Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты Мырза Хайдар Дулаттың еңбегінің ғұмырнамалық шығарма ретінде әдеби ерекшеліктерін айқындау, исламдық шығыс әдебиетінің түркі әдебиетімен байланысын нақтылау, олардың қазақ әдебиетіндегі сабақтастығын анықтау болып табылады. Осы және басқа да мақсаттарға жетуде төмендегідей міндеттер шешімін табуы қажет:
Мырза Хайдардың ғылыми ғұмырнамасын жасау;
Мырза Хайдардың шығыс әдебиетімен танысуы, оның көркемдік, стильдік тәсілдерін меңгерудегі шеберлігін айқындау;
Мырза Хайдардың исламдық дүниетанымының шығармаларындағы көрінісін анықтау;
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде автор тоқталған шығыстың әдеби-рухани әлемінің белгілі қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын толықтыра зерттеу және олардың Мырза Хайдар шығармашылығына әсерін анықтау;
1346-1546 жылдар аралығында өмір сүрген Шағатай, Әмір-Темір, Шейбани, Дулат әмірлігі, қазақ хандығы жайындағы авторлық деректер мен түпнұсқа деректерді, әлемдік зерттеу жұмыстарын және қазақ ғалымдарының зерттеулерін салыстыра отырып нақтылау;
- Шығармадағы ислам қағидасының негізінде пайда болған шығыс әдебиетіндегі жанрлар мен әдеби тақырыптардың және исламдық әдеби стилдің ерекшеліктерін айқындау;
- Шығармада қолданылатын түркі өлеңдерінің және қазақ сөздерінің көркемдік, философиялық, психологиялық мәнін ашу;