Үміт битенова көҢіл күнделігі



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі4,54 Mb.
#33025
1   2   3

Үміт БИТЕНОВА

К Ө Ң І Л

К Ү Н Д Е Л І Г І


Өлеңдер

Тараз

«Сенім»

2009


Битенова Ү.

Көңіл күнделігі. Өлеңдер.


Тараз, «Сенім» баспасы, 2009 -170 бет.

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

Республикалық жазба ақындар мүшайрасының жүлдегері, ақын, әнші-

сазгер Үміт Битенованың жаңа жыр жинағындағы үш бөлім лирикалық, философиялық өлеңдерден құралған.

Туған жерге деген махаббат, өмірге іңкәрлік, адамдық асыл қасиеттерге толы перзенттік тебіреністер ақын жырларының негізгі арқауы.

Битенова Ү.



«Сенім» баспасы,2009.


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Барады қалып ет-жақындарым,

жүрегім шаншып жүдейді,

Жаншылып жаным, кеудеме келіп

жылауық сезім түнейді.

Қимаймын сені, көрмегеніммен

бір елден артық бір елді,

Өлеңмен өрдім өзіңе деген,



Өрнекті Өлкем, тілеуді.
Бәріңнің адал, ақ пейіліңді

арқалап кете барайын,

Қайда жүрсем де сендердей, Елім,

тілекшім бар деп санайын.

Ауылда қалған, атамекеннің

қадірін білші, Ағайын,

...Қаланы бетке ап, Қаратау асқан

соңғы көш мен-ақ болайын.






- 14 –

Көгенді алмай, алыппыз өлеңді біз.

Үміт Битеноваға

Қаратауға келуге, ерек бүгін,

Үміт, сенің кітабың себептұғын.

Ақын ана, ақын жар болу үшін,

Мен білемін қанша ерлік керектігін!

Өлең қонса, өзіңе ақыл қонса,

Көп болмайды бақытты сәтің де онша.

Жырдың тәжі-тым ауыр,одан да ауыр

Оған қоса күйеуің ақын болса!

Түсінеміз қос ақын дегенді біз,

Тәңір берген тағдырға тәуелдіміз.

Кемел бір із қалдырсақ ұрпаққа деп

Көгенді алмай, алыппыз, өлеңді біз!

Екеумізге жыр-тағдыр жолықты өктем,

Кеудемізге тұрғандай толып көктем.

Қасыңдағы ірі ақын - бір бақытың,

Рухани туысың болып кеткен.

Сіңлілердің бірі едің, сұлу үнді,

Сұлу өмір, сұраймын, сүруіңді.

Суатынан қансын деп қара өлеңнің

Айтысқа сап, баулыдың құлыныңды!

Қалауынан Алланың алыстамай,

Сөз ұстаған екенбіз, мал ұстамай.

Ақын жаны тынбайды айтатынын

Жүрегіне халқының табыстамай!

Ел бақытын

Ақынның бәрі көксеп,

Кеткендігін жетеді мәлім етсек.

Өлең деген сый ма екен, сынақ па екен,

Абыроймен дұрыс қой алып өтсек!

Күләш Ахметова, ақын

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


БІРІНШІ БӨЛІМ
Елдің мұңын

арқалаймын

мен бүгін ”



- 4 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Белгілі, маған туған жер басқа,

кіндік қан тамған жер алыс,

Әкеліп сенің бауырыңа салған

замана дейтін жел-ағыс.

Нәр алып сенен, көркейіп сана,

толықты бойда бұла күш,

Өзіңнен таптым бақытымды да,

қайғысыз келген қуаныш.
Сағымды белес, ой-қырың ыстық,

қимаймын жерің-суыңды,

Шаттыққа толды мерейім өсіп,

қастыққа көңіл суынды.

Ақ боранды ауылым, Үшаралым менің, өзіңе жайдым сырымды,

Тыңдаушым болдың, балауса, балғын жырларым сенде туылды.


Алыстап сенен кететін кезең

келді де, дәм-тұз бұйырып,

Барамын ұшып, өзіңе ауылым,

Аллаға және сыйынып.

Аңсармын кезді самалға тұрар

күн қаққан өңді сүйгізіп,

Шіркін-ай, бірге кетер ме алып,

құшаққа бәрін сыйғызып...

- 13–

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Жер-Анамның баяғы жоқ күйі анық.

(Балғын денем босап қалған менің де...)

Мендегі қантамырлардай суалып,

Тұзға айналған Ащыкөл көп жерімде.
Отқа салдым. Суға салдым. Қопарттым.

Сақтай алмай барды Балқаш, Аралдай.

Өз қолыммен өзім қылған апаттың

Күрсінемін енді емін таба алмай.


Тұзды ерітсең болды. Барға қанағат.

Ет алмай-ақ бақытты өмір кешем мен.

...Дәл өзіңдей бір массажист керек-ақ,

Жер-Ананы құтқаратын кеселден..

Қаратауға көшерде
Аялап, менің еркелігімді

көтерген талай-Үшарал,

Топырағыңды қиналмай қиып

кетем мен қалай-Үшарал.

Қоштасар кезде арнадым саған

арынды өлең-Үшарал,

Өйткені менде қимастық толы

жанымды жеген құса бар.



- 12 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Туған жер, жырым да – сен, сырым да – сен

Жұлдызың, Айың да-әсем, түнің де-әсем,

Туған жер, жырым да–сен, сырым да–сен.

Өспесем аунап-қунап топырағыңда

Өзіңді терең танып ұғынбас ем.

Көкірек көзін ашсаң қоймадайын,

Оралар өткен күндер ойға дәйім.

Өмірдің шиыр-шиыр шырмауына

Түсірмей салдың ылғи жолға дайын.

О, менің шалқар көңіл, дархан далам,

Төлің ем мейіріміңе жаутаңдаған,

Жылдардың шылбыры ұзап желген сайын

Айналып қазығыңды арқандалам.

Сүйемін сарала жаз самалыңды,

Қырыңды изен, жусан, лала гүлді,

Көкорай сағым ойнап құба жонда

Арбайтын керемет сәт жанарыңды.

Сүйемін қар жамылған ақ қысыңды,

Ақ үлпек көлге қонған аққу – сынды,

Кеңітіп тынысымды жұпар ауаң,

Шырқатып қиялымды көкке ұшырды.

Сүйемін көк аспанды күмбезіңді,

Қарайтын аңдап, басқан күнде ізімді.

Арай күн, атқан таңмен бірге оянған

Әр айқын ақ ниеттен мұң безінді.

- 5 –


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Сұраған берді Тәңір бар тілеуді,

Сыланған көз тоймастай көркің енді.

Туған жер, тербет бақыт бесігімен

Құнарлы төсіңді емген еркін елді !
Байлығың, ырыс-құтың бастан мәлім,

Марқайып масаттандым, мастанбадым,

Мен бүгін бар үніммен жар саламын

Тек сенің дәуіріңнің басталғанын !



Ұйқыашар сөз
«Оян, қазақ!»

М. Дулатұлы.
Әлі тұрған жоқсың ба?!

Ұйқы деген қана ма?!

Терезеңді ашқын да,

Көз салсаңшы далаңа!


Көк көрпеңе көміліп,

Жатпақсың ба көп әлі,

Сергісеңші керіліп,

Жұтып жұпар ауаны.



- 6 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Массаж

Жұмсақ, жылы қос алақан керілді

Жон арқамда ары-берлі сырғанап,

Сылып тастап жіберердей терімді,

Сілікпемді шығарады жұлмалап.
Омыртқа мен қабырғаны түгелдеп

Елестеткен таспа тілер қайысты,

«Май жинамай тұз жинапсыз кілең» деп,

Майда үнді массажист қыз майысты.


Майысты қыз он саусағын ойнатып,

Жоғалғандай сергіп қалдым жел-құзым.

Тұз дегенің жоқ еді, рас, ойда түк,

Тері астынан тауып бердің енді ізін.


Кесел түбін жылдар жиған байқамай

Қазып бердің. Жазып бергін біржола.

Жүдеу жанға жиналушы еді май қалай,

Менің денем- Жердей көрген зілзала.


Денем осы- Жер-Ананың бөлшегі,

Өз әлінше көтере алған ел жүгін.

Елдің жүгін кім қаншалық өлшеді,

Елдің мұңын арқалаймын мен бүгін.


- 11 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Бір-ақ сәтте

Бойыңдағы барлық мұңың жоғалды.

(Мұңмен


Қанша күнің өтті.

Қанша жылың тоналды.)



Сәби дауыс

Телефонның құлағынан естілген

Сенің нұрсыз жанарыңа

Өмір отын жаға алды.


Осы сәтті күткен едің

Қанша төзім тауыса.

Немереңнің сиқырлы үнді

«Апа» деген дауысы-ай!..

Сағыныштың

Сазын төктің,

Сан айналып, толғанып,

Жүре берді

Түгелденіп

Төрт құбылаң- бәрі сай.


Жап-жақыннан естіліп тұр.

Ортақ Жұлдыз.

Таныс Ай.

...Екі қала бөліп тұрған



Екі араның ...

. алысы-ай.



- 10 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Мал бітпей ме баққанға,

Ерте ішіп сәресін.

Сендейлер көп ақ таңда

Жимай жүрген әлі есін.
Аямайды бұл әлем

Жанаярды, осалды.

Кәне, ұшып тұра кел,

Қалғымақсың қашанғы.


Арыл бейжай қалпыңнан,

Болса егер бойда ұят,

Қызсын әбден салқын қан,

Санаңды түрт, ойды оят!


Көзіңді аш, жұртты көр,

Салма бекер байбалам.

Сезбейсің бе түп-түгел

Өзгергенін айналаң.


Қызу еңбек қайнаған

Жан-жағыңа қарашы,

Қыс қамын жаз ойлаған

Өзіңдей ел баласы.


- 7 -


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жас ғасырмен көркейген,

Заман жаңа, ел жаңа.

Үміт күтсең ертеңнен

Ұмтыл өзің олжаңа!
Қатал заңы нарықтың,

Мықтап ұста есіңе.

Адал болғын халықтың

Ілесем десең көшіне.


Келешек күн мақсатын

Дос түсініп, қас ұққан.

Шықсын десең жақсы атың-

Оқы, ізден, машықтан!


Бәріне де дайын бол,

Санап қайтем барды мен.

Жалқауларға уайым мол,

Ұйқыны азайт алдымен!


Көппен бірге иыққа ап,

Көтергейсің ел қамын!

...Үлгересің ұйықтап

Таусылғанда талқаның...




- 8 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ



Жақын да алыс
Ана – жүрек,

Көптен бері

Бүгін сенің өңіңе

Қан жүгірді қуаныштан,

Шырайландың,

Көрдің бе?!.

Адам деген

Бақытты өзін сезу үшін

Көп нәрсе

Керек емес деуші еді,

Түсінбеппін мен мүлде.
- 9 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Удай татып таңдайымда ән

Жаным мұңды күй қалайды,

. . .Елжіреп кеп маңдайымнан

Енді ешкім сипамайды.

Ұлға тілек
Ертеңіңе алаңдаймын

Тартасың деп сен кімге.

Алды –артыңды бағамдай біл,

Анаңа сөз келтірме!
Жас құрақтай желкілдеген

Сенсіз суық үй бізге.

Ілінісіп әркімменен

Әкеңе тіл тигізбе!
Атар талай үмітті ақ таң,

Сыналар сәт тақалды.

Сені арқалап жүріп баққан

Ұмытпағын апаңды!




- 26 –


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Тәуелсіздік үні


Мен туғам қазақ болып

Өмірді сүру үшін,

Жабылып тозақ, тамұқ,

Жұмаққа кіру үшін.


Қазақ боп қиналғам мен

Желтоқсан қуып кегін.

Сол жылдан сыйға алғанмын

Тағдырдың биік төрін.


Жүректің жан-жарасын

Жазбақ боп өзім емдеп,

Атқанда таңдар асыл

Татқам дәм сезінем деп.


Қайғым боп қалғанменен

Қапыда қырылғаным,

Қыздарым арманменен

Қайта өрді бұрымдарын.


Бұқтырған бодандықпен

Бұғаудан арылғанмын,

Дәл бүгін ғалам күткен

Тұғырдан табылған күн.



- 15 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Мен қазақ боп туылғам

Тәніммен, барымменен.

Жел керген көк туымнан

Тербелген жадымда өлең.
Тік басып аяғына

Тұрған соң Ата заңым,

Аллаға тоба қыла,

Ақсарбас атағамын!


Қазақпын! Мақтан етем

Даламның кеңдігін мен.

Жат пиғыл жоқта бөтен

Жасырам енді кімнен.


Жайым жоқ ендігі өлер,

Қазақпын, кереметпін.

Бақытқа елді бөлер

Уақыттан көрем екпін.


Тоғысқан тілегіне

Азатпын, мен еркінмін!

Жеткізем жүрегіме

Жылуын келер күннің.



- 16 –


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Құса
Жаңбырда да жоғалды мән

Жүзді жуып ағал- жағал,

Дәрігердің өз аузынан

Жеткен суық маған хабар.


Тек таң ата көз ілді оттар

Шипа болмай кеселіңе ем...

Сені іздеймін өзің жатқан

Аурухана төсегінен.


Түнді жарып қара ала бұлт

Тереземе төңді менің.

Сағынышымды сары ала қып

Суретіңе телміремін.


Жазмыштан озбасымды

Амал қайсы кеш білгенмен,

Көлге айналған көз жасымды

Көрсетпеймін ешкімге мен.


Көзі тірі кездерінде

Қадірін біл ата-анаңның.

Бақилығын сезгеніңде

Қамығумен батар әр күн.



- 25 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Шуағы көктем күнінің

Ойнатты сәби тұлымын.

...Қырқада жатыр қария

Тілеуін тілеп тірінің...
Майдангер деген құтты есім,

Дәріптеу оны көпке сын.

Қарулы қолмен қойды олар

Соғыстың соңғы нүктесін.



Туған жер үшін , ел үшін,

Қан төккен маңдай тері – шын.



Мәңгілік сақтап қалайық

Майдангерлердің жеңісін!


- 24 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Жарқыра, жаңа нұр-Күн!

Берік қып босағамды,

Жайнаған заманымның



Көгінде жаса мәңгі!



- 17 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Үшаралым менің
Үшаралым менің, Үшаралым,

Ұлы ұям, самғап ұшар әнім!

Әлемді шарлап кетсем де

Сендей жер қайдан табамын.


Үшаралым менің, Үшаралым,

Жерұйық, жанға жалауым!

Аңсаған шақта өзіңді

Жабырқап тіпті қаламын.


Тәрк етіп заңын даланың

Қинай ма сені заманың,

Кейпіңді көріп жүдеген

Көзімді жасқа маламын.


Жоқ бірақ ешбір амалым,

Қауқарсыз қолда қаламым,

Қорғансыз сәби баладай

Қалдың ба, қамсыз қамалым!


Сергітер қайда самалың,

Қысты ма қатал қоғамың,

Төскейден төлін іздей ме

Қаусаған орны қораның?..



- 18 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Майдангерге мінәжат
Тағдырдың тартар сыйы осы,

Аңырап қалды ұясы.

Ауылда бір қарт көз жұмды,

Соғыстың соңғы куәсі.

Қысқартып таныс тізімді

Тағы бір есім сызылды.

Сұрапыл соғыс куәсі

Ғажайып ғұмыр үзілді.
От кешіп талай ерлеген,

Тайсалып, тайып көрмеген,

Жаралы майдан жерінде

Жастығын ерте жерлеген.



Майдангер, марқұм, қарт еді,

Өзекті өксік өртеді...

Соңғы рет желпіп жүзінен

Мұңды жел мұң-күй шертеді...


Алтынның біліп қадірін

Арулап қою – тағылым,

Артында қалған ұрпағы

Көмкерді гүлмен қабірін.


- 23 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Дәл қайдан табылады

жұмақ жер кең өлкемдей

Бақыттың тапқандар бір тұрағын

Кете алмас сәлем бермей.

Манаурап мұнартады

қар жатқан құзар шыңың,

Етегін жайлаған момын елің

Жан емес бұзар сынын.

Жылдардың жүк артары

болса егер бұған, шыным,

Көзіме күмәнсіз көрінеді

Күлімдеп шығар күнің...

Қаратау-қастерлімсің

қиналсам пана қылар,

Келтіріп домбыраның құлақ күйін

сөйлетер шанағынан,-

мойындап басқа ел білсін

халқымды қонағуар

...Мен үшін, бірақ, құны бір-ақ тиын,



халқымнан жоғарылар...
- 22 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Тоғыз жол тоқтап торабың,

Еңседен басып қара мұң,

Есепсіз елің көшті ме

Тұрғыны болып қаланың?..
Ойға алып обал-сауабын,

Тарқамас үшін базарың,

Қуарған қуаң жеріңе

Жан бар ма салған назарын?..


Түйіннің табар жауабын,

Туар деп алдан жаңа күн,

Жұртыңа сеніп жатсың ба,

Момақан ауыл-аралым?!.


Үшаралым, жаны жаралым,

Дертіңді қайтсем жазамын!..

Күні-түн ойдың үстінде

Шырымын көздің аламын.


Алапат сезім мендегі

Серпілтер сені ең кемі,

Мұңымды жырға шағамын,

Қолымнан осы-келгені...



- 19 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Ақын Ұлбике Жанкелдіқызының

ескерткіші алдында
Өкінішпен өткеннің аз ба айтары ..,

Халқым, қыран құсыңды жазбай таны,

Ұлбикелер өмірге екі келмес.

Әр заманның болғанмен өз Бойтаны!..


Жүйрігіңе жапсырып жолдағыны

Шатастыру – сорыңның сол қалыңы.

Елеп –екшеп жатуға уақыт қимай

Бітпес күйбең тірліктің болма құлы...


Сырыңды ашпай сан жылдар сынап едің,

Құлан жортқан кең далам, құба белім,

Жарып шыққан ғасырлар қойнауынан

Тұнық жырдың тұмадай түр әлемін.


Ұлбике кім. Тарихта орны қандай.

Елдікке сын – бағалау барды бардай.

Еркіндігім арқылы енді оралған

Жыртұмарға айналды ол дұғамдай.


Дүр көтерген думанды дүниені

Қыз алдында қос тізең бүгіледі.



Қайым айтыс түрінің хас шеберін

Тұғырына қондырды бүгін елі.

- 20 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Қарттар шертіп кешкенін бастарынан,

Әуелетіп шырқайды жастарым ән.



...Үлгісіндей үр қыздың Ұлбике апам

Қаратаудың қарап тұр аспанынан.



Қаратау - құт-қазығым
Киелі Қаратауым-

Қазақтың құт- қазығы,

Мекені батагөй бар бабамның.

Сарқылмас жұртқа азығы.

Ататын дара таңың

ұрпаққа ұлт тәлімі,

Көлденең көсілген сар далаң гүл

Көлбеген бұлттан ірі.


Қойнауың қазыналы

кенге мол кенелгендей

Сыр шертер сылдырап мың

бұлағың,


Тастарың көнерген кей.
- 21 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Боталарым
Қолыма алып отырмын екеуіңді,

Біледі жұрт бақытты екенімді.

Сендерменен әр таңым арайланып,

Сендер болып әр күнім көтерілді.


Қошақандай сүйкімді бөпелерім,

Аялағым келеді, мәпелегім.

Алыс кетсем асығып тез жетуге,

Үйіп – төгіп базарлық әкелемін.


Сендер барда жоласын қайдан уайым,

Қалай сәби күлкіңді тойламайын.

Ынтықтырып, сендерді мына маған

Тарту еткен тағдырдан айналайын!




- 38 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Көз қуантып тұршы алдымда,

Арлы азамат атанғын.

Балалық қып кір шалдырма

Есіміне атаңның!


Әлпештейді ағаларың

Есейгенін ерте ұғып.

Тентектікке –балама ұғым-

Айналмасын еркелік!


Тірек санар әкпелерің,

Қарындасқа қорғансың.

Бейәдепке беттемегін,

Атыңа алғыс жолдансын!
Ізетті бол, ибалы бол,

Үлкенге де, кішіге.

Жігіт болғын иманы мол,

Жұрт сүйсінсін ісіңе!


Кешегі ойым бүгін басқа,

Тілеуімді бер, Тәңір!

Тіфә-тіфә, тілім тасқа,

Адам болшы әйтеуір!
- 27 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қайрау
Неге ауырып қалдың, күнім,

Назарланып қалдың ба.

Үлкен жігіт болдың бүгін

Деп жүрмін ғой мен мұңда.


Жедел –жәрдем шақырғанын

Естігенде жеңгеңнің,

Шырқыраған пақыр жанын

Анаң әзер жеңген –тін...


Бүйте берсең сыртқа қалай

Енді сені жіберем.

Тымық күнді түк қаламай

Сені уайымдап түнерем.


Қырандарша қағар қанат

Кеңістікке баулыдым.

Торда өскен маған қарап

Аңсап өстің тауды, ұлым.


Азаматтық арыңа сын

Бұл әлсіздік ендеше,

Сыбағаңнан қағыласың

Биіктерді жеңбесең!



- 28 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ



Тойбастар
Орындалса арман – тілек, ойлар-ай,

Қазақ қалай отырады тойламай.

Дастарханын ағыл-тегіл жасайтын

Тойлар-ай, беу, тойлар-ай!


Шат-шадыман күйге түскен қанша адам,

Той бастасаң тартылар сый бар саған.

Туған-туыс, бар ағайын бұл тойды

Аңсаған, беу, аңсаған!


Көп ауызынан көл тілектер ағылсын,

Періштенің құлағына шалынсын.

Тойдан той боп, ақ түйенің қарыны

Жарылсын, беу, жарылсын!





- 37 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Немере назы
Кім баласы дейді үлкендер әуелі,

Кімнен тудың дейді сосын әдейі.

Анамды да, әкемді де атармын,

Орны бөлек маған, бірақ, апамның.


Әлпештеген апашыма мен келіп,

Анда – санда жасап қоям еркелік.

Жұбатам деп ертегі айтып береді,

Көне салам – маған да сол керегі.


Ол да маған, мен де оған асығам,

Бір елі де тастамайды қасынан.

Дүниеде жақсы адамдар көп дейді,

Бірақ, менің апашыма жетпейді!


Құлағымда әлдилеген әнің, апам,

Ауызыма тосатұғын бәрін, апам.

Бір сәт мені көрмей қалса еміреніп,

Құшағына қысатұғын, жаным – апам!





- 36 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Болмашыға мазаланба,

Қыңқыл –сыңқыл деген не.

Тек армандау аз адамға,

Орта жолда бөгелме!
Шаршамағын, шыда, балам,

Алда асар қыр, далаң!

... Көз ұшында тұрар анаң

Орамалын бұлғаған...





- 29 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қазақ тілі
Ана тілің – Қазақ тілі, ардақты,

Ғажаптығы ақынға жыр арнатты.

Ана тілің – бабаң тілі байырдан

Келе жатқан көтеріп бар салмақты.


Терең мәнін түсінбестен байыпты

Ана тілін қорлаған жан айыпты.

Туған тілдің кесірді ұрар киесі

Төрден орнын ала алмаса лайықты.


Ана тілдің қасиетін ұғардай

Санаң болса,ұста естен шығармай:

Ана тілін жақсы көрер жанын сап

Нағыз қазақ бойындағы тұмардай.


Өз тіліңді тең санасаң өзгемен,

Алға қойған мақсат болсын көздеген.

Нағыз қазақ-сақтап тілдің сапасын,

Шұбарлауға, лайлауға төзбеген!


Байбаламмен салған құрғақ аттанды,

Жалған ұран жансыздарға жаттанды.

Айта-айта тіл жайлы сөз жауыр боп,

Қайта-қайта қайрап тісін, жақ талды.



- 30 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
Басыңды тауқымет тартқызған тағдырға

Имеп ең бұдан да қиында.

Келешек күтеді, әлі өмір алдыңда,

Бір жейік бар дәмін бұйырған.


Отан деп оянып, Отан деп құрақ ұш,

Болсыншы жұрт тыныш, ел аман,

Өзіңсіз ортайып қалмай ма қуаныш,

Айығып, үйге тез кел, анам!


Көппен бір көргенің ұлы той емес пе,

Жаңа жыл, міне, есік қағып тұр!

Шықтық деп аман-сау жаңа бір белеске,

Тойлайық қазанға ет салып бір.


Табиғи заңдылық: жылға жыл жалғасып,

Тарихтың жолдарын жаңалар.

...Бақытты балалар аяғын тең басып,

Ауырмаса екен аналар!




- 35 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Жаңа жыл. Дала-жыр. Ана-жыр.
Қалың қар. Ақ ұлпа мамыққа малынып,

Қалама қыс келді, қарашы.

Ауырып жатсың сен, кеттім-ау сағынып,

Айыға көрші тез, анашым.


Қараша қалды артта. Желтоқсан айы да

Тақау тұр жыл соңын жапқалы.

Әпкем де , анашым, дертіңді уайымдап

Алаңдап жүр ауыл жақтағы.


Қосылып, міне, іске, әлемді таң қыла,

Аманкелдінің газ алауы,

Өз қолы, шүкір деп, жетті өз ауызына,

Өзгере бастады қала, ауыл.


Жұмысқа үш жылды ауылдың жылы деп,

Кірісті үкімет жұмылып,

Ертеңгі күндерден соғуда жылы леп,

Әлдилеп кеудені бір үміт.


Егемен еліміз іргесін нығайтып,

Еңсесін келеді көтеріп.

...Тек сенің жағдайың жанымды мұңайтып,

Жабырқау тартып сәл кетем, ұқ...


- 34 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Тіл-қадірің,абыройың,айбының,

Тіл-арыңды торламасын қайғы-мұң.

Тіл алдында өзі тізе бүкпесе,

Тізгіндерсің топастардың қай бірін.
Адам біткен ұмтылғанда ақ таңға,

Надандықпен бос берілме мақтанға,

Тілді қалай күрмемексің, түрлі ұлттар

Саған сенің тіліңде сөйлеп жатқанда.


Мүсәпірлік күйге түссе бұл күнде

Өкпе-назын шағар Ана тіл кімге.

Нағыз қазақ тілдің тінін тілдірмес,

Сен де ,ендеше, сұлу тілді бүлдірме.


Басыңды иіп салт пен дәстүр, ғұрыпқа,

Жадыңдағы жат әдетті құрықта,

Тіл тағдыры - ел тағдыры деп білер

Халықтан сен туғаныңды ұмытпа!




- 31 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Кел, Наурызым !
Наурыз шықты. Көктемменен16

Бүршік жарды тал-дарақ,

Бой ұмсынып көкке өрлеген

Тұрмын тауға мен қарап.


Түлеп жатыр тылсым әлем

Жайнап, гүлдеп, жаңарып,

Табиғаттың бір сыңары ем,

Тыныстайын кең алып.


Сергітпесін мені неге

Саф ауаның самалы,

Тәтті шақтан тебірене

Кеудем жырға толады.


Күлімдеген күн нұрымен

Құлпыруда айналам.

Ел қауышып бір-бірімен

Наурыз тойын тойлаған.


Жылды қарсы ап жұртым жатыр,

Салтымыз сол баяғы.

Күн теңеліп түн түрді ақыр,

Айға аңсар ауады.



- 32 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Дастарханын бәрі аямас,

Ұлт дәстүрі бар тағы –

Жеті түрлі дәм аралас

Жыл көжесін тартады.
Кел, Наурызым ! Жаңа шырай

Жер-дүниені жасандыр,

Көптен бері дәл осылай

Тамсанып ек қашан бір.


Самғап ғалам көгіне еркін

Шыға берсін тек төрге,

Уа Жасаған, момын елдің

Қуанышын көп көрме!


Адамдардың алып-ұшқан

Аппақ көңіл күйін біл.

Сақтап сәтін сағынысқан,

Ұзағынан сүйіндір!





- 33 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қар-бұршағымен, ақ үлпек кей түн,

Көңілдің кірін тазартып,

Кәрін төксе де зәрін төкпейтін

Одан да қыстың өзі артық.
* * *

Мінеки, Аға, менің мөп-мөлдір

Мұнартты сөйтіп сезімім.

Кездесе алмай жүріп көптен бір

Мұң артқанымның өзі – мін.
Аяқтан шалса алаяқтарым,

«Жақсы ит өлігін көрсетпес».

Талағандарын қалай ақтармын,

Бөрілер бәрі емшектес.


Қабілетімді мойындап бердің

Қызметті, сеніп тапсырдың.

...Жұмысқа жеккен қойын дәптердің

Бетінде көбі жоқ сырдың.


Қадірін біліп қас-қағым сәттің

Қол қусырмастан құр босқа,

Қиналмай қиып тастадым Тақты

Жете алмай жүрген жылпосқа.


- 62 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
Қыз ұзату
Қызым-ау, қозым, құлыным-ау,

Бойжеткеніңді ұғындым-ау.

Сайраған бақта бұлбұлымды

Ұшырып тұрмын бүгін мынау.


Қызым-ау, ерке елігім-ау,

Елжіреп майдай ерідім-ау.

Тәкаппар асау жүрегіңді

Жаулады,айтшы, сенің кім-ау.


Налыған кейде кездерімде,

Қиындық кейде көргенімде,

Қызым-ау, сенің сәби күлкің

Жоятын мұңды менде мүлде.


Абыржып, шықса әбігерім,

Табатын дерттің дәру емін,

Бір иіскеп мауқымды басатын

Қызым-ау, өзің дәрім едің.


Қарағым, өмір заңы екен,

Қыздардың салар әні бөтен.

Сүйгенге сүйеу бола білсең,

Іргетас қаланады бекем.


- 39 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қателік жасап қойма бекер,

Жасасаң өз мойныңмен көтер.

Құдайдан жатсам да, тұрсам да

Тілеуіңді мен тілеп өтем!
Ай, Күнім де-сен, қызым-ау,

Байлығым да-сен, қызым-ау!

Барған жеріңде, қызым-ау,

Бағың ашылсын!


Үмітімді ақта, қызым-ау,

Қалдырма ұятқа, қызым-ау,

Келін боп жатқа, қызым-ау,

Бара жатырсың!..


Кел, Сәби – жыл !
Желтоқсанның тарқағанда базары,

Жаңа жылға ауар әлем назары.

Жаңа жылды қарсы алып жұрт жатқанда,

Ескі жылдың таусылады жаз - әні.


Жаңалық - ақ Жаңа жылдың келгені,

Жаңарады ескілік те елдегі.

Жаңа жылға мен де қатты қуанам,

Қимай қарап Ескі жылға белдегі.


- 40 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

* * *

Қор болды жаным ақымақтарға...



Бостығым емес, бірақ, бұл.

Сорғалап тамып жапырақтарға

Мен үшін жаңбыр жылап тұр.
Жылауық Күзім! Жек көрем сені,

Ұлы ақын Пушкин сүйгенмен.

Тұлайып бүгін тепкен еңсені

Арыла алман бұл күйден мен.


Жұлқыған желге, дала ластанып,

Қарсыласса да бұлқына,

Ағаштар жатыр жалаңаштанып,

Еріксіз көніп ырқыңа.


Сұп-сұлу бақтың сұрын кетірген

Алай да дүлей өжетсің.

Дем тартып, құлақ гуілге түргем:

«Жайдарлы Жазға не жетсін».


Шын достар кетіп сиресе, мендей

Керек емессің ешкімге.

Кет, Күзім, сен де күйрете бермей

Керуен бұлтпен көш мүлде!...



- 61 -


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


* * *
Өз ойымдағыдай өтпесе бұл күн

Өзіңмен ойша тілдесем,

Өсекші - өлең, әйтпесе бәлкім,

Бірін де мұның білмес ең.


Қатысым саған шамалы менің,

Қолыңда билік, байлық бар.

Өтуде сырғып, Аға, күндерім,

Өлеңнен оқып айырып қал.


Барым да – осы, нарым да – осы,

Жырыммен жұртқа жайылған.

Қарындасыңның халін қарашы,

Әлқисса, міне, қайырмам..




- 60 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жыл кіргенде жап – жас, жаңа кескінмен,

Аяп кетем Өткен жылды ескірген,

Жалаулаған жастық шақтың қадірін

Кейбіреудей қауқарсыз қап кеш білген.
Еленбей ме Ескі жылдың еңбегі,

Елеңдейді жыл көшіне ергелі.

Күшпен тартып доңғалағын тарихтың,

Мықшыңдайды жас Бала – жыл төрдегі.


Енді қайтып қаппағанмен қармағы,

Ескілердің аз болмайды салмағы.

Естілеу жас ой қорытар осыдан,

Талай асу алу үшін алда әлі.


Уақыт заңы: бұрын туған – көнерер,

Кел, Сәби – жыл, тәй – тәй басып келе бер !

Тек, өткеннен сабақ алып тұрғайсың,

Сонда ғана көсегеміз көгерер !




- 41 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Сары қыз.

Бір үлгімен берілмеген бұрын мән,

Желке жапқан шашы қалған бұрымнан,

Сары қызға өліп-өшіп кезінде

Талай жігіт төбелестен қырылған.
Киімді де соңғы сәнсіз кимеді,

Биіңнің де неше атасын биледі.

Талай сырттан сұқтанғанмен сыртынан,

Тәкаппар қыз ешкімге бас имеді.


Сағынатын шаққа жетіп бір-бірін,

Үй боп кетті бәрі қатар құрбының.

Өмірдегі орнын тапқан мансаптан

Сары қыздың бағы жанып тұр бүгін.


Түсіп жатқан шаш етектен пайда оған,

Табысты іске бар ғұмырын арнаған.

Шым-шым тартып тек жүрегі шаншиды,

Былдырлаған бала көрсе ауладан.


Сары күзге айналды да сары қыз,

Айғыздады әсем жүзді әрін із.

Кеңседегі қағаздардан қалжырап,

Қу тізесін құшақтайды кәрі қыз



- 42 -


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Бүр ашса мен отырғызған бір шыбық,

Әрең тыныс аласың сен тұншығып.

Түнде де көз ілмейсің-ау, шамасы,

Қайтсем соны солдыртам деп күрсініп.
Білем, қиын ойды тежеп тұсаған,

Ауырмай ма баспаса оңға ісі адам.

Кінәлімін, құрта алмай көзімді,

Айықпас дерт жабыстырсаң құсадан.


Көлбеңдейсің көлденең кеп жолыма,

Дұшпан еттің бағыңа, әлде сорыңа.

Менен сұрап жүрмегейсің қол ұшын,

Өзің түссең өзің қазған орыңа.


Дос-жарым көп, көп түкірсе көл дейді,

Олар мені жалғыз жауға бермейді.

Мұқатам деп мазаланба сондықтан,

“Сырдың суы сирағымнан келмейді”.


Сен жүргенде іштей мені көре алмай,

Жаңа ғасыр есік қақты,

о, Алла-ай......

Кіжінумен өтер болды-ау өмірің,

Қалып жүрме жаңа жылда оянбай.

- 59 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қылығыңа қамықсам да қайран қап

Ешқайсыңмен ерегіспеп едім мен,

Төрді шарлар ел атынан тайраңдап,

Тоғышарлар, садаға кет елімнен!
Сендер барда ауам да тар, жерім кем,

Санам саққа, ойым онға бөлінген.

Мен тірліктен сендер үшін жерінгем,

Сондықтан да ...қорықпаймын өлімнен».


Дұшпаныма достық тілек
Деген бар - әр Мұсаға бір перғауын;

Менің де өзімше бар досым,жауым

С.Мұқанов.

«Ношу я на сердце достойные

шрамы»

Р.Гамзатов.
Бөле алмай мені сүйген жұртымнан,

Сене алмай сөздеріме сыр тұнған.

Қайтсем шалып құлатам деп құрдымға,

Сыпсың-сыпсың сөз айтасың сыртымнан.


Екі жүзді ұрт астында тығулы,

Тілің жылан тілдеріндей тым улы.

Оң қолыңмен сәлем беріп тұрғанмен,

Сол қолыңның жұдырығы жұмулы.



- 58 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Толғақ


Қазір еліміздің перзентханаларында

Кесарево сечение әдісі көп қолданылады...

(Газет бетінен)
Аптапты жазда азайып кісі қорғаны,

Көлеңке іздеп құлауға келер зорға әлі.

Қапырық ауа, тымырсық самал қолқаны ап,

Жүректі қысты құрғақшылықтың зардабы.


Желегін бүріп шөліркеп солған бақтар да

Көтерді басын кеш түсіп, ымырт жапқанда.

Бақылдап біткен бақалар үні басылып,

Шегірткелердің шырылы жетті ақ таңға.


Шара жоқ күннің білгенмен дәру,басты емін,

Ылғалсыз жаздың қарашы мынау қаскөйін.

...Аңызақпенен алысқан ыстық роддомға

Табанда ұстап толғатып түсті жас келін.


Тағдырға сеніп, Аллаға және табынып,

Сығалап сырттан жанашырлар жүр сабылып.

Жаутаңдап көзі жас келін жалтақ қарайды,

Ақ желең киген абзал жандарда бар үміт.



- 43 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Атағы дардай, бәрінің таныс есімі

Дәрігерлердің бірыңғай шығып шешімі,

Кіндікшешелер жатырын тіліп әйелдің,

Шарана-ұлға ашылды дүние есігі.
Жаулаған бойды сейілтіп барлық күмәнді,

Кесілген құрсақ жамалды- жасқап, құралды.

“Ат ұстар келді!”,

“Ұл туды!”-десіп,-

“Сүйінші!”

Тәубеге келіп үлкендер мәз боп қуанды.


Тек қана күңгірт аспан тұр неге шаттанбай?!.

Басылмас аптап селдетіп жаңбыр басталмай.

Бұлқына жөңкіп қиналды көшкен қою бұлт,

Бауырын жазып босана алмай жатқандай.


...Көктегі бұлттың сөгіле қоймай көбесі,

Тұнжырап күн тұр, қабағы қату, о несі.

Жауайын десе жауа да алмай, толғатып,

Тамшы да төкпей құрсалды бұлттың денесі.


Алыстан талып естірткен шілде күркірді,

Акушер-аспан көк жүзін керіп сілкінді.

Сілтемекші боп найзағай-өткір кездігін,

Ұмтылып барып, жұлқынып қалып іркілді.

- 44 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
Тоғышарлардан

Серік Томановша түңілу
«Мен өлген соң қадірлемей –ақ қойыңдар

Қабірімді көмкермеңдер гүлдермен...

Тірімде –ақ түңіліп біткен жайым бар,

О дүниенің есігін ашып үлгергем.


Тірімде –ақ түгесіліп талқаным,

Тірліктегі тауысылған дәм-тұзым.

Жылы сөзі жетпей жақсы қалқаның,

Жібіткен жоқ жас жанымды жалғыз үн.


Қажеті не құрметіңнің өліге,

Бағыштасаң болар Құран сауабын.

Аруаққа айналғанда мені де

Әуре болма мүсіркеймін деп, қарағым.


Көрмеген соң рахат көзім тірімде,

Керегі жоқ енді артымнан мақтаудың.

Өлгендерге кешегі не, бүгін не,

Бәрібір мен көрде тыным таппаймын.


Мен өлген соң ақын өлді демеңдер,

Атап па еңдер мені ақын деп тірлікте.

Мейлі бейбақ, өтсін мейлі кемеңгер,

Барлығының тірелері –бір нүкте.



- 57 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Мойындаймын, шыным,

Аға!

Сүйінуші ем шұғылаға,



Иілуші ем құбылаға,

Бәрі соның бүгін- ада.


Шабыт буып шаттанғанда,

Мен де өзімше бөлек үнді

Әнімді арнап ақ таңдарға,

Жаздым талай өлеңімді.

Шағынғаным бір бүгін бе,

Шағыстырам кімді-кімге...

Өзім туған өлеңімнің

Өзім кестім кіндігін де.


Қиялда алған өшін менен

Жыр-керуен көшін көрем.

...Тыңдар құлақ,

Оқыр көз жоқ,

Қор болды бұл есіл де өлең.
Көріп жүрек – отымды өшкен,

Өзің болсаң кешірмес те ең...

...Тұншығуда қанша жырым

Тұсауы әлі кесілместен...



- 56 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Акушер-аспан, жасынды неге жасырдың,

Кеберсіп жатқан жердегі, айтшы, қасың кім.

Адамға, әлде, көрсеткенің бе қарсылық,

Ойыншығына айналған қасап-ғасырдың.
Сен емес пе едің көк төріндегі батырым,

Адамзат құсап жетпей жатыр ма ақылың,

Бусанып бойын тер қысқан Ана-бұлттың

Акушер-аспан, жармадың неге жатырын?


Шешімің сенің өзгерді неге тез мүлде,

Санаңды соққан сайқал ойлардан бездің бе,

Қиянаттардың жаратылысқа жасалған

Ғаламдық заңға келтірер қаупін сездің бе?


Акушер-аспан, сен түсіндің-ау бұл халді,

Ал менің болса адамдық арым былғанды.

Жатырын жарып тұмсасын туған жас-Ана

Жалғыз ұлдан соң, тумайтын болып,тұл қалды...


Қарап тұрсаңыз, рас, өмір шіркін, жалған-ақ,

Жалғыз ұл өсер ата-анаға боп қолғанат...

Халқымның саны, жұртым-ау, қалай көбеймек,

Бабалар жолын ұрпағың қалай жалғамақ.



- 45 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Дәрігерлердің дұрыс та шығар шешімі,

Нәрестемізге ашылды дүние есігі.

Соңынан оның бауыры , енді, ермейді,

Баланы шектеу – гинекологтың кесімі.
Туғызса аман – қызметінің несі мін,

Талай-ақ Ана тербетіп отыр бесігін,

Деп жұбатармыз өзімізді, бірақ, әйтеуір,

Көріп жүрмейік “Кесаревоның” кесірін.


Аттандыру
Кәмелет жасқа толдыңдар,

Жаутаңдап енді қарай бермеңдер біз жаққа,

Балапан құстар - балғындар,

Қанат қағыңдар қалалар жаққан ізгі отқа.


Қойыңдар мені. Жаз – елес.

Мағжанның мұңын жастанып жатам басыма.

Алаштың зары аз емес,

Айналып шыға келетін досы қасына.

Мен ғана ма екем өкпелі,

Әкелерің де жіберіп алды есесін.

Өмір бұл - өзен өйткені,

Абайламасаң - ағысты жаяу кешесің.



- 46 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
Сенгендерім опасыздық

Жасап жатты ертеңімде.


Сарқылғанша шуақ-күнім,

Тартылғанша бұлақ-тілім,

Кеше ұнамай, ұнап бүгін,

Бірін жамап, құрап бірін,

Шарана-жыр туылғанда,

Оралмастай жуыр маңда,

Тастап кетіп қарамастан,

Бақыр басын ала қашқан

Мен –

Көкек құс сияқтымын...



...Білем, күнә. Ұят мұным...
Мөлдір Музам,

Мұқаң – Аға!

-Жігерлі жас мұқала ма,-

деп күлерсің,

ұғам,

Аға!


Келісерсің сөзімменен,

Жүйке деген жұқа ғана?!..

Жыр киесі ұрса егер

Дауа бар ма бұған, Аға...


- 55 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Содан бері кезікпеген

Музаны іздеп, кезіп келем.

Барым-базар,

Ойым-ойран,

Ал,


Ақылым-айран,

Аға.
Сен тірісің, бірақ,

Аға,

Өшпес,


Өлмес

Жырларыңмен!

Ал мен...

Менен сұрама,

Аға...
Танығанмен... бір қауым ел

Іздемейді шырақ ала...

Қарайтындар қырдан кілең,

Төріне оңай шығара ма,

Ұсынбаса мырза біреу,

Ұмтылмаймын сыбағама.


Белгісіз боп кейде мүлде

Өлі-тірім, сөнгенім де,


- 54 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Өмір бұл -өзен екен деп,

Сендердей кезде жағалай жүзіп, жар астым.

Адасар едім – мекен боп

Тоқтатпағанда толқыны баяу Таластың.
Тұрақтамасам ауылға,

Ақылымды айтып сендерге қазір тұрар ма ем.

Танытқан бүкіл қауымға,

Таласым, неткен қасиетті едің, құнарлы ең!
Бізге арман еді Алматы,

Алыстан аңсап, жырыма қостым жасқана...

