СМАРТФОННЫҢ ДАМУЫ
Смартфондар 2006-2007 жылдары танымал болды, мұндай құрыл ғыларға сұраныс күрт өсіп, оларды өндіру көлемі де арта түсті. 2006 жылдан бастап BlackBerry OS, Windows Mobile және Symbian OS смартфондары пайда болды.
2007 жылдың басында iPhone OS (iOS) платформасында iPhone бірінші моделін шығару туралы жарияланды. Осы жылы нарықта Android OS платформасының базасында смартфондар пайда болды.
Symbian OS платформасы батырмалы смартфондар үшін жасалғандықтан, уақыт өте келе ол өз танымалдығын жоя бастады, ал сенсорлық құрылғылардың танымалдығы артып, сұранысқа ие болды.
2010–2012 жылдары iOS (және әсіресе Android OS) танымалдығы тез артты, ал Symbian OS, Windows Phone, BlackBerry OS – төмендеді және олар бүгінде пайдаланылмайды десе де болады.
Саланың көшбасшылары Android OS және iOS платформалары болып табылады. Android OS артықшылығы – ашық бастапқы платформа кодында. iOS артықшылығы – аппараттық және программалық қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасы болып табылады.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер
Мобильді құрылғы дегеніміз не?
Мобильді құрылғылардың процессоры дегеніміз не?
Қандай құрылғылар мобильді құрылғыларға жатады?
Смартфондарыңдағы немесе планшеттеріңдегі браузер қандай мүмкіндіктерге ие?
Windows Mobile, Google Android, Symbian OS, BlackBerry OS платформаларының мүмкіндіктеріне талдау жасаңдар және әрқайсысының артықшылықтары мен кемшілік тұстарын айтыңыздар.
Сөзжұмбақты шешіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |