Дұрыс жауап берген оқушыларды ауызша сөздермен мадақтау.
Диалог және қолдау Көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсету
Негізгі бөлім
1.«Рөлдік ойын». «Мәселе туралы» болжам әдісі. Мақсат: алдыңғы білімдеріне сүйеніп, судың ластану көздерін атау.
-Негеш пен Эврика қайда келді?
-Негеш не туралы айтты? Ол суды қайдан алып тұр?
-Неге өзен суы лас дейді?
-Құбыр суы неге таза деп ойлайсыңдар?
-Өзен суы ненің әсерінен ластанады?
-Эврика не деп жауап берді?
2. (Ш.Т) «Зерттеу». Мақсат:суды тазарту тәсілдерін, фильтр моделін ұсыну;
Оқушыларға қажетті ресурстарды даярлап аламын.
Зерттеуге нұсқаулық.
Барлық заттарды стақандарға бөлу үшін не істеу керек?
Жоспарды бүкіл сынып болып талдап, ең оңтайлысын таңдау;
Су бетіндегі қоқыстарды қасықпен алу;
Суға магнит салу. Не болды?
Басқа денелер неліктен тартылмады?
Қоқысы бар суды дуршлагтан өткізіп сүзу. Су құрамында не қалып қойды?
Не себепті су құрамында құм әлі жүр?
Енді суды құмнан қалай тазартамыз? Ненің көмегімен тазартамыз?