Ентігу – алғашқы берлгілерінің бірі, кіші қан айналым шеңберіндегі қан іркілісінің, өкпе гипертензиясының салдарынан дамиды, алғашында физикалық, психикалық, сексуалды жүктемелер кезінде дамыса, кейіннен тыныштық жағдайда болады.
Құрғақ жөтел- уөбіне науқас горизонтальді қалыпта жатқан кезде болады, себебі осы кезде жүректің оң жақ бөліктеріне қан көп мөлшерде түседі де, кіші қан айналым шеңбері сәйкесінше қанға толады, іркіледі.
Қан түкіру- қақырығында қан ұйындылары анықталады. Кіші қан айналу шеңберінде қан іркілісі және өкпелік венозды гипертензия әсерінен бронх-өкпелік анастомоздардың жарылуының нәтижесінде дамиды
Жүрек тұсындағы ауру сезімі- физикалық жүктемеге байланыссыз дамиды. Ауру сезімінің сипаттамасы- басып, сыздап, ұзақ уақыт сақталады. Кейде кенеттен шаншып, ұстамалы түрде ауырады, бұл кезде стенокардия ұстамаларымен ажырату диагностикасын жасаймыз.