Сабақтың тақырыбы: Мұнай индустриясы. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда. Сөз дәлдігі
Мұнай индустриясы
1. Суреттегі ақпаратты сөз дәлдігін сақтай отырып әңгімелеңдер.
2. Мәтінді оқып, өткен сабақтағы оқылым мәтінімен салыстыра талдаңдар.
Мұнай мұхиты
Маңғыстау... Сенің ғасырлар бойы құлазыған көне көкірегің бұл күнде мынау өмірге ғашық жандардың жүрегіндей лүпілдейді. Сенің осы бір арай жүз кел бетіңе қарап, менің де кішкентай жү регім лүпілдейді. Қуана тұрып, бір тәтті ойларға еніп кетем... Тарихтай қатталған қара жер қабатынның астындағы мұнай тасқыны зауыттар мен фабрикалардың жүрегіне қызу қан берер ғажап күш емес пе!?
Маңғыстау... Сенің даңқыңды, біздің дәуірдің ғажайып адамдары дүбірлеткен даңқыңды бұл күнде жер шарының біраз түпкірі біледі. Бүгін қазына аралына айналған сенің атағың қазақ даласының шекарасынан жырақ кеткен.
...Иә, сенің ғажайып болашағың әлі де талайларды таңырқатады. Өз ұр пағыңа, өсіп-өркендеген ғаламат заманның кереметтерін құрыш қолдарымен өзі жасап жүрген ұрпағыңа әлем алдында «Міне, қараңдар менің ғажайып өлкеме!» дейтіндей мақтан бола бересің, сен, дариялы мекен!
(Ф.Оңғарсынованың «Мұнаралы Маңғыстау» мақаласынан)
3. Мәтіндегі кәсіби сөздерді тауып, іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданып, 10 сөйлем жазыңдар.
...Енді бірде скважина аузы опырылып кетті. Шыңыраудан шыңғыра шапшып, жөңкіле толықсыған жал-жал бұйра толқын жер бетіне шыққан соң арыстандай өкіре, тіп-тіке аспанға шаншылды да, мұнара маңын самаладай жайнатқан көп прожекторды көме нөсерлетіп, тулап, бұлқынып, булығып, қайтадан кері құлап түсіп жатты.
Смена адамдары фонтанды скважина аузына арматура орнатпақ боп әуре-сарсаң, кейбіреулері селдеткен қара көк тасқынға кіріп-кіріп кетеді. Енді біреулер кезек-кезек привинторға жүгіреді, привинтор тұтқасын екеу-үшеуі қосыла жабылып бұрайды. Тұтқа сіреседі, қозғалмайды. Амалы құрыған бір-екі адам бір-біріне ажырая қарап, айқайласады:
– Тұтқа неше рет бұралды?
– Жиырма рет.
– Алты айналымы кем. Айттым ғой, кондукторды газ бұзып өткен.
Фонтан өрши түсті. Қарақошқыл қою бұрқақ бірден бірге жалданып, биіктей берді. Мұнара маңы қолма-қол мұнай теңізіне айналып барады. Шоқтығына қол тимеген асау тәрізді жабайы, тағы табиғаттың біресе ішін тарта өксіген, біресе аһ ұра аңыраған үрейлі үні де толастар емес.
Болат мұнараға толқынды сел арасынан қорғасын бытырадай сырт-сырт соққан әлденелер жылт-жылт ұшқын шашыратқандай еді, ізінше моторлы будка жақтан қып-қызыл от жарқылдап, күп-күрең жалын сүйреңдей батады...
(З.Қабдоловтың «Жалын» романынан)
Елімізде «қара алтын» өндіру 20 жылдың ішінде жылдық мөлшерін төрт есеге көбейтті, ал әлем де бұл көрсеткіш бір жарым есеге ғана артып отыр. Мұнай нарығындағы мемлекеттің ғаламдық үлесі 10%-ке өскендігі де хақ. «Қара алтынды» өндіру мен экспорттаудың әлемдік деңгейдегі жаңа орталығын Қазақстан дәйекті түрде қалыптастырып келеді. Тәуелсіздік алған уақыттан бергі мерзім ішінде мұндай жетіс-тікке жетуімізге осы салада жасалған түбегейлі өзгерістер негіз болып отыр.
5. Елімізде мұнай өндіру қалай жүзеге асатыны туралы мәлімет жинаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |