Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет35/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Ұран жақсы, үміт көп,
Жамырар жастар, бас құрар.
Өсерсін көпке жігіт боп
Жасыма жаным, жас құрғар16,
деп жұбатады. Міне, осы өлеңдерден ақынның әлеуметтік, мемлекеттік іске тікелей араласып, өзінің поэзиясымен қызмет етіп отырғанын көреміз. Бұл қызметтегі ол жалаң үгіт арқылы жүргізбей, «Жалшы бала жыламасын, мектепке баратын болсын» деген жадағай ұраннан көрі нақтылы образ арқылы жырлаудың әсері әлде қайда күшті болатынын біледі.
Бірақ, I.Жансүгіровтің осы мәселе туралы жазған өлеңдерінің барлығы бірдей нысанаға дәл тие бермейтіні де бар. Мысалға, «Бұлақ бойында», «Жауында», өлеңдеріне тоқталып көрейік.
«Бұлақ бойында» – көркемдігі, сезімге әсер етуі жағынан жап-жақсы өлең болғанымен онда ақынның өз позициясы айқын сезіле бермейді. Су алуға келген Жамал сылдырлаған бұлақпен сырласып, мұңын шағады. Өз өміріне өкініші мол, жан ләззатын, жүрек сергітер серпіністі тек бұлақтан ғана алады. Ақ ұрып ауыл жаққа қараса, күндесі айқайлап, күйеуі де әке-бабадан түк қоймай боқтап, сойылын сүйретіп келе жатады.


Өмірге қор, өмірге ез боп жас Жамал,
Ұялады жүрегіне тірі өлім17.

Рас, революциядан кейін бірте-бірте өздерінің бас бостандығын алып, сүйген адамдарымен көңіл қосқан қыздар да көріне бастады. Дегенмен санасы әлі көтеріле қоймаған, Жамал сияқты әйел үстіне шалға барған жас қыздар әлі де болса сол ескі әдеттің шырмауына оралуда болатын. Ақын осы соңғы жәйді дәл суреттейді.


20-жылы азамат соғысы аяқталғаннан кейін халық басына екінші қиындық туды, үстем тап өкілдері мал-мүлкін өкіметке бермеді, ал еңбекші халық экономикалық жағынан қатты тарықты. Ілияс осы шындықты көрсету ниетімен «Жауында» деген өлеңінде:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет