-Бірінші тапсырма: кім жемістер туралы тақпақтар айтады?
Фатима: Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон кеиемін.
Бала келсе қасыма ,
Басымды мен иемін.
Жарқынай: Мен жүзімін,жүзімін,
Моншақ болып тізілдім.
Сары күзде үзіліп,
Себепке кеп тізілдім.
Мархаббат: Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді ілмеймін.
Уылжылған өрікпін,
Мен бау-бақшаға көрікпін.
Әдемі: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Тіл үйірген бар жұрттың.
Әсемай: Қып-қызыл мына алманы- ай,
Көзімнің жауын алғаны-ай.
Үзіп алып жейін деп едім.
Бойымның жетпей қалғаны-ай.
Күз: Екінші тапсырма: мен жұмбақ жасырам, соның шешуін табуға тырсыңдар?
Күзде піседі, домалап түседі.
(Алма).
Жауып жаңбыр,
Жер сабыр.
Шөп, жапырақ салады.
(Күз).
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге түседі.
(Жапырақ).
Күз: -Балалар өте жақсы, ал енді кім жапырақтарды көп қылып, кім бірінші болып жинайды ?
-Жарайсыңдар балалар.
-Балалар мына алманың дәмі қандай?
-тәтті.
-Түсі қандай?
-Қызыл.
- Пішіні қандай?
- Дөңгелек.
-Көкініс пе , әлде жеміспе ?
-Жеміс.
-Өте жақсы.
Күз: Балалар мен сендермен
қоштасайын, сендер сияқты балаларға барайын.
Қош сау болыңыздар!
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы әңгімеледік.
-Жемістер, көкөністер, күз туралы.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Біздің тобымызға кім келді?
-Алтын күз апайымыз.
-Оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
- Ия.
- Қай бөлімі ұнады?
- Балалар, өздеріне ұнаған бөлімдерін айтып шығады.
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Достарыңызбен бөлісу: |