Сурет бойынша сөздерді буынға бөлу : 1буын , 2 буын, 3 буын
Сурет бойынша тілдерін жаттықтыру үшін « Өзіңді таны » ойыны ойнатылады
Мекепалды даярлық топтарында балаларға білім беруде адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде білім мекемелерінен, тәрбиешілерден, әрине, ата – аналардан шығармашылық шеберлікті талап етеді және ғылыми негізделген жетекшілік болу қажет.
Балалардың жеке басының дамуына , шығармашылық еңбегіне, рухани жеке тұлға болып қалыптасуына, олардың қаблеттерін іске асыруына , қоғам өміріне бейімделуіне азаматтық сана- сезімнің , жалпы мәдениеттің салауатты өмір салтының қалыптасуына жағдай жасау. Жеке тұлғаны қалыптастыруда өз ұлтының мәдениетін тани білу мақсатында оқытумен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру керек. Мектепалды даярлық тобында ертегі , аңыз, әңгіме, тақпақтар, оқып берудің маңызы зор. Баланы қызықтырады , ал көбінесе қаншама қиыншылықты көрседе оны қалайда жеңіп шығатын ақыл-айлалы, халық ерлігін қызғылықты баяндайды.
Мектепалды даярлық тобында жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұлғасын тәрбиесін,оқу бағдарламасына еңгізу балалар, тәрбиешілер, ата – аналар үшін ерекше маңызды.
Мектепалды даярлық тобында жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қалыптастыруда тәрбиеші кейбір ережелерді естен шығармауы қажет.
Бірінші ереже:Сабаққа топ мүшелерін түгел қатыстыру. Өйткені, бұл әдістің мәні – балаларды түгел танымға жұмылдыру.
Екінші ереже: Осы әдіспен жұмыс істеуге балаларды психологиялық жағынан қалыптастыру,қатысушылар өздерін еркін сезіну үшін жаттығулар жасатып, сабақтағы қандайда болсын жетістіктерін әрдайым мадақтап, қолпаштап отырғаны дұрыс.
Үшінші ереже: Әрбір бала өз пікірін, көз қарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасауы қажет
Мектепалды даярлық тобының балаларының жеке тұлға ретінде қалыптасуында ойының ролі де ерекше. Ойын – баланың жан серігі.Қай бала болсын , ойнап өседі.
Мектепалды сыныбында оқыту мен тәрбиенің тамыры тереңде. Ол тәрбиеші мен мұғалімдерден іскрлікті күтеді Сол кезде ғана жас ұрпағымыз үшін бұл істің берері зор демекпін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Бала бәрбиесі №12.2011ж
2.Мектепалды даярлық №4 2011ж
3.Мектепалды даярлық №3 2011ж
4.Бала мен балабақша №4
Достарыңызбен бөлісу: |