Модуль 3 Антимикробтық заттар. Тақырыбы


Ішек түтікшесінің ішінде әсер ететін препараттар



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,97 Kb.
#96653
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
file-4586 (10)

Ішек түтікшесінің ішінде әсер ететін препараттар. Бұл топтың препараттары ішектерде баяу ыдырайды, өздерінің белсенді бөліктерін біртіндеп бөлу арқылы онда жоғарғы концентрацияны сақтайды.
Сульгин. Суда, спиртте, сілтілік ертіндіде нашар еритін, баяу сіңетін, ақ түсті ұсақ кристаллды ұнтақ. Нәжіс арқылы бөлінеді. Ішектегі патогенді микроорганизмдерге белсенділігі жоғары. Ішек ауруларында ауыз қуысы арқылы қолданады.
Фталазол. Ақ, ақ-сарғыш түсті ұнтақ. Натрий карбонатының судағы ертіндісінде жақсы ериді. Эшерих, сальмонелл, дизентерия таяқшаларына; эймерийлерге белсенді. Ауыз қуысы арқылы қолданады.
Дисульформин, фтазин препараттарының да әсері жоғарыдағыдай.

Нитрофурандар.


Бұл топтың негізгі препараттары: фурацилин, фурадонин, фуразолидон. Дәрігерлік тәжірибеде олардан басқа фуразолин, фурагин, солафур және фуракрилиндер қолданылады.


Негізгі субстрат – фурфурол. Оны нитритпен өңдеу арқылы 5-нитрофурфурол алады, одан нитрофуран препараттары синтезделеді.
Нитрофурандар бактериялық белсенділіктері жоғары, әсіресе Грамм оң микрофлораға. Грамм оң = 1,6-12,5 мкг/мл; Грамм теріс = 6,25- 50 мкг/мл.
Әсер ету механизмінің негізінде олардың микроорганизмдердің торша деңгейінде дем алу процессін блокадалау жатыр. Сутегінің акцепторы ретінде олар флавиндік ферменттермен бәсекеге түседі; ДНК-ны қоршау арқылы нуклеин қышқылдарының синтезін бүлдіреді; пируват метаболизмдерінің түзілуін қажытады; дегидрогеназ, альдолаз, транскетолаз ферментерінің белсенділіктері төмендейді; ол барып микроб торшаларының энергиясының алмасуына кері әсер етеді; микроорганизмдер өсіп, көбеймейді.
Микроорганизмдердің нитрофурандарға сезімталдығы қоздырғыштардың түріне және нақтылы препаратқа байланысты. Мысалы, стафилококктарға фуракрилин, фуразолидон, фурагиндер әлдеқайда белсендірек және олардың токсин бөлулерін күрт төмендетеді