мысал. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екінші қабырғасынан см артық, ал ауданы 130 с Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Шешуі



Дата11.12.2021
өлшемі23,03 Kb.
#99254
Байланысты:
мәтін 4


1-мысал. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екінші қабырғасынан 3 см артық, ал ауданы 130 см2. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Шешуі: Бірінші қабырғаны х деп аламыз. Сонда екінші қабырға одан 3 см кем, яғни х  3 болады. Екеуінің көбейтіндісінен төртбұрыштың ауданы130сшығады. Теңдеу түрінде жазсақ,х(х  3)=130. Жақшаны ашып, 130-ды теңдеудің сол жағына көшірсек, х23х130=0 квадрат теңдеуі шығады. Бұдан х1=-10, x2=13 болады. Бірінші түбір теріс сан болғандықтан берілген есепті қанағаттандырмайды. Екінші қабырға 13 – 3=10.

Жауабы: 13 см, 10 см.

2-мысал. Туристер моторлы қайықпен саяхатқа шықты. Олар өзен ағысымен 35 км жүзген соң, 3 сағ аялдап, кейін қайтты. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса және туристер барлық жолға 7 сағ жіберсе, онда моторлы қайықтың жылдамдығы қандай болғаны?

Шешуі: моторлы қайықтың жылдамдығын у десек, онда оған өзен ағысының жылдамдығы қосылады, яғни у+3 болады, ал ағысқа қарсы жүзгенде кемиді, у–3 болады. Қайықтың ағыспен жүзуіне сағ, ағысқа қарсы жүзуіне сағ уақыт кетеді. Ал туристердің барлық жолға жіберген 7 сағ уақытынан аялдаған кездегі 3 сағ уақытын азайтамыз, 4 сағ болады. Есептің теңдеуін құрамыз: . Теңдеуді шешсеку1=-0,5, у2=18 болады. Теңдеудің шартын екінші түбір ғана қанағаттандырады.

Жауабы: 18 км/сағ.

 3-мысал. Екі бригада ағаш отырғызды. Бірінші бригада екінші бригадаға қарағанда күніне 40 талдан артық отырғызып, барлығы 270 тал отырғызды. Екінші бригада бірінші бригадаға қарағанда 2 күн артық жұмыс жасап, 250 тал отырғызды. Тал отырғызу жұмысына әрбір бригада қанша күн жіберді?



Шешуі: Бірінші бригаданың тал отырғызған күнін z деп алсақ, барлық талды күнде отырғызады. Екінші бригада бірінші бригадаға қарағанда 2 күн артық жұмыс жасағандықтан z+2, ал барлығы күн жұмыс жасады. Сондай-ақ, бірінші бригада екінші бригадаға қарағанда күніне 40 талдан артық отырғызды. Есептің теңдеуін жазайық: . Теңдеуді шешсек, z1=-4,5 және z2=3. Теңдеудің шартын екінші түбір қанағаттандырады. Екінші бригаданың істеген жұмыс күні 3+2=5.

Жауабы: 3 күн, 5 күн.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет