Кейбір қолданушылар үшін тіпті шағын ноутбуктар тым үлкен болып саналады. Нетбуктерде экран өлшемі 25 см немесе одан аз және салмағы 0,9 кг болатын шағын пішінді болып келеді. Нетбуктер ұзақ уақыт автономды жұмыс істейді және ең көп кездесетін – процессор ресурстарын аз талап ететін Веб-беттерді қарап шығу, электрондық поштаны тексеру және кеңселік программалар сияқты тапсырмаларды орындайды.
Жұмыс үшін нетбукті пайдалану тапсырмаға байланысты.
МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Мобильді құрылғылар біздің өмірімізге сенімді түрде нық кірді және олардың рөлі өсіп келеді. Мұндай құрылғылардың түрлері күннен-күнге артуда және қолдануға икемді және түрлі функцияларды қамтуда. Мобильді құрылғылар операциялық жүйеге ие.
Екі ең танымал мобильді операциялық жүйелерді қарастырайық:
Android (Android, Inc. қазір оны Google сатып алды) – Unix ядро сы негізіндегі Операциялық жүйе, тегін, ашық бастапқы коды бар. Осы платформадағы смартфон өндірушілері – Samsung, LG, HTC және басқа да көптеген компаниялар.
iOS (Apple) – Unix операциялық жүйесіне ұқсас, тек Apple құрылғыларына арналған операциялық жүйе. Көп мәселелі, ресурстарға талап қоймайтын, жабық бастапқы коды бар, яғни пайдаланушы жүйеге өз бетінше өзгерістер енгізе алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |