Мұндағы := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс



Дата20.11.2022
өлшемі14,73 Kb.
#159063
Байланысты:
Ипв


Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19, 1623 жыл—Тамыздың 19, 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.

Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында Паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газ бен сұйықтардың қасиетін көп зерттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы адам болып есептеледі.


Меншіктеу операторы кез келген программалау тілінің негізгі операторы. Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға телу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін сан мәнін меншіктеуге болады, ондайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді. Меншіктеу операторының жазылу ережесі төмендегідей болады:
<айнымалы>:=<өрнек>;
мұндағы := – меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс.
Мысалдар:
i:=i+1;
x1:=(-b+sqrt(b*b-4*a*c))/(2*a);
a[2,3]:=m-n;
fun:=false; (fun айнымалысының типі – boolean)
l:=2*pi*r;
Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Программа тілі программаны құрайтын жазбалар жүйесін анықтайтын ережелер жинағы.
Паскаль тілінде басқару операторларына шартты операторлар жатады. Егер есептің мазмұнында шарт беріліп, шешімі сол шартқа байланысты болса, шартты көшу операторы қолданылады.
Тармақталу операторы дегеніміз – шарттың орындалуына және орындалмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді. Шарт ретінде логикалық қатынастар қолданылады. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда бір жолмен , ал егер орындалмаса , онда екінші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тартақталу операторы деп атайды. Блок – схемасында шарт тексеру блогы ромб қолданылады.
Тармақталу алгоритмдерінде мынадай қызметші сөздер қолданылады. IF – егер , THEN – онда, ELSE – әйтпесе.
Оператор прогаммадағы іс – әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең көп тараған тәсілі болып табылады. Шартты көшу операторының толық түрі, паскаль тілінде жазылуы
1 шарт 2 оператор
If < шарт > then < 1 оператор > else < 2 оператор >
Егер шарттың мәні “ ақиқат ” болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән “ жалған ” болса, ELSE сөзінен кейінге оператор орындалады.
Шарттың өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
= Тең
< Кіші
≤ Кіші немесе тең
> Үлкен
≥ Үлкен немесе тең
<> Тең емес
1. әріп түрінде немесе әріптер тобы түрінде программаға енгізілетін және уақыт, ұзындық, баға, түс және т.б. әр түрлі мәндерді қабылдайтын программадагы сандық шама
2. белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында мәнін өзгертуге болатын атауы белгілі объект.
*
* Айнымалылар әдетте кіші латын немесе грек әріптерімен (индекстерімен болуы мүмкінами) белгіленеді: x,y,ε {sdisplaystyle x,~y,~\varepsilon } 

* Өзгеру облысы айнымалылардың сәйкес әріптермен, бірақ ирек жақшамен алынып белгіленеді: {x},y},{ε} {\displaystyle \left\{x\right\},~\left\{y\right\},~\left\{\varepsilon \right\}} 

* А й н ы м а л ы шама — әр түрлі сан мәндерін қабылдайтын шама. Ал сан мәні өзгеріссіз қалатын шама т ұ р а қ т ы шама деп аталады. Дегенмен айнымалы шама мен тұрақты шаманың арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде болады. Өйткені кейбір мәселедегі тұрақты шама, басқа бір жағдайда айнымалы шама болуы мүмкін.
* Айнымалы шаманы математикаға енгізіп, оны жүйелі түрде зерттеуді бастаған француз ғалымы Рене Декарт (1596 — 1650) болды. Айнымалы шаманың негізінде өзгеріс пен қозғалыс жатыр. Сондықтан тұрақты шама математикасынан айнымалы шама математикасына көшу ғылыми ойлаудағы үлкен төңкеріс болды. Сөйтіп, интегралдық және дифференциалдық есептеу әдістері арқылы процестер мен өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік жасалды. Кейде айнымалы шамалар арасындағы байланысты функция деп те атайды. Математика онан әрі дамыған сайын зерттелетін функциялар саны да көбеюде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет