5-бап. Жария етуге ұсынылған және жария етiлген мүлiк туралы ақпарат
1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етуге тиiс.
2. Осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде iс жүргiзу әрекеттерiн, оның iшiнде қылмыстық қудалауды немесе әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануды жүзеге асыру жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге тыйым салынады.