанттың жеткіліксіз түзілуінен

  3. сепсис кезінде

  4. өкпе эмфиземасында

  5. келбетсіз пневмонияда

  6. уытты газдардың әсерінен

2. ЕТДС патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)

  1. ұяшық қабырғасының кіші қан тамырларында гидростатикалық қысымның жоғарылауы

  2. ұяшық қабырғасының кіші қан тамырларында гидростатикалық қысымның төмендеуі

  3. артериялық қысым деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы

  4. өкпе қылтамырлары және әлвеолоциттердің таралған зақымдануы

  5. өкпенің интерстициялық ісінуі

  6. өкпенің жүректік ісінуі

  7. ұяшық қабырғасында гиалиноздың дамуы

3. ЕТДС кезінде әлвеолоциттер мен қылтамырлардың жайылған зақымдануының патогенезінде, әсерінің маңызы бар (5)

  1. интерлейкиндер

  2. өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)

  3. оттегі радикалдары

  4. протеазаларға қарсылар

  5. тромбоциттерді белсенділейтін жайт

  6. лейкотриендер

4.Жедел РДС сипатталады (3)

  1. өкпе қылтамырларыны эндотелийінің жайылған зақымдануымен

  2. Өкпе ұяшықтарының эндотелиінің жайылған зақымдануымен

  3. Өкпенің кардиогендік емес ісінуімен

  4. Өкпенің кардиогендік ісінуімен

  5. Артериалдық қан қысымының жоғарылуымен

5. РДС-синдромының көріністері болып саналады(4)

  1. тахипноэ

  2. ӨТС, ӨЖС төмендеуі, өкпенің функционалдық қалдық көлемінің төмендеуі

  3. гипоксемия, тиімсіз оксигенотерапия

  4. айқын цианоз

  5. Тиффно индексінің төмендеуі.

6. Жаңа туылғандардың тыныстық бұзылыстар синдромы (ТБС) патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)

  1. ұяшықтар қабырғасында гиалиннің шөгуі

  2. сурфактанттың жетіспеушілігі

  3. өкпе тіні созылғыштығының төмендеуі

  4. жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы

  5. кіші бронхылардың жиырылуы

7. Сурфактант түзілуі төмендейді (4)

  1. шала туылған балаларда

  2. кесар тілігі арқылы туылған балаларда

  3. қантты диабетпен ауыратын аналардан туылған балаларда

  4. ұрық гипоксиясында

  5. туылу стресінің гормондарының әсерінен

8. Зақымданудан жаңа туылған нәрестелерде сурфактант тапшылығы пайда болады (1)

  1. өкпелік қылтамырдың эндотелий жасушасы

  2. бронхтың шырышты қабатының жасушалары

  3. тыныстық бронхиоланың эпителий жасушалары

  4. альвеолоциттердің I түрі

  5. альвеолоциттердің II түрі

9. РДС-синдромнан қайтыс болған жаңа туған нәрестелердің өкпе тінінің гистологиялық зерттеуі кезінде анықталуы мүмкіншілігі жоғары (1)

  1. нейтрофильдермен сіңбеленген ұяшықтар

  2. ұяшық қабырғаларының фиброзы

  3. өкпенің желдетілуінің жоғарылауы

  4. ұяшық мембраналарының гиалинозы және бүріскен ұяшықтар

  5. өкпенің қалыпты құрылымы

10. Жаңа туылған нәрестелердің респираторлық дизстресс–синдромының патогенезінің сатыларынан «кері айналып соғу шеңберін» құрастырыңыз

  1. шала туылу

  2. ателектаз

  3. сурфактант түзілуінің төмендеуі

  4. гиповентиляция

  5. гипоксемия, гиперкапния

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 390 - 392

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 236-238.

  2. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

  3. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 481-483; 715-717.

2 тақырып: «Өкпенің жоғарыланған ауалану синдромының патофизиологиясы»



Мақсаты:

  1. Өкпе эмфиземасының этиологиясы мен патогенезін өз бетінше меңгеру.


Тапсырма:

  1. Сұрақтар бойынша оқу құралдарын талдау:

  1. Өкпе эмфиземасының этиологиясы және патогенезі

  1. Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру

  2. Есептерді шығару


СӨЖ орындау түрі:

Берілген әдебиет бойынша құралдарды өз бетінше меңгеру, патогенезінің сызбанұсқасын құру, ситуациялық есептерді шешу, презентация, реферат, эссе


Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі

«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау


1 тапсырма. Өкпе эмфиземасының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

2 тапсырма Есептерді шығару

№1 есеп

Науқаста өкпенің желдетулік қызметін тексергенде өкпе көлемдерінің төмендегідей өзгерістері анықталды: ТК↓, ТМК↑, РКда↓, ӨТС↓, ТӨС↑, ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Көрсеткіштердің осындай өзгерістері қандай дертке тән?



№ 2 есеп

Науқас 60 жаста., бір жыл көлемінде ентігуге шағымданады, көп жылдар бойы темекі шегеді, асбест шығаратын өндірісте жұмыс істеген. Тексеру барысында тыныстың әлсіреуі, екі жағынан да бірен-саран шашыранды құрғақ сырылдар естілетіні анықталды. Кеуде қуысының рентгенограммасында: өкпенің ауаға толуы, интерстициалды суреттің шамалы күшеюі анықталды.



Спирометрдің нәтижесі:

Спирометрдің көрсеткіштері

Бронходилятаторға дейінгі

Бронходилятатордан кейінгі

Фактілік өлшемдер

Қалыптағы өлшемнен %

Фактілік өлшемдер

%-қ өзгерістер

ӨҚТС (л)

2,4

60

2,4

0

ҚДШ1 (л)

1,4

44

1,5

7

Тиффно индексі (%)

58




63

8

ӨЖК (л)

4,6

205







ӨЖС

7,0

112







Осы жағдайда қандай ауру туралы ойлайсыз. Жауапты негіздеңіз.
Сынамалық тапсырмаларды мерзімдік бақылаудан қараңыз
ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-385

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., - 2009.-С.- 248-257

Қосымша

  1. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 481-483; 717-721.


«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  1. Аудиториялық және аудиториядан тыс өтілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылау міндеті:

  1. Өтілген материал бойынша білімді бекіту


Студенттердің білімін тексеру сұрақтары :

  1. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Патогенезі, бұзылыстардың орналасуы, қанның газдық құрамының өзгерістері бойынша сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері.

  2. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің желдетулік түрі туралы түсінік, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының обструкциясы кезіндегі өкпе көлемі мен сыйымдылығының өзгерістері, себептері, патогенезі.

  3. Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік және өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемінің және сыйымдылығының өзгерістері.

  4. Сыртқы тыныс жеткіліксіздіктің диффузиялық түрі. Өкпе ұяшық-қылтамырлық мембрана арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарының себептері және тетігі.

  5. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі.Өкпелік гипертензия және өкпелік гипотензия дамуының себептері және тетіктері.

  6. Желдетулік - перфузиялық ара қатынастың бұзылысы, олардың тыныс алу жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы.

  7. Жаңа туылған нәрестедегі тыныс алу бұзылысы синдромы туралы түсінік. Пневмопатиялар (алғашқы ателектаз, гиалиндік мембраналар аурулары, ісінулік-геморрагиялық синдром, аспирациялық синдром

  8. Сыртқы тыныстың орталық реттелуінің бұзылысы (тыныс алу орталығының тежелуі). Пиквик синдромы, түнгі ұйқы бұзылысы синдромы.

  9. Тыныс алу орталығы қызметінің орталыққа бағытталған реттелуінің бұзылысы: орталыққа бағытталған қозудың жеткіліксіздігі, орталыққа бағытталған қозудың молдығы, орталыққа бағытталған тежелудің молдығы

  10. Тыныс алу реттелуінің эфферентті жүйкелік бұзылысы («Ундина қарғысы» синдромы, «көлік тәрізді» дем алу).

  11. Тыныс алу тереңдігінің, жиілігінің және ырғағының бұзылысы. Гиперпноэ, брадипноэ, тахипноэ, апноэ, туралы түсінік, даму тетіктері. Үзілісті тыныс алу туралы түсінік,түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныстың түрлері.

  12. Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігу түрлері, патогенезі.

  13. Тұншығу туралы түсінік, себептері, кезеңдері, сипаттамасы.

  14. Жаңа туылған нәрестедегі және ересектердегі тыныстық дизстресс-синдромы, этиологиясы және патогенезі.

  15. Өкпе эмфиземасы, этиологиясы, патогенезі

СЫНамалық ТАПСЫРМАЛАР



Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі қабаттасады

  1. артериялық қанда оттегінің (рО2) және көмір қышқыл газының (рСО2) үлестік қысымының жоғарылауымен

  2. артериялық қанда рО2 және рСО2 төмендеуімен

  3. веналық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен

  4. қанда рО2 төмендеуімен және рСО2 қалыпты болуымен

  5. артериялық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен

2. Ұяшықтық гиповентиляция әкеледі

  1. гипоксемия, гипокапния, ацидозға

  1. гипоксемия, гипокапния, алкалозға

  1. гипоксемия, гиперкапния, ацидозға

  2. гипоксемия, гиперкапния, алкалозға

  3. газдық емес ацидозға

3. Өкпе вентиляциясының обструкциялық бұзылысы пайда болады

  1. тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда

  1. тыныстық бұлшықеттердің қызметі бұзылғанда

  1. өкпе ателектазында

  2. өкпенің тыныстық беткейі кішірейгенде

  3. тыныс алу орталығы қызметі тежелгенде

4. Бронхылар обструкциясының қақпақшалық тетігі пайда болады

  1. өкпе эмфиземасы кезінде

  1. пневмонияда

  1. сурфактант тапшылығында

  2. өкпе бөлігін алып тастағанда

  3. өкпе ісінуінде

5. Жоғарғы тыныс жолдарының кеудесыртылық обструкциясы (мойын аймағындағы) қабаттасады

  1. Биот тынысымен

  1. жиі үстіртін тыныспен

  1. демді сыртқа шығару қиындаған тыныспен

  2. Чейн-Стокс тынысымен

  3. демді ішке тарту қиындаған тыныспен

6. Тыныс жолдарының кеудеішілік обструкциясы қабаттасады

  1. стеноздық тыныспен

  2. жиі үстіртін тыныспен

  3. демді сыртқа шығарудың қиындауымен

  4. Чейн-Стокс тынысымен

Е) демді ішке тартудың қиындауымен

7. Көмей тарылуы қабаттасады

  1. жиі үстіртін тыныспен (тахипноэ)

  1. жиі терең тыныспен (гиперпноэ)

  1. демді сыртқа шығару қиындаған сирек терең тыныспен

  2. демді ішке тарту қиындаған сирек терең тыныспен

  3. Биот тынысымен

8. Стеноздық тыныстың патогенезінде маңызы бар

  1. тыныс алу орталығы қозғыштығы төмендеуінің

  1. Геринг-Брейер рефлексі жылдамдауының

  1. Геринг-Брейер рефлексі кешігуінің

  2. Бейнбридж рефлексі іске қосылуының

  3. Эйлер-Лильестранд рефлексінің

9. Төменгі тыныс жолдарының обструкциясы қабаттасады

  1. Тиффно индексінің төмендеуімен

  1. демді ішке тартудың қиындауымен

  1. стеноздық тыныспен

  2. Тиффно индексінің жоғарылауымен

  3. ӨҚК азаюымен

10. Өкпе вентиляциясының рестрикциялық бұзылыстарын дамытпайтыны

  1. қабырғааралық миозит

  1. екіжақты пневмоторакс

  1. өкпе ателектазы

  2. сурфактант тапшылығы

  3. ларингоспазм

11. Өкпе гиповентиляциясының өкпеішілік рестрикциялық бұзылысы болуы мүмкін

  1. өкпе қабы және көкірек орталығының өзгерістерінде

  2. кеуде сарайының өзгеруінде

  1. қабырға шеміршектерінің сүйектенуінде

  1. іш шемені кезінде

  2. өкпенің жайылған фиброзында

12. Өкпе гиповентиляциясының өкпеден тыс рестрикциялық бұзылыстары кездеседі

  1. гидроторакста

  1. өкпе өспелерінде

  1. өкпе ателектазында

  2. пневмокониоздарда

  3. өкпе қабы және көкірек орталығының өзгерістерінде

13. Желдетілу бұзылуының рестрикциялық түрі сипатталады

  1. қарқынды дем шығарудың бірінші секөнттегі көлемі (ҚДШК1) азайған

  2. ҚДШК1 өзгермеген

  3. дем шығарудың барыншалық көлемдік жылдамдығы азайған

  4. Тиффно коэффициенті төмендеген

  5. өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылаған

14. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі пайда болады

  1. ұяшықтар қалыңдағанда

  1. интерстициялық сұйықтың көлемі ұлғайғанда

  1. қылтамырлардың негізгі мембранасы қалыңдағанда

  2. қанайналымының кіші шеңберінде қан іркілгенде

  3. төменгі тыныс жолдарының саңылауы кішірейгенде

15.Ұяшықтық-қылтамырлық мембрана арқылы диффузия бұзылуы байқалады

  1. өкпенің жайылған фиброзында

  2. плевритте

  3. бронхы демікпесінде

  4. көмей ісінуінде

  5. қабырғааралық миозитте

16. Сыртқы тыныстың перфузиялық жеткіліксіздігі байқалады

  1. айналымдағы қан көлемі (АҚК) азайғанда

  2. жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігінде
  3. жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігінде


  4. ұяшықтық гиповентиляцияда

  5. артериялық гипотензияда

17. Өкпелік гипертензияның себептері

  1. жедел қансырау

  2. сусыздану

  3. сілейме, естен тану

  4. жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі

  5. жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігі

18. Өкпелік гипотензияның себебі

  1. Фалло тетрадасы

  2. ұяшықтық ауада рО2 төмендеуі

  3. өкпе қылтамырларының қысылуы

  4. жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі

  5. өкпе артериясының эмболиясы

19. Қылтамылалдылық өкпелік гипертензия дамуы мүмкін

  1. жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігінде

  2. өкпе тамырларынан сол жүрекшеге қанның ағып кетуінің бұзылуында

  3. өкпенің майда тамырларының обтурациясында

  4. өкпе көктамырларының басылуында

  5. қос жарғақты тесіктің бітелуінде

20. Қылтамырсоңылық өкпелік гипертензия дамуы мүмкін

  1. өкпе артериолаларының басылуында

  2. өкпенің майда тамырларының обтурациясында

  3. өкпе артериолаларының тарылуында

  4. қос жарғақты тесіктің бітелуінде

  5. дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының күрт азаюында

21. МҰВ =3 л/мин., ал ҚМК=5 л/мин. болғанда желдетулік - перфузиялық арақатынас

  1. төмендейді

  2. жоғарылайды

  1. өзгермейді

22. МҰВ/МК > 1 болады

  1. бронхоспазмда

  2. ұяшықтарда сұйықтың жиналуында

  3. өкпе ателектазында

  4. өпе артериолаларының тарылуында

  5. созылмалы бронхитте

23. Ұяшық ішілік өкпе ісінуі тыныс жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін:

  1. орталықтан

  2. жүйкелік-бұлшықеттік

  3. бронхөкпелік обструкциялық түрі

  4. диффузиялық

  5. перфузиялық

24. Тыныс алу орталығы тежелгенде дамитын тыныс жеткіліксіздігі:

  1. перфузиялық

  2. гиповентиляцияның обструкциялық түрі

  3. диффузиялық

  4. гиповентиляцияның рестрикциялық түрі

  5. жүйкелік-бұлшықеттік

25. Өкпелік гипертензияны кіші қанайналымы шеңберіндегі систолалық артериялық қысым сипаттайды

  1. 10 мм с.б.б.

  2. 15 мм с.б.б.

  3. 20 мм с.б.б.

  4. 60 мм с.б.б.

  5. 30 мм с.б.б.

26. Тыныс жеткіліксіздігінің гипоксемиялық - гиперкапниялық түрі (II түрі) дамиды

  1. ұяшық – қылтамырлық мембрана арқылы газдар алмасуының бұзылысында

  2. тіндік гипоксияда

  3. ұяшықтық гипервентиляцияда

  4. экзогендік гипоксияда

  5. ұяшықтық гиповентиляцияда

27. Эмфизема тыныс жеткіліксіздігінің себебі болып табылады

  1. орталықтық

  2. жүйкелік-бұлшықеттік

  3. желдетілудің обструкциялық түрі

  4. желдетілудің рестрикциялық түрі

  5. кеуде – көкеттік

28. Балалардағы мұрынмен тыныс алу бұзылыстарының салдарына жатпайтыны

  1. мый қантамырларындағы іркілістік көріністер және ОЖЖ дамуының бұзылысы

  2. тыныс орталығы қозуының төмендеуі

  3. төменгі жақтың салбырап қалуы және беттің диспропорциясы

  4. лимфа ағымының бұзылысы және бассүйек ішілік гипертензия

  5. гиалиндік мембраналар синдромы

29. Ентік дегеніміз

  1. жиі терең тыныс

  1. жиі үстіртін тыныс

  1. сирек терең тыныс

  2. сирек үстіртін тыныс

E) тыныс алудың өзгеруімен қабаттасатын ауа жетіспеушілік сезім

30. Инспирациялық ентік байқалады

  1. өкпе эмфиземасында

  1. кеңірдек саңылауы тарылғанда

  1. бронхы демікпесінде

  2. плевритте

  3. өкпе ателектазында

31. Экспирациялық ентік байқалады

  1. бронхы демікпесінде

  1. кеңірдек кеңістігі тарылғанда

  1. плевритте

  2. тұншығудың 1- сатысында

  3. көмей ісінуінде

32. Экспирациялық ентіктің патогенезінде маңыздысы

  1. Геринг-Брейер рефлексінің кешігуі

  2. Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауы

  3. өкпе тіні серпімділігінің төмендеуі

  4. тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына сезімталдығының төмендеуі

  5. жоғарғы тыныс жолдарында ауа легіне кедергінің жоғарылауы

33. Үзілісті тыныс – бұл

  1. демді тарту мен демді шығару арақатынасы өзгерген тыныс

  2. тыныс кезеңдерінің апноэ кезеңдерімен кезектесетін тыныс

  1. жиілеген тыныс

  1. тереңдігі өзгерген тыныс

  2. тыныстың тоқтауы

34. Үзілісті тыныстың патогенезінде маңызы бар

  1. тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы төмендеуінің

  1. тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы жоғарылауының

  1. тыныс алу орталығының қатты қозуының

  2. тыныс алу орталығының инспирациялық нейрондарының тұрақты

түрткіленуінің

E) Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауының



35. Тыныстың ақтық түрлеріне жатады

  1. Биот тынысы

  1. Куссмауль тынысы

  1. тахипноэ

  2. брадипноэ

  3. гаспинг-тыныс

36. Гиперпноэ байқалады

  1. биіктік ауруында

  1. АҚ жоғарылағанда

  1. пневмонияда

  2. есірткілер әсер еткенде

  3. көмей ісінгенде

37. Брадипноэ байқалады

  1. АҚ төмендегенде

  2. тыныс алу орталығы тежелгенде

  1. өкпе ателектазында

  1. гипоксияда

  2. пневмонияда

38. Тұншығудың 2-сатысы сипатталады

  1. АҚ жоғарылауымен

  1. экспирациялық тыныспен

  1. тахикардиямен

  2. инспирациялық ентікпен

  3. симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауымен

39. Тұншығудың 1-сатысы сипатталады

  1. АҚ төмендеуімен

  1. брадикардиямен

  1. инспирациялық ентікпен

  2. парасимпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауымен

  3. тыныс алу орталығының салдануымен

40. Тұншығудың патогенезіндегі маңыздысы

  1. гиперкапния, гипоксемия, газдық ацидоз

  2. гиперкапния, гипоксемия, газдық алкалоз

  3. гипокапния, гипероксия

  4. гипероксия, гиперкапния, алкалоз

  5. газдық алкалоз

41. Тыныс алу реттелуінің мыйға бағытталған қозудың жеткіліксіздігімен байланысты түрі қай жағдайда дамиды

  1. тітіркендіргіш заттармен дем алғанда (мүсәтір спирті)

  2. суық немесе ыстық ауамен дем алғанда

  3. диафрагманың салдануы кезінде

  4. орталық хеморецепторлардың қозғыштығының әлсіреуінде

  5. невроздық жағдайларда

42. Тыныс алу реттелуінің орталыққа бағытталған тежелудің артуымен байланысты түрі қай жағдайда дамиды

  1. күшті ауырулық тітіркенумен

  2. Пиквик синдромы пайда болуымен

  3. «Ундина қарғысы» синдромының пайда болуымен

  4. есірткі заттармен уланғанда

  5. тыныс алу орталығынан диафрагмаға бағытталған жолдардың зақымдануында

43. Тыныс орталығының мый қыртысымен байланысуы бұзылуынан дамиды

  1. ерікті тыныс алуды басқарудың бұзылысы

  2. Пиквик синдромы пайда болуы

  3. тыныс алулық автоматизмнің жоғалуы

  4. «Ундина қарғысы» синдромының пайда болуы

  5. тыныс алу қозғалысының амплитудасының төмендеуі және кезеңді апноэ

44. ЕТДС патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

  1. ұяшық қабырғасының қылтамырларында гидростатикалық қысымның жоғарылауы

  2. ұяшық қабырғасының қылтамырларында гидростатикалық қысымның төмендеуі

  3. артериялық қысым деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы

  4. өкпе қылтамырлары және әлвеолоциттердің таралған зақымдануы

  5. өкпенің жүректік ісінуі

45. ЕТДС кезінде әлвеолоциттер мен қылтамырлардың жайылған зақымдануының патогенезінде, әсерінің маңызы бар (5)

  1. интерлейкиндер

  2. өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)

  3. оттегі радикалдары

  4. протеазаларға қарсылар

  5. лейкотриендер

46. РДС-синдромының көріністерне жатпайтыны

  1. тахипноэ

  2. ӨТС, ӨЖС төмендеуі, өкпенің функционалдық қалдық көлемінің төмендеуі

  3. гипоксемия, тиімсіз оксигенотерапия

  4. айқын цианоз

  5. Тиффно индексінің жоғарылауы

47. Жаңа туылғандардың тыныстық бұзылыстар синдромы (ТБС) патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

  1. ұяшықтар қабырғасында гиалиннің шөгуі

  2. сурфактанттың жетіспеушілігі

  3. өкпе тіні созылғыштығының төмендеуі

  4. жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы

  5. кіші бронхылардың жиырылуы

48. Зақымдаудан, жаңа туылған нәрестелерде сурфактант тапшылығы пайда болады

  1. өкпелік капиллядың эндотелилік жасушасы

  2. бронхтың шырышты қабатының жасушалары

  3. тыныстық бронхиоланың эпителий жасушалары

  4. альвеолоциттердің I түрі

  5. альвеолоциттердің II түрі

49. РДС-синдромнан қайтыс болған жаңа туған нәрестелердің өкпе тінінің гистологиялық зерттеуі кезінде анықталуы мүмкіншілігі жоғары (1)

  1. нейтрофильдермен сіңбеленген ұяшықтар

  2. ұяшық қабырғаларының фиброзы

  3. өкпенің желдетілуінің жоғарылауы

  4. ұяшық мембраналарының гиалинозы және бүріскен ұяшықтар

  5. өкпенің қалыпты құрылымы

50. Жаңа туған нәрестелердің респираторлық дизстресс–синдромының патогенезінің сатыларынан «кері айналып соғу шеңберін» құрастырыңыз

  1. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция

  2. шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → ателектаз → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция → сурфактант түзілуінің төмендеуі

  3. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция → ателектаз

  4. шала туылу → ателектаз → гиповентиляция → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния

  5. шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гиповентиляция→ ателектаз


Ситуациялық есептер әрбір сабаққа қара.
4. ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ


  • желдетілулік, диффузиялық және перфузиялық тыныс жеткіліксіздігінің патогенезін түсіндіре алу

  • Бронхообструкциялық синдромның, өкпе тінінің тығыздалу синдромының патогенезін түсіндіре алу

  • Қанның газдық құрамы мен спирометрлік көрсеткіштер бойынша сыртқы тыныс бұзылыстарының түрлерін анықтау;


Оқу құралдары
1) Орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі барлық дәрістердің мультимедиялық көрсетілімдері:

2) Сабақтың мультимедиялық қойылым



Тақырып

Көрнекілік құралдардың түрі

Кестелер мен бумалардың №

Тыныс алу патофизиологиясынан дәрістер

Сыртқы тыныс патофизиологиясынан

сабақ


Мультимедиялық қойылым
Таратылатын материал

Кестелер




Қатты диск

ЖМ 2-ТЖ
25.1Тыныс жеткіліксіздігінің жіктелуі

25.2 Сыртқы тыныстың реттелуі

25.3 Тыныстың дерттік түрлері


Ситуациялық есептердің жауаптары

Тақырыбы «Cыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Өкпе ұяшықтық гипо- және гипервентиляция»

1 тапсырма



  1. Кеңірдек тарылғанда брадипноэ қалыптасып, содан демді ішке тарту кезеңі ұзарады және қиындайды (стеноздық тыныс дамиды).

  2. Стеноздық тынысалудың негізінде демалу кезінде кеңірдектің айқын бітелуімен қабаттасқан Геринг-Брейер рефлексінің кешігуі жатыр. Бұл өз кезегінде өкпе ұяшықтарының баяу толуына және тыныс орталығының қозу жағдайының ұзаққа созылуына әкеледі.

  3. Бұндай тыныс алудың өзгерістері жоғарғы тыныс жолдарының тарылуымен жүретін көптеген ауруларда дамиды. Мәселен, күл ауруында, көмей ісінуінде немесе өспесінде, дауыс байламы жиырылып қалғанда, тыныс жолдарына кесек бөгде заттар түскенде дамиды.

2 тапсырма

Тыныс алу жолдарында түзілетін оң қысым нәтижесінде кеудеден тыс тыныс алу жолдарының дерті кезінде олардың олардың кеңістігі ұлғайып, бітелу деңгейі азаяды. Демалу кезінде тыныс алу жолдарындағы теріс қысым айналасындағы (атмосфералық) қысымнан төмендеп, тыныс алу жолдарындарының тарылуына әкеледі. Кеудеішілік тыныс жолдарының дерттерінде демді шығарғандағы плевралдық оң қысым тыныс алу жолдарының кеңістігін тарылтса, демді ішке алғанда плевралдық теріс қысым – кеңітеді.

3 тапсырма


  1. Тыныс үстіртін және жиі болады (полипноэ немесе тахипноэ)

  2. Жасанды гидроторакс өкпе сыйымдылығының азаюын, өкпенің қозғалуы шектелуін және тыныс алу беткейінің азаюын туындатады. Гидроторакспен қысылмай қалған ұяшықтар бөлігі, қалыптағыдан бұрын ауаға толып, Геринг-Брейер рефлексін тездетеді. Әрі қарай демді ішке тарту демді шығарумен ауысады. Соған сәйкес дем шығарғанда, қызмет атқарушы ұяшықтардың басылуы тез жүреді де, дем шығару мен дем алу тез алмасады. Негізінен тахипноэ кезінде өлі кеңістік желденеді, сондықтан қанның газдық (анатомиялық та және функционалдық та) құрамы өзгереді.

  3. Пневмония, ателектаз

4 тапсырма

  1. Обструкциялық бұзылыс

  2. Рестрикциялық бұзылыс


Тақырыбы: Өкпе ұяшықтық-қылтамырлық мембранасының дифузиялық қабілетінің төмендеуінің патогенездік тетіктері.

1 есеп

D жауабы. Ірі бронх тесігінің жабылуы қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысымен қабаттаспайды. Бітелген бронхтан төмен өкпе аумағы тесіледі, бірақ желденбейді. Бұл аумақта газ алмасу болмайды және желденудің перфузияға қатынасы айқын төмендейді. Сондықтан рО2 төмендеп, ал рСО2 жоғарылайды, соған сәйкес рН төмендейді.

2 есеп

С жауабы. Артериялық қантамырдың тромбоэмболиясы кезінде өкпе аймағында қан ағымы төмендейді, бірақ өкпенің желдетілуі жалғаса береді, сондықтан өкпе ұяшықтарында рО2 және рСО2 дем алу кезіндегідей болады.

3 есеп

D жауабы. Тыныштық жағдайында бір өкпенің қан тамырлары қанның кіші қанайналымы шеңбері арқылы өтуін қамтамасыз етеді. Бірақ жүктеме кезінде өкпе арқылы өтетін қанның артық көлемін теңгере алмайды.

4 есеп



  1. Берілген науқастың өкпелік перфузиясының патогенезі қандай? Қосжарғақты қақпақшаның тарылуы → өкпе көктамырларында қан қысымының жоғарылауы (қылтамырсоңылық гипертензия) → өкпе артериоласының тарылуы, қылтамыралдылық гипертензия (Китаев рефлексі).

  2. ӨТС және ТӨС даму тетігінің төмендеуін түсіндіріңіз. Өкпедегі қанның іркілуі олардың керіліп созылуының төмендеуімен түсіндіріледі, сондықтан ӨТС және ТӨС азаяды.

  3. Бронхообструкциялық синдром туралы ойлауға бола ма? Берілген науқастағы Тиффно индексінің қалыпты болуы тыныс алу өткізгіштігінің бұзылысына қарама қарсы екендігін білдіреді.

Тақырыбы: Сыртқы тыныстың орталық реттелу тетігінің бұзылысы.

1 тапсырма


  1. Ацидоз кезінде гиперпноэ қалыптасады. Патогенезінде тыныс орталығын көп жинақталған Н+ тітіркендіруі маңызды орын алады.

  2. Ацидоз кезіндегі гиперпноэның СО2 сыртқа шығарып, ацидоздың әрі қарай дамуын шектейтін теңгерілу маңызы бар. Дегенмен, организмнен СО2 артық мөлшерін шығара отырып, түрлі зиянды зардаптары болатын газдық алкалоздың даму қаупі бар.

2 тапсырма

  1. Жоғарғы тыныс жолдарының қатты тітіркендіргенде туындаған тыныс алудың рефлекстік өзгерістері: біріншіден, апноэ дамуы дем алатын ауадағы қауіпті газдардан сақтандырады. Екіншіден, ұзаққа созылған рефлекстік апноэ асфиксияға және өлімге әкелуі мүмкін.

  2. Аммиак буымен дем алғанда пайда болған апноэ дамуында жоғарғы тыныс жолдарының экстерорецепторларының тітіркенуінен тыныс орталығының рефлекстік тежелуі маңызды. Бұл, аммиак буы әсер етуінен алдын-ала, новокаинмен рецепторларға тосқауыл жасағанда, тыныс орталығы қызметінде өзгерістер туындамайтынын дәлелдейді.

3 тапсырма

  1. Жасанды гипервентиляция қанның газдық құрамының өзгеруіне (гипокапния) және газдық алкалоз дамуына алып келеді. Бұл жағдайда тыныс алу орталығының протонмен және көмір қышқыл газымен әсерленуі шектеледі, апноэ дамиды. Белгілі бір уақыттан кейін зат алмасу үрдістері қанда протондар мен көмір қышқыл газының жиналуына әкеледі, ол тамыр орталығын әсерлендіреді, тыныс алуды қалыпқа келтіреді.

  2. Жасанды гипервентиляциядан кейін ауыртатын ықпал еткенде, тыныс алу тез арада қалпына келеді, ол ауыру сезімін қабылдағыштардан шыққан серпіндермен тыныс орталығының әсерленуінің нәтижесінде дамиды.

  3. Гипервентиляциядан кейін, тыныстың өздігінен қайта қалпына келуінің жасанды түрінен айырмашылығы, өздігінен қалпына келуі кезінде, бір тыныс оралымынан екіншісіне қарай тыныс қозғалыстарының ауытқуы төменнен қалыптыға дейін біртіндеп жоғарылайды. Ал, жасандыда тыныс алу қозғалыстарының амплитудасының қалпына келуі бірден болады.

  4. Адамда гипервентиляция организм қажеттілігіне сәйкес өкпе вентиляциясының өзгеруіне бағытталған, физиологиялық жағдайларда тыныс жүйесінің серпілісі ретінде дамуы мүмкін. Гипервентиляция күшті эмоциялар әсерінен және денені суық немесе ыстық суға батырғанда байқалуы мүмкін. Гипервентиляция тағы да газдық емес ацидозда, анемияда, қанда оттегінің үлестік қысымының төмендеуінде немесе қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының көтерілгенінде дамиды.

4 тапсырма

15 мин –Чейн-Стокс тынысы

30 мин –Биот тынысы

40 мин –Куссмауль тынысы

5 тапсырма

1 есеп. Жауабы D. Барбитураттар тыныс алу орталығын тежейді,осының нәтижесінде гиповентиляция →гипоксемия, гиперкапния, ацидоз дамиды.

2 есеп


  1. ӨЖС-ның ұлғаюы өкпе тінінің созылғыштығы мен серпімділігінің бұзылғанын дәлелдейді. Мұны сонымен қатар тыныс алу мен шығарудың резервтік көлемі мен ӨТС-ның төмендеуі дәлелдейді .

  2. Тиффно индексінің төмендеуі төменгі тыныс жолдарының өткізгіштігінің нашарлағанын дәлелдеп, демікпелік құрамбөлшек туралы ойлауға мүмкіндік береді .

  3. Өкпенің диффузиялық қабілеті бұзылған жағдайда өздігінен гипервентиляция сынамасы кезінде гипоксемия күшеюі мүмкін.

  4. Альвеолярлық гиповентиляцияның обструкциялық түрі (эмфизема кезіндегі бронхтардың обструкциясының қақпақшалық түрі), сонымен қатар бронхиолоспазм нәтижесінде дамыған демікпелік құрамбөлшек. Тексеру үшін бронхолитиктермен сынау жасау керек.

3 есеп

  1. Артериалық гипоксемия, веналық гипоксемия, артериялық гиперкапния - тыныс жеткіліксіздігінің II түрінің дамығандығын дәлелдейді (гипоксемиялық -гиперкапниялық).

  2. Спирограммада: тахипноэ, тыныс шығарудың резервтік көлемінің және Тиффно индексінің төмендеуі байқалады.

  3. Пневмотахограммада: Ппик, болмашы төмендеуі, П50 және П25 айқын төмендеуі, төменгі тыныс жолдарының обструкциясын дәлелдейді.

  4. Спирограмманың өзгеруі вентиляциялық тыныс жеткіліксіздігінің обструкциялық түрінің бар екенін дәлелдейді. Әсіресе дем шығару кезеңі қиындайды .

  5. Қан анализінде эозинофильдік лейкоцитоз. Атопиялық аллергиялық серпіліс жайында ойлауға болады. Науқаста бронх демікпесінің атопиялық түрі болуы мүмкін. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің дамуына аллергиялық серпілістердің реагиндік түрінің дәнекерлері гистамин және C4 D4 лейкотриендердің әсерінен бронх қабырғасының тегісеттерінің тұрақты жиырылуы әсер етеді. Гистамин бронхтардың шырышты қабатының ісінуі мен ондағы бездердің сөлденісін жоғарылатады.

Тыныс жеткіліксіздігі кезінде гипоксияның тыныстық түрі дамиды.

Теңгерулік көріністер: эритропоэздің әсерленуі (ретикулоцитоз) → эритроцитоз, тахикардия, ҚМК – ң ұлғаюы, оттегінің артерио-веноздық айырмашылығының ұлғаюы.


Сынамалық тапсырмалардың жауаптары


1-Е

6- С

11- E

16- B

21- A

26- E

31- A

36- A

41- D

46- С

2- С

7- D

12- E

17- D

22- D

27- C

32- C

37- B

42- A

47- B

3- А

8- C

13- B

18- A

23- D

28- E

33- A

38- B

43- A

48- E

4- А

9- A

14- B

19- C

24- D

29- E

34- A

39- C

44- D

49- D

5- Е

10- D

15- A

20- D

25- D

30- B

35- E

40- A

45- А

50- B




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет