Байланысты: Арматура және бақылау-өлшеу аспаптары құбырлық арматура бақылау-өлшеу аспаптары
Өлшемдік түрлендіргіштер – өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу және сақтау үшін, сондай ак көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы. Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструктордың сұлбасына кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді.
«Бақылау өлшеуіш құралдары» бағдарламасында өнеркәсіпте қолданылатын бақылау өлшеуіш құралдарының орнатуды, қызмет көрсетуді және жөндеуді үйретіледі. Қысым, ағым, температура, деңгей, күш және химиялық құрам секілді бақылау айналымы мен өлшеуіштерде қолданылатын кең спектрдегі пневматикалық, электрондық және микрокомпьютерлік құралдармен жұмыс істеледі.
Өлшегіш аспаптар және құралдар деп анықталатын өлшемді тікелей немесе жанамалы түрде өлшем бірлігімен салыстырып көрсететін қондырғыларды айтады. Аспап немесе құрал деп бөлінуі шартты. Қарапайым түрлері құралдар қатарына, ал күрделі түрлері аспаптар қатарына жатады. Өлшеу жабдықтары қолдану сипатына байланысты әмбебап және арнаулы негізделген болып бөлінеді.
Сызықтық және бұрыштық өлшемдерді өлшеуге арналған әмбебап өлшеу аспаптары құрылымы және жұмыс атқару принциптері бойынша түрлері көп, сондықтан оларды келесі топтарға бөледі:
Қарапайым өлшеу құралдары (сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшемдер өлшегіш және т.б);
Сызықтық нониуспен жабдықталған штрихты құралдар (штангенқұралдар, әмбебап бұрыш өлшегіштер);
Микрометрлік аспаптар(микрометрлер, микрометрлік ішкі өлшемдерді және тереңдікті өлшегіштер);