Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) - (The organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC) - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 13 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.
Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж. Венесуэлланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдадтағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэлла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге мына елдер МЭЕҰ-ның толыққанды мүшелері болып табылады: Алжир, Индонезия, Катар, Ливия,Нигерия және Біріккен Араб Эмираттары. Эквадор 1973-1992 жж. аралығында, Габон - 1975-1995 жж. аралығында МЭЕҰ-ның мүшесі болды. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. МЭЕҰ-ның штаб-пәтері бастапқыда Женевада (Швейцария), ал 1965 жылдан Венада (Австрия) орналасқан
Сауд Арабия патшалығы (араб.: المملكة العربية السعودية әл-Мәмләка әл-'Араби́я ас-Су’уди́я) Arabic pronunciation — Араб түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен және Кувейтпен шекаралас, шығысында Катармен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, оңтүстігінде Оман, оңтүстік-шығысында Йеменмен шекаралас. Солтүстік-шығысында Парсы шығанағы батысында Қызыл теңізбен қоршалып жатыр.
Сауд Арабияны «Харам жері» деп атайды. Харам деп аталуына себеп Мекке және Медине қалаларының орналасуында. Араб тілінде қысқаша — ас-Саудия (араб.: السعودية) деп айтылады. Сауд Арабия қазіргі таңда Иордания мен Лихтенштейнді қоса есептегенде әлемдегі 3 династиялық патшалық қатарына жатады.
Сауд Арабия мұнай қорымен әлемдегі бай елдердің қатарынан. 2009 жылы мұнай өндіріп экспорттаудан Ресейден кейінгі екінші орныды иемденді. Мұнайды экспорттау 95% құрайды, оның ішінде 75% мемлекетке кіріс, мемлекет кірісті халыққа теңдей бөліп беріп отырады.
Аумағы 240 мың км². Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 926 километрге созылған, ені 180 – 320 км. Көпшілік бөлігінде тереңдігі 50 м-ге жетпейді, ең терең жері 115 м. Тау алды тектоникалық иінінде жайласқан. Жағалауларына жақын жатқан аралдар (Бахрейн, т.б.) көп, оңтүстік бөлігінде маржан рифтері таралған
Сауд Арабиясында мұнай алғаш рет 1936 жылы табылды. 2002 жылы елде күніне 10,5 млн баррель мұнай өндірілді. Корольдікте бұл қазба отынның бүкіл дүниежүзілік қорының 1/4-не жуығы шоғырланған. Экспорт құрылымында мұнайдың үлесі 97%-ға жетеді. Мұнай кен орындарының көпшілігі елдің шығысында, Парсы шығанағының жағалауында орналасқан. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін орасан пайда қазіргі заманғы қалалар, жолдар мен порттар салуға, инфрақұрылымды дамытуға, мектептер мен ауруханаларды қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік берді. Қаржы сондай-ақ өнеркәсіптің мұнай-химия, металл өңдеу мен дәрі-дәрмек жасау сияқты салаларын құруға да бағытталады.
Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымында (ОПЕК) жетекші орынды иеленді, бұл оған көптеген халықаралық өткір проблемаларды шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді.
Венесуэла — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км². Халқы – 28 миллион адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі –испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс. Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады. Оңтүстік-шығысында Гвиана таулы үстірті бар. Климаты субэкваторлық, ыстық. Орташа температура қысы-жазы 25 – 29ӘС. Жауын-шашын мөлшері солтүстік жағында 280 миллиметр, ал оңтүстігінде 2000 – 3000 миллиметр. Ең ірі көлі – Маракайбоның төңірегінде ірі мұнай қоры бар. Елде мұнайдан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір, алтын, алмас, тағыда басқа пайдалы қазбалар өндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тамақ өнімдерінің 50%-ы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Бразилия, Канада, тағыда басқа елдер. Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді.
Кувейт - Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы - Кувейт қаласы (тұрғын саны 60.000). Басты қалалары: Хауалли (т.с. 190.000), Салимия (т.с.200.000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17.818 кв. км. Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. 1992 ж. жалпы 312 баррель мұнай өндірілген. OPEC елдері арасында 1993ж. жасалған келісім бойынша Кувейттің кунделікті мұнай өндірісі 2 млн. баррель деп белгіленген. 1993 ж. болжам бойынша Кувейттің мұнай қоры 92 млрд. 430 млн. баррелге жуық деп бағаланған. Елде табиғи газдың да мол қоры бар. 1992 ж. 2 млрд. 650 млн. М3. табиғи газ өндірілген. 1993ж. болжам бойынша табиғи газ қоры 1 млрд. 350 млн. м.кубты құрайды. Мұнай мен газдың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41% көлемінде.
Ирак — экономикалық әлуеті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай (65 млрд. т-дан астам), табиғи газ, фосфат қорлары бар. Ирак — Иран соғысына дейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21 — 26 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде пайда тауып отырды. Ол ақша елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, жаңа индустрия мен инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды. Мұнай шығару, мұнай өңдеу, газ өндіру, цемент, электрэнергетика, машина жасау, т.б. өндіріс салалары жақсы дамыған
Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т-ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3,5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен — азық-түлік өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады.
Индонезия Республикасы - Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін Малай архипелагы дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі. Аталған архипелаг Үнді мен Тынық мұхиттарының түйіскен жерінде орналасқан, және Азия мен Австралия континенттерінің арасында көпір болуда. Ресми атауы: Индонезия Республикасы. Аумағы: 1,91 млн. шаршы шақырым. Астанасы: Джакарта (9,5 млн. адам), басқа ірі қалалары - Сурабая, Бандуң, Медан, Семаранг. Ұлттық дамудың орташа мерзімді жоспарының басты салаларының бірі ретінде мұнай шығару көлемін үлкейту болып есептеледі. Оның елдегі барланған қорлары шамамен 6 млрд. баррель құрайды. Аталған қорлардың көбісі теңіз жағалауында орналасқан. Елдегі ең ірі мұнай кен орындары Дури мен Минас Орталық Суматра аралында ашылған. Басқа ірі кен орындарын жетілдіру мен мұнай шығару жұмыстары Ява аралының солтүстік-батыс жағалауында да жүргізілуде. Ява аралындағы тоқтатып қойылған Чепу мұнай кен орнын зерттеу барысында, онда шамамен 500 млн. баррель бар екендігі көрсетілді. Қазіргі таңда Индонезия территориясында жалпы қуаты 1 млн. баррель мұнайды өңдей алатын 8 мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істеуде. Ұлттық мұнай компаниясы «Пертамина» 2012 жылға дейін әр жыл сайын мұнай шығару көлемін орташа шамамен 13-17 пайызға үлкейтуді жоспарлауда. Индонезия заттарын сатып алатын (импорттайтын) мемлекеттер - Қытай – 15,1 %, Еуропа Одағы (Германия, Франция, Ұлыбритания) – 14,4 %, Жапония – 12,2 %, АҚШ – 9,0 %, Сингапур – 7,4 %, Австралия – 5,3 %, Малайзия – 4,1 %, Оңтүстік Корея – 4,0 %, Тайвань – 2,8 % .
Жері шөлейтті жазық болып келеді. Тұрақты ағатын өзендері жоқ. Климаты тропиктік, құрғақ, қысы мен жазы қуаң, ыстық. Қаңтардағы орташа температура 16С, шілдеде 32С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм. Негізгі байлығы – мұнай (табиғи қоры – 778 млн. тонна). Елдегі ұлттық табыстың 90%-ын мұнай өнеркәсібі береді. Мұнай өнеркәсібі “Катар петролеум”, “Шелл оф Катар”, тағы басқа компаниялар қолында. Мұнайдан басқа табиғи газ өндіріледі, балық ауланады. Тұрғындардың 35%-ы өнеркәсіпте, 3%-ы ауыл шаруашылығында, 60%-ы қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жерінің 0,7%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылады. 1997 жылы ұлттың байлық мөлшері 7,4 млрд. АҚШ доллapы, жан басына шаққанда 20100 доллар деңгейінде болды. Мұнай салалары бойынша жетіспейтін жұмыс күшін сырттан әкеледі. Сырттан машиналар, құрал-саймандар, мал, тамақ өнімдері, тұтыну және химия тауарлары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестіктері:Жапония, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сауд Арабиясы. Қазақстан мен Катар арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнаған. 1998 жылы 23 мамырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Катарда ресми сапармен болып, әмір Хамад бен Халифа әл-Танимен және елдегі аса ірі бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізді. Екі жақ мұнай өңдеу және тасымалдау, инвестиция мен банк, туризм, әуе байланысы, тағы басқа салалар бойынша өзара келісімдерге қол қойды. Осы кездесуден кейін екі ел арасында сауда-экономикалық байланыстар жедел дами бастады.
Алжир, Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл-Жазаирия Демократия аш-Шаабия) — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигериямен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 27,1 млн. адам (1993). Негізгі халқы — алжирліктер — 14,9 млн адам (барлық халықтың 98,4%-і). Халықтың 99%-ін мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі — араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы — Алжир қаласы. Шаруашылығының дамуы жағынан Алжир Африка құрлығында 2-орын алатын аграрлы ел болып саналады. Астық, жүзім шаруашылығымен қатар теңіз жағалауында цитрус жемістері мен көкөніс өнімдерін егу кең өріс алған. Елдің таулы және шөлейт аудандарында мал шаруашылығы өркендеген. Қалаларда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (шарап жасау, консерві, темекі, ұн тарту) дамыған. Ел экономикасында өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Оның жетекші саласы — мұнай (1995 жылы — 35 млн. т) және табиғи газ (163 млрд. м3) өндіру. Металлургия комбинаты, трактор және дизель моторларын жасау зауыты бар. Алжир территориясында дүние жүзінде маңызы бар мұнай және табиғи газ қорлары зерттелген. Алжирдің Африка құрлығы бойынша сауда құрылымындағы қазіргі үлесі 9% шамасында болса, дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 0,46% (1995). Экспорты — 10240 млн. доллар, импорты — 10250 млн. доллар құрайды.
Ливия – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км². Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы орган қызметiн Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы – жалпыға бiрдей Халықтық Конгресс. Ұлттық мейрамы – 1 қыркүйек (1969) – Төңкерiс күнi. 1955 жылдан БҰҰ-ға мүше. Ақша бiрлiгi – ливиялық динар. Ливияның жер бедерi, негiзiнен, үстiрттi келген құмды тасты жазық. Шығысында Ливия шөлi жатыр. Климаты тропиктiк. Қазақстан мен Ливия арасында 1992 ж. дипломатиялық қатынас орнады. Ливия экономикасының негiзiн мұнай өнеркәсiбi құрайды. Мұнай өндiрудің көлемi жөнiнен Ливия Африкада 6-орынды иеленедi. Ауыл шаруашылығы төменгi дәрежеде дамыған. Дәндi дақылдар, құрма ағаштары өсiрiледi. Мұнай және мұнай өнiмдерiн экспорттап, азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларын шеттен әкеледі
Нигерия, Нигерия Федеративтік Республикасы – Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 923768 км². Халқы 123,3 млн. (2000) (хауса – 21%, йоруба – 20%, ибо – 17%, фулани – 9%, қалғандары – фульбе, канури, эдо, игбо, т.б. халықтар). Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының 50%-ы мұсылмандар, 40%-ы христиандар, қалған бөлігі жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – парламент. Астанасы – Абуджа қаласы (1991 жылдан). Кен байлықтарынан мұнай мен газ, тас көмір мен қоңыр көмір, темір, түсті металдардың (қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, молибден, ниобий, тағы басқа) кентастары мен алтын кездеседі. Түсті металдар, электр қуатын өндіру, тамақ, тігін өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шығаратын негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: какао, майлы пальма, арахис, мақта, каучукті өсімдіктер, қант құрағы. Мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 880 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері:Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ.
Біріккен Араб Әмірліктері - солтүстік-шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Катармен, Сауд Арабиясымен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. Ресми астанасы – Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристтік және саудалық орталығы – Дубай шаһары - деп есептеледі. Әрбір әмірліктің есімі оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді.
«Голланд ауруы» (ағылш. Dutch Dіsease) — шикізатты (әсіресе мұнай мен газды)
жаппай сыртқа (экспортқа) шығарғанда экономикаға валюта ағыл-тегіл құйылып, нарықтағы баға өсіп, ұлттық валюта нығайып, экономика біртіндеп қымбаттай бастайды.Демек, экономиканың 3,3 есе қымбаттауы оның өзге экономикамен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің төмендегенін көрсетеді. Отандық тауар өндірушілер біртіндеп нарықтан ығыстырылады. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, бұл құбылыс негізінен шикізатты, оның ішінде мұнай мен газды экспорттайтын елдерде жиі байқалған. Олар — мұнайды экспорттайтын елдер ұйымы — ОПЕК-ке мүше және осы ұйымға кірмейтін, бірақ мұнай мен газды сыртқа шығаратын елдер. Әлем бойынша бұл термин өткен ғасырдың 1950—50 жж. ғана пайда болды. 20 ғ. газ бен мұнайға, басқа да ресурстарға бай кейбір елдердің жіберген басты екі қатесі болды.
Біріншісі — өңдеу өнеркәсібінің секторлары мен қызмет көрсетуге ерекше назар аудармай, жер асты байлықтарынан түсетін пайданы алумен, бөлумен жаппай шұғылдану. Бұл қателік — ОПЕК картеліне мүше 13 мемлекет: Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Венесуэла, Катар, Индонезия, Ливия, Біріккен Араб Әмірлігі, Алжир, Нигерия, Эквадор және Габонға тән. Араб Әмірлігі мен Индонезия даму бағыттарын 1980 жж. ғана өзгертіп дұрыс жолдарын таба білді.
Дүние жүзінде мұнайдың 35—37% осы елдер өндіріп отыр.
Екінші қателік — мұнай мен газ секторларына мемлекеттің тікелей араласуы, мемлекеттің осы секторлардың өндіріс ошақтарын мемлекеттің қарамағына күштеп алуы, яғни «мемлекеттендіруі». Мұндай құбылыс ОПЕК-ке мүше елдерде, әсіресе Венесуэла мен Сауд Арабиясында жиі орын алды.
1973 жылға дейін Сауд Арабиясында жан басына шаққандағы ЖІӨ АҚШ-пен салыстырғанда 15% төмен болса, отыз жылдан соң, 2003 ж. 72% төмендеді. 1973—75 жж. Венесуэланың ІЖӨ-сі 10 000 доллардан асса, 2005 ж. сатып алу қабілеті бойынша 5800 долларға дейін төмендеді.
Венесуэла халқы ішкі тұрақсыздық пен қақтығыстың ұйытқысы болып келген қара алтынды «шайтанның эксперименті» деп атаса, Сауд Арабиясында мұнайды «Алланың бергені, рақымшылығы» деп бағалайды.