Әлемге үлгі болды аты -

Еуразияның кіндігі енді – Астана!
Қос қала енді ол – алып,

Өз еріктерің – таңдауды жасау картадан.

Ой мен білімді мол алып,

Оралсаңдар болды туған Таласқа қайтадан.


Қараңдар көзді суарып,

Келеді өсіп бірімен бірі жараса,

Еркін ел – жұртым қуанып,

Екі үлкен қала ер жетті егіз балаша.
- 47 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Сендер де егіз едіңдер,

Уақыттан біздей жүрмеңдер, бірақ, ұтылып.



Қыранның қызы ем, Елім, көр,

Ұшырдым түлектерімді - томағаларын сыпырып!




- 48 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Музаны жоқтау

немесе Мұқағали рухына мұң шағу
Мұқағали – қайран Аға,..

Ғашық болып ақ қарға,

Сен туылған ақпанда

Мені де анам туыпты.

Есениндей сергелдеңге

Өзің түсіп сенделгенде

Айтшы, Сені кім ұқты.

Біздің жұрт та қызық жұрт-ау,

Жұбатудың орнына

Лайлауға дайын тұрады

Мөлдіреген тұнықты...
Қайран Аға!

Сен секілді...

Мен де жалғыз қалғандаймын

Айдалада.

Ұрпағың ба ем мен сен күткен,

Арыла алмай меңзеңдіктен,

Жаңылдым да жүрісімнен,

Жоғалтып ап өз «Менімді»,

Адасып қалдым жолдан,

Аға!


- 53 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Суық сөзіммен

Сұқ көзімнен

Жайнаған жанар жасқанар.

Емін-еркін.

Шат.


Көрінер бір сәт

Кеткендей ұят,

Жастан-

Ар.
Іркіп бар ойды,



Кірпияз күмән

Сананы басар сыналап.

Үркіп қарайды

Кірпік астынан

Он жетім маған сығалап.
Көзі де талды-ай,

Жолға әбден қарай.

Жақтырмай тұрмын мұны түк.

...Өзім де сондай

Болмап па ем,

Қалай


Кеткенмін демде ұмытып.

- 52 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


ЕКІНШІ БӨЛІМ
Тербетіп жырмен

сені құндақтар

Төгілді сырым

сыймай бір ”

plant
- 49 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Әйелдік ақын жүрек

Нәзіксің, сезімталсың

Тұла бой тұр ма елжіреп,

Сабырсыз төзім талсын,

Тоқтама, жырла, жүрек.
Сабырсыз төзім талсын,

Өрілсін нұрдан жібек,

Сенімге сен іңкәрсің,

Тоқтама, жырла, жүрек.


Сенімге сен іңкәрсің,

Санаңда сыр қалды көп.

Сындырмас сағыңды әр сын,

Тоқтамай жырла, жүрек.


Сындырмас сағыңды әр сын,

Самалды ырғал тілеп,

Сол сәтті сағынғансың,

Сондықтан, жырла, жүрек.


Сол сәтті сағынғансың,

Жатқанда мұңнан жүдеп,

Кез келді жалындар шын,

Жалындап жырла, жүрек.



- 50 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Кез келді жалындар шын,

Сыңғырлат сырғаңды кеп.

Әлемге әнің барсын,

Әуелет, жырла, жүрек.
Әлемге әнің барсын,

Шәліңді бұлғар білек.

Әйелдік бағың жансын,

Ақындық, жырла, жүрек!


Он жеті жас
Еліккіш кезім,

Еріткіш сезім

Алыстап менен кеткен бе?..

Көгім де бұлтсыз,

Көңілде –шық, сыз.

Қол жетпес енді көктемге.


Алып-ұшпаймын.

Албырт емеспін,

Жастықтың буына мастанар.

Салқынқандымын.

Көбелек-елесті

Қуып жүр қазір басқалар.


- 51 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Естісең қатал болмас ең,

Дауысымды менің ышқынған.

Өртенер едің сонда сен

Мендегі ыстық ұшқыннан.

Түсінер едің бәрін сен,

Түсінер едің қиналсаң.

Күтетініме кәміл сен,

Келем деп маған жиналсаң.
Ақ қанат көбелек аппақ қар

Қысқы түн. Айдай әлем. Ғажап сурет.

Көздің жауын алғандай аппақ дүние

тыныштық бесігінде тербеледі.

Мен жалғыз. Дала жым-жырт. Ойға шомам.

Ойға алып жүр ме екенсің сен де мені.

Мүлгіген мамық түн.

Маужырайды дала.

Оңаша қамықтым,

Ойымда сен ғана.
Манаурап сағым көк,

Қылаулап қар жауды.

Жер беті ақ үлпек,

Жарқырап арбайды.



- 86 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
«Жазу ғой досы. Қияли деп ед(і)

Рас екен» деген шығарсың.

Сыныққа себеп жүдә бұл дерек,

НаҺаққа қалай шыдарсың.


«Құдағи тыныш - құда да тыныш»,

Барады мектеп оңбай тек...

Ұрпаққа содан сірә да бұл іс

Ойлаймын обал болды-ау деп...


* * *

Бұлт төнді бүгін қарабастырып,

Ең соңғы сенім өлген күн...

Анамның тәнін аманат қылып,

Қойнына жердің берген күн...
Мұнар күн жапты көгімді мәңгі,

Естімейм сөзін елдердің...

Есімде бірақ, көңілде қалды

Сіз көңіл айтып келген күн.


Қайратым қалды құлағын қасып,

Қуатым – Анам еді ғой...

Мидағы молекуланы шашып,

Мәңгіріп қалды ендігі ой.


- 63 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Айырмай жатып ақ-қараны да

Тағы да болды бір соққы.

...Жалғыз-ақ тамшы ақ парағыма

Сорғалап барып тырс етті...
Қайғыға түсіп не керек тегі,

Қысса да қысы қаңтардың,

Кептеліп тұрған көк өзектегі

Өксікті зорға қайтардым...


Төкпекші болып таң нұрын маған

Қарады Аспан кектенбей.

Жаутаңдай бердім тағдырымды, Анам

Табыстап Сізге кеткендей...


* * *

Амандық-саулық сұрасқандарға

Ишара етем күлімдеп.

Жауқазын жырлар гүл ашқан қарда

Көктемге қалай ілінбек.
Көктемің қайда – а...

Армандай бұлғаң.

Өткенің ойға қалдырған.

Жабыққан күйді малмандай қылған

Жалықтым жылы жаңбырдан.
- 64 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Бұрынғы қайда бұла күш.

Арманың-асау, ал ұяң ұятың -бұлқынған.

Бір ұшқын сәуле алдымнан шығып құрақ ұш,

Алматы жақта тұтанып қалған былтырдан.
Ештеңе басқа сұраман,

Түркістанда туып, Тұранда жанған киелі от,

Әйтеуір, сөнбей, жүр аман!

...Жүрейін мен де сыртыңнан саған ие боп.


Сен мені сағынбайсың ба?

Сен мені сағынбайсың ба,

Кей сәттерде көргің келіп,

Уайымға салынбайсың ба,

Көз жасыңа бердің бе ерік?

Жанардан тамып тамшылар,

Сен мені іздемейсің бе?

Сағынбағаныңнан шығар,

Сағынсаң бір келмейсің бе?
Сағынсаң еске алар ең,

Серік етіп сыр сезімді.

Айналып маған бар әлем,

Көрер ең тұнжыр көзімді.

- 85 -


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қасымхан Бегмановқа
Тамыздың туылыппын төртінде мен...”

Қ.Бегманов
Арамыз, білем, қашық көп,

Ер жасына кеп Ағаға бүгін айналдың.

Жырыңа өткем ғашық боп,

Жүгенсіз жылдар жібермей жіпсіз байландым.


“Әйелден ақын шықпайды”,

Мендей мұндарды меңзеген шығар Раушанов.

Тереңді түйнер түп қайғы,

Тасадан ұрған өз қылығына тамсанып.


Қаратау маған қастерлі,

Алатауымдай жақсылық күтем әр күннен.

...Көзіме көлкіп жас келді,

Ұрыспашы, Аға, өзіңе тартқам, бәлкім, мен.


Емеспін, бірақ, боркемік,

Табандылық бар бойымда. Тағдыр-тайталас.

Өз отыма өзім кетпеуім үшін өртеніп,

Өлеңмен өмір сүргенімді ешкім байқамас.

- 84 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

... Тұрақ жоқ боп тұр табиғат, айға,

Сұрақ көп боп тұр ақпанда...

Түспейді қашып перизат – айла

Көңілің құрған қақпанға.
«Қаттысы кетсе қыстың,

Қабағы


Ашылар ауа райының»,

Жүректе түйір ұшқын жоқ әлі

Табатын ойдың байыбын.
Еріншек ерік жоғала жаздар

Көрінсе көктен құба таң,

Өзімді (өзіне-өзі ор қазған)

Осылай ғана жұбатам.

Амандық – саулық сұрасқандарға

Ишара етем күлімдеп...

Жауқазын жыр тұр – гүл ашқан қарда,

Бишара екен...

...Дірілдеп...


- 65 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

* * *
Тағы да жауды қар қалың кеше,

Астында топырақ көктейді,

Өңірге көктем орнайын десе

Қалың қар еріп бітпейді.
Өңірге орнар өмір жаңарып,

Жадырап дала жер – көк пен;

Көңіл де іздер небір жаңалық,

Күзетіп ойды кер кеткен.


Көгімнен кетпей қойды да бұлтым,

Сағындым сәнін наурыздың.

Мойымау үшін мойнына мұңның

Сабырлы шәлі салғыздым.


Адыра қалғыр күйкі өмір дағы,

Жасаған,өзің жеткізгін!

Жұқармау үшін жүйкенің талы,

Тамырға ине еккіздім.


Көтерген нардай жігіттің жүгін

Жан сырын жатқа қияр ма ең.

Үзілмеу үшін үміттің жібін

Жапсырдым жырға қиялмен.



- 66 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жан-сезімнің қарашы бұл

отқа салғанын,



Жасырынған көңіл көлі

жасқа толды, әне.



Жүземін деп айдынында

тұншығып қалмай,



Жағалауға аман-есен

жетсем болғаны...



Жауабы жоқ. Қас-қағым сәт.

Мөлдір шық тұнған.



Жадыңдағы жасын-ойды

айтпай ұқтырған.



Жұмақтың да, жұмбақтың да

жолы жіңішке,



Жетер енді, босат мені,..

босат тұтқыннан!..




- 83 -


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


* * *

Жас емеспіз қазір біз бір

кездердегідей,



Жалын да жоқ сәуле шашқан

көздерде күндей.



Жүрек сырын түкпірдегі

жая алмаймыз біз,



Жүргеннен соң жайбарақат

елдермен бірдей.


Жолдар бар-ды арамызда

екіге айырылған,



Жылдар қалды күнпарақтай

беті қайырылған.



Жастығымның мәңгі жасыл

қалпын көшірген,



Жырлар қалды жарық көрмей

бейкүнә құрбан.


Жанарыңның мұңын құйып

қарама маған,



Жан-дүнием – бағым ешкім

араламаған.



Жүгендеусіз жүйрік ойға

құрық салмасам,



Жын-жыбырмен жазмышымды

жаралап алам...



- 82 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Орман – ды ойым.Бар ұғымдарға

Жаңылдырғандай жұтаппын.

Жоғалтпау үшін жарығымды

Алға

Сенімнің отын тұтаттым.


Пейілден тауып жеңілген қалар

Мәңгілік рухқа қаталап.

Мейірімді жанға мейірмен қарар

Мендегі іңкәр махаббат.


Оң басар жолға бұрылсам деп ем,

(Жетсем деп емес жақсы атқа)

Сүрінсем – мейлі,

Жығылсам – көнем,



Тағдырым, бірақ, ақсатпа!

- 67 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

* * *


Тағы да мұңға оранды жырым,

Қуанта алмай көктемін,

Батырғым келді қарамды бүгін,

Қараңғы ойға теп-тегін.


Қараңғы ойлы қарау түнектің

Түбінен сәуле жалт етті

Тағдырым көзін қадап...-дір еттім,

Қойсаңшы мына тәлкекті.


Біресе тартып өзіне қарай,

Біресе теуіп өзектен,

Көлгірси қалып көзіме талай,

Сыртымнан сыпсың сөз еткен,


Сергелдең сеңдей сумақайлардың

Сорлатып санын соқтырып,

Алдыңда тұр деп алақайлар күн,

Жұбатып жарық жатты үміт.



- 68 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Сіркең де су көтермей, сұлық түсіп,

Табаныңды жып-жылы шұлық құшып,

Омырауды орана бергің келер,

Дала ауа райына күйіп-пісіп.
Зауқың соқпас мұндайда ештеңеге,

«Ит қорыған жерге ылғи өш» келе ме,

Өзіңнен де ойыңмен бірге өріліп,

Өлең шыға қоймайды кестелене.


Отырғаның, ал, сосын, құр омалып,

Теледидар қосулы тұрады анық,

Газет-жорнал бетін де қарап біттің,

Дарығандай бойыңа ғұламалық.


Қайтсем екен, бұл үйге сыям қалай,

(Теңей салам түрмеге ұямды оңай)

Балалардың базарын байқамай қап,

Жалғызсырап кетемін жиі аңдамай...


Ұнатпаймын бұл күздің бұлтты күнін,

Шалқар көңіл-күйімді құртты бүгін.

Бір тәулікте тынымсыз мың құбылар,

Мен мезгілдің тұсаулы тұтқынымын...



- 81 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жетті енді жұмсақтық танытқаным,

Сендерде бар ашу менде бар.

Мені емес, алдымен барып бәрің

Өзіңнің жөніңді жөндеп ал!»
* * *

ПаҺ, шіркін, бір сәттік құйын көңіл

Іштегі шайтанды оятқан!

Ағуда арнамен бұрынғы өмір,

Дәл бұлай бажбаңдау... қаяқтан...

Мен мезгілдің тұсаулы тұтқынымын

«Сижу за решеткой в темнице сырой...»

А.С.Пушкин.
Күрең күздің сүреңсіз күйін шерте,

Жапырақтар сарғайды биыл ерте.

Долы желмен қосылып құйындаған,

Қоқысты үйіп, жанармай құйып өрте.

Айналаның сыпырып таста бәрін,

Айналдырар іске жоқ басқа амалың.

Сыртқы әйнектен сығалап тұрарсың тек,

Аспан жуып жатқанда тостағанын.


- 80 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
Таусылған қайта төзім кенеліп,

Қармана бердім,қармана.

Бермейін соқыр сезімге ерік,

Жығып жүрмесін – жарға ма...


Соңынан тұрмын телміруменен

Жалт еткен жарық сәуленің.

Жай-жапсар сұрар енді кім менен?-

Төбем көк тірер халдемін!


Шуаққа ойды шомылдырған да,

Нұр құйдырған да санама,

Мен үшін шалған бәрін құрбанға

Сол сәуле – Сен ең, Жан Аға!


* * *
Атуда солай арай таңдарым,

Мұңды сөз енді жазбаймын.

Соңынан ертіп балапандарын,

Мамырлар мама қаздаймын.


«Ұстаздық – ұлы іс», баланы баулып,

Бақытты ету – жұмысым.

Жетпегенімен шамалы айлық,

Қанағат еттік, құрысын.


- 69 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Бір қолым қазан қақпағын ашып,

Қаламсап ұстап бір қолым,

Тұнбаса кірпік қаққанымда шық ,-

Қажеті аз үлде –бүлденің.
Желкілдеп өскен жағалаудағы

Жас құрақтай ма жас кісі,

Ертерек шығар бағалауға әлі,

Бас амандығың – бастысы.


Елжірей қарап еркін далаңа

Сыртыңнан елің сүйсінген,

Сен жүрген жерде – сертім сол, Аға,

Күмілжіп енді күрсінбен!


Серігің едім сеніміңді ақтар,

Сезімімді, Аға, сыйлай жүр.

...Тербетіп жырмен Сені құндақтар

төгілді сырым сыймай бір..




- 70 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жақсы емес жатқан жүз шайыстырып

деуші едім, шыдадым, жетті енді.

Бұл жолы мойынымды майыстырып,

Көтермен зіл батпан өкпеңді.
Сыйладым көбіне бар адамды

Бақытты болсыншы солар деп,

Талайға кешіре қарағам-ды

Төгетін бар зәрін маған кеп.


Тентекті төзіммен бастым дағын

Талай рет шегініп жол бердім.

Қалғанша ұяттың астында мың

Тұншығып өлгенді жөн көрдім.


Жынды да жіберер тәрбиелеп

Мектептен мен қазір қол үзгем,

Аттаған жолды екшеп, әрбір, елеп,

Келемін неге әлі сол ізбен.


Арқамнан тірердей әлдекімім

Жалтақтай бұрылам неге әлі.

Төменнен тыңдаймын әулекінің

Бос сөзін тұрсам да жоғары.


- 79 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Өткен өтті. Сөз ет енді, сөз етпе,

Ұстаз тұтып самғай қуғам жолыңды.

Ал сен санап «дүние – алма- кезекке»,

Күжірейтіп жүрдің кейде жоныңды.
Ауызын ашып қайтем ескі жараның,

Бәсеке де дәстүрлі жол бізге анық.

Сыйладым да кешіріммен қарадым

Беделімді жүргеніңе қызғанып.


Көңіл төрін торласа да жүз күдік,

Сыралғы дос сыртқа сырын алдырмас.

...Көрдім бүгін тұрғаныңды үздігіп

Асау мінез албырт қызға...Талдырмаш...


Сап, сап
«Көріңдер менің де мінезімді,

Қашанғы үндемей жүрмекпін.

Тежеймін деп жүріп кіл өзімді

Жарқылдап бір рахат күлмеппін.


Құсадан қалжырап ауырғанға

Дауалы дәрумен десек те,

Безейін басқадан, бауырдан да,

Күлкіні құрғанша есепке.



- 78 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Күз
Жылуы аз шақ... Күзгі ай бұл...

Шығар шақ жаннан сыздай жыр.

Құбылма, көңіл, қобалжып,

Ұйқыдағы ойды бұзбай жүр.


Өмірдің өтпей өткелін

Жетпессің жоққа теп-тегін.

Мезгілдей ауысып тұратын

Жалғанды мәңгі деп пе едің.


Өрекпіп, өксіп, алқынба,

Бойыңды билет салқынға.

Шыдамның шегін соза бер,

Шегінер жер жоқ артыңда.


Тырнадай қайтқан тізбеле

Жастықты көктен іздеме.

Сарғайып кетеді екен ғой

Жапырақ жылдар күз келе.


Осылай уақыт өзгерер,

Орныңда жүрер өзгелер.

Қаңтартып, құрсап тастайтын

Қыстың да қаупін көз көрер.



- 71 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жаңбырдай жауған жағалай

Ойымды іркем, о, қалай!

...Көңілдің басар көрігін



Күз деген осы. Обал-ай...



Махаббатпен мәнді ғұмыр мәңгілік
Тымық түнгі жымияды Ай әдемі,

Қандай ғажап жұлдызды Аспан әлемі.

Шын махаббат қазір де бар өмірде,

Біз екеуіміз – оның нағыз дәлелі.


Тұра алмаймын сені бір сәт көрмесем,

Сыр сыйламай тұра алмайсың сен де әсем.

Шын махаббат өмірде бар дегенге

Өз басымнан кешпей ешбір сенбес ем.

«Жігіттердің жүрегінде сыз барда

Қыз Жібектей болу арман қыздарға,

Ғашықтардың өтіп кетсе заманы

Өмір сүріп қажеті не бізге онда».



- 72 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Бүгін
Бәрі өткен соң сөз еттің не, сөз етпе,

Балауса едім, мен ол кезде балғын ем...

Мен туралы жазып алғаш газетке

Өзің ең ғой бата берген алдымен.


Енді өткен соң сөз еттің не, сөз етпе,

Қаламсабым түспей қолдан күні-түн,

Бұрынғыдай емеспін мен боз өкпе

Жарап қалдым ақтауға ел үмітін.


Бұла шақта көп болса да айтарым,

Жан толқынын басып жырға жасырғам.

Уақыт өте бірте-бірте байқадым,

Көбейді жұрт мақтауымды асырған.


Арбауына түспей атақ-даңқтың

Сені үлгі етіп жүрдім мен талай.

Жыл артынан жылды артқа салыппын,

Шаштың ағын сен де қалдың байқамай.


Кекселенген бір кездегі қызғалдақ,

Өкшелеумен әрбір басқан ізіңді.

Жақсы сөздің баяғы айтқан қызға арнап

Бірі де жоқ. Бұл күнгі сөз бұзылды.


- 77 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Бұл кезде

Бұл кезде менде сезім селдіреген,

Жоқ сезім ақ желкендей желбіреген.

Баяғы басымдағы бантигімдей,

Мұңыма байланбайды мөлдір өлең.
Бар еді күнде барар аяулы бақ,

Ағатын арығы бар баяу құлап.

Болатын суы зәм-зәм, тасы таза,

Былғанды түсті де оған қаяу, бірақ ...


Сол сәттің бәрі енді бүгін сағым,

Желкемде жоқ бұрынғы бұрым шағын.

Басылып асау көңіл қалғаннан соң,

Әкеткен аулақтатып құлын шағым.


Салмақты күйге енген соң салқынқанды,

Қойғанмын алып-ұшып алқынғанды.

Ұрланған ұйқылардың тасасында

Жылдардан жасырынып әр түн қалды.


Жағымды отырғаннан таянып ап,

Жарымның алақаны аялырақ.

Қамыққан күндерімнің өтеуіндей

Қуантып күнде құшақ жаяды бақ.

...Мен сені ұмытқанмын баяғыда-ақ.
- 76 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Дейтұғынбыз талай-талай біздер де,

Айлы кеште көкте жұлдыз жүзгенде.

Көктемдерді көктеп өтіп көп белдер,

Жүзімізді айғыздапты күз демде...
Муза ғана нүкте қойып күпті ойға,

Үйретіпті әсте қабақ шытпауға.

Неге өткенге табынбақпыз біз көзсіз,

Қозы – Баян екеуімізден шықпай ма.


Түйсіктерін адастырып тек елдің,

Шын ғашықтар қосылмайды деген кім?

Шын ғашықтар бола алады бақытты,

Қос жолындай ұйқасса егер өлеңнің.


Қос мұңдықты бірдей шалған құрбанға

Хиссалардан көңіл қалып тынған ба.

Неге сәтсіз махаббатты жырлаймыз,

Сәтті неке сән-салтанат құрғанда.


Жүрер ме едік өмір сүріп жыр-әнмен,,

Жағар болсақ бір-бірімізге кір әбден.

Түсірмейтін тұңғиықтың түбіне

Біздегі ыстық сенім күшті күмәннен.


- 73 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Ақыл азда ашу басым, мұң басым,

Абайсызда айна-сезім сынбасын.

Бір-біріне түрмегендер құлағын,

Бізге бұрып жүрек үнін тыңдасын.
Албырттарға арбалмаған бұла күн,

Аңғартқан ба асау шақтың тұманын.

Сен ұнатқан жігіт болса босбелбеу,,

Махаббат жоқ деп түңілме, шырағым.


Бықсып жанса бойыңдағы бар алау,

Әділетсіз көз жеткізбей қаралау.

Сен сүйген қыз басқа жанды ұнатса,

Махаббат жоқ деп қамықпа, балам-ау.


Сан ғашықты сүріндірген көлденең,

Жүріп өттік біз де осы жолменен.

Жолықса да жүз бір жігіт, мың бір қыз,

Бізде нағыз махаббат бар өлмеген.


Үсіте алмай қаһарлы аяз, қалың қар,

Аптапта да солған жоқ ол, наныңдар.

Бойжеткендер, шалыс баспай аяқты,

Бозбалалар, бізден үлгі алыңдар.



- 74 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Махаббатқа сіңірем деп ізгі еңбек,

Машақатын моншақтатып тізген көп,

Жастығының жоғалтқандар жалынын,

Тұтатыңдар бір ұшқынын бізден кеп.
Ашық-жарқын ақтарылсаң несі мін,

Күліп кірсең күнде ашық есігім.

Үйретуге жарап жатсақ, қанеки,

Күлкі етуге жасалмайды кешірім.


Біз жүрген жер мерекелі, көңілді,

Бізбен бірге басқаларға бол үлгі.

Келекені дағдыланба көтеріп,

Өнегелі мұрат еткін өмірді.


Бағындырам деп пәк ниет шыңдарын,

Өзіңді-өзің шынықтырғын, шыңдағын.

Жүрек төрін табансызға таптатпай

Таза ұста – сонда жанар шын бағың!


...Тымық түнде жымияды Ай әдемі,

Қандай ғажап жұлдызды Аспан әлемі.

Махаббатпен мәнді ғұмыр мәңгілік,

Біз екеуіміз-оның нағыз дәлелі!




- 75 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

«Император» мейрамханасында
Жылы шуақ себездетер жанға күн,

Ауасында бір қасиет бар ма тың,

Сары күздің сағынышын сарғайтқан

Ақ сезіммен аймалап тұр Алматым.


Сезім тұнған салтанат пен сәнінде,

Ақ пейілім әндетіп тұр менің де.

Татулық пен тәлімдікті ту етіп,

Той боп жатыр Алматымның төрінде.


Көрмей кеткен Анашымдай ардағым,

Қуаныштан көздің жасы парлағын.

Толтыруда үңірейген орынын

Қос қанатым – Мұратым мен Арманым.


Күрсінумен қанша жүйткіп жыл ақты,

Жүйрік жылдар жылатты да жұбатты.



Әкем отын үлкен інім жағып ед(і),

Енді үй болып кіші інім де қуантты.


Ыстық көңіл ұсыныпты өз жүрегін,

Ынтық дерттің өзің таптың бір емін,



Құлтастайын тартып туған Әкеге,

Оңландай Ана көрген Жібегім!
- 110 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Тербейді тыныштық,

Қыстың бұл ақ түнін.

Жүрекке тым ыстық

Қалдырып тәтті мұң.
Биік деп табындым,

Өзіңе әрдайым.

Пәктігі жаныңның

Тап-таза қардайын.

Сезіммен шын, асыл

Орын ап кеудемнен,

Ойымда тұрасың

Аяулы бейнеңмен.


Көктемгі бақтардай

Көңілімде көктеші,

Ақ ұлпа ақ қардай

Тез еріп кетпеші.






- 87 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


ҮШІНШІ БӨЛІМ
Біздің жақтың

адамдары

Ауызын ашса

көмекейі

көрінген


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет