А1 – А2 – негізгі деңгей; В1 – В2– кәсіби бағдарлы деңгей; С1 – С2 –
мамандық тілі деңгейі:
Кәсіби бағдарлы деңгей
Студент
берілген
деңгей
негізінде
мынадай
коммуникативті
тапсырмаларды орындай алуы керек.
Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс кәсіби бағдарлы мәтінді
таспадан тыңдап, ақпараттың мазмұнын, тақырыбын, негізгі идеясын, негізгі
және қосымша хабарды толық түсіне білуі тиіс.
Әдеби нормада қалыпты жылдамдықпен айтылған нақты және
абстрактылы тақырыптағы ақпараттарды тыңдап, түсіну. Тіл иесімен
дайындықсыз сұхбатқа түсуі. Өз қызметі шеңберіндегі тақырыптар бойынша
қалыпты нормада айтылған лингвистикалық құрылымы мен мағыналық
жағынан орта, нақты және абстрактылы тақырыптардағы негізгі ойды түсіну.
Әдеби нормада үнтаспаға жазылған хабарламаларды тыңдап, ондағы
айтушының көзқарасын анықтай алуы.
Радиодан әдеби нормада берілген деректі радио хабарлардың және басқа
да материалдардың көпшілігін түсіну. Ондағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін
көңіл күйін анықтай алуы тиіс.
Оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, түсінгенін ауызша
айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен
әңгімелеп беруі қажет. Бұдан студент мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін
және сөздік қорының ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіндер кәсіби-
іскери, арнайы ресми бағытта оқиғаны хабарлау, мазмұндау, суреттеу
негізінде арнайы құрастырылуы қажет.
Кәсіби мәтінді оқу барысында студент келесі жайттарды орындай білуі
қажет:
– оқудың әр түрлі стратегияларын қолдана білуі;
– мәтіннің тақырыбын анықтап, оның негізгі идеясын түсіне білуі.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып
мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен
қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе
білгені жөн. Мұның өзі студенттің кәсіби қазақ тілін қалай меңгергенін,
оның қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Студент сонымен қатар
кәсібі бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары
жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Айтылымда студенттер өздеріне ұсынылған кәсіби бағыттағы
тақырыптардың біріне сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай
сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі:
– берілген тақырып бойынша студент сөйлемдерді байланыстырып,
еркін сөйлей білуі қажет;
– мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған мәтіннің, естіген
ақпараттың мазмұнын айта білуі, ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіре білуі,
оны өзінше толықтыра білуі тиіс.
Студенттің берілген тақырып бойынша мәлімдеме жасау, сұхбат құру,
әңгімені қоштау т.б. бағытта білім, білік дағдысы болуы қажет.
|