Мир-Якуб тѳмендердің аласасы, Сѳзімнің бар ма, жоқ па тамашасы



Дата16.12.2022
өлшемі13,22 Kb.
#162994
Байланысты:
Бақытсыз Жамал CѲЗ БАСЫ


CѲЗ БАСЫ
Мир-Якуб - тѳмендердің аласасы,
Сѳзімнің бар ма, жоқ па тамашасы.
Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас,
Қазақша бір роман жаза салшы.
Үш жүзге біздің қазақ бѳлінеді,
Осылай шежіреден кѳрінеді.
Саны кѳп, сапасы жоқ һәммеден бос,
Ғылымға мойынсұнбай ерінеді.
Шет шығып сахарадан баспас қадам,
Болады бүйтіп жүріп қашан адам?
Бейхабар ғаламдағы хикматтан,
Тұтқындай қапастағы күні қараң.
Болмайды кемшіліксіз һешбір халық,
Бәрінен кейін қалған қазақ анық.
Басқа жұрт біз секілді жалқау емес,
Ғылыммен қараңғыны етер жарық.
Шығып жүр һәр халықтың талаптысы,
Болмай ма талаптанған әлі-ақ кісі.
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар -
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
Кеудесін мырза десең кѳтереді,
Бардай-ак құрт ауруы жѳтеледі.
Шегінер халық пайдасы деген іске,
Деп айтшы осы сѳзді бекер еді?
Оқуға емес жұрттың бәрі құмар,
Оқығаны романды не деп ұғар?
Демеймін жалпақ жұрттың бәрі кеще,
Мағынасын түсінетін бар да шығар.
Сонда да жұрттың бәрі біле бермес,
Сѳз болар жақсы-жаман бәрі кеқес.
Мақсаты романның- халық түзетпек,
Жазылған еріккеннен ертегі емес.
Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта
Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.
Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс,
Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.
Айырсын оқушылар мағынасын,
Жай ғана хикая деп қарамасын.
Кѳрген кім шариғаттан деген сѳзді:
«Қор етіп әйел халқын аямасын».
Сатады қызды қазақ мал орнына,
Алмайды халал жұпты жар орнына.
Әйелді хайуанға қисап етіп,
Тұтады ѳзін ерлер хан орнына.
Байқашы ѳзің-ѳзің отчет беріп,
Бақытсыз Жамал қызды оқып кѳріп.
Қазақтың һәр жерінде бар емес пе,
Хисаплап уақиғаны кѳрсең теріп?
Бұл сѳзді оқып кѳрер колына алған,
Иншалла, хақиқат-дүр, емес жалған.
Тыйылып мыннан бірі қиянаттан,
Кѳрсе екен ғайібләрін һәркім қылған.
Қазақша роман жоқ басылған кѳп,
Бұл күнде халық ішінде шашылған кѳп
Кәдәри-хәл білгенімше мен де жаздым,
Тілеймін болса екен деп асырған кѳп.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет