Мүмкін, айтуы тиіс, айтқаның жөн


-Ге таман, -ге жақын, -ге таяу, -ге жуық, -ге салым



бет8/9
Дата22.09.2023
өлшемі85,86 Kb.
#182094
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
көмекші сөз 3

-Ге таман, -ге жақын, -ге таяу, -ге жуық, -ге салым форманттары қосылғанда сөзге (зат есімге) жалпы бағдар мағынасымен қатар ара қашықтық мағынасы қосылады. Мысалы, Ұзақ ... өз ауылына таман келгенде.... Қалаға жақын тұрамыз. Осы форманттар зат есімдерді байланыстырғанда, тек ара қашықтық мағынасын ғана жамайды: Мектепке жақын үйлер, құдыққа таман жерде, т.б. Бұл форманттар мезгіл мәнді зат есімдер мен зат есімді сөз тіркестеріне қосылса, оларға кеңістіктегі арақашықтықты емес, мезгілдік ара қашықтық мағынасын жамайды: Күзге таяу келе. Жиналыс бітерге (бітер кезге) таман қабарласамын.
  • Бұл форманттар сан есімдерге қосылғанда, болжалдық мағына жамайды. Мысалы, Екі мыңға тарта жылқысы бар. Аталған форманттардың бұл мағынасы сөз бен сөздің байланысуына арқау болатын септеу категориясының парадигмалық қатарына енбейді, демеулік шылауға тән мағыналар болып табылады.
  • Сонымен септеулік шылау – кейде жеке өздері, кейде септік жалғауымен бірге өзі қосылған сөзге септеу категориясына тән қандай да бір грамматикалық мағына жамайтын, сол мағына арқылы сөздерді синтаксистік қатынасқа түсіріп сабақтастыра байланыстыратын шылаудың түрі.
  • Демеулік шылау – өзі тіркескен сөзге, сөйлемге қандай да бір грамматикалық мағына үстегенмен, сол мағынасы арқылы сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға қатыспайтын шылау.
  • Демеуліктердің мағыналыұ түрлері:
  • Сұраулық мәнді демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;
  • Күшейткіш мәнді демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, да (де, та/те), әсіресе;
  • Шектеу (тежеу) мәнді демеуліктер: ғана (қана), тек, -ақ;
  • Болжал мәнді демеуліктер: -мыс (-міс), -ау;
  • Болымсыз, қарсы салыстыру мәнді демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ, құрлы;
  • Нақтылау мәнді демеуліктер: қой/ғой, -ды/ді, -ты/-ті;
  • Қомсыну мәнді демеулік: екеш.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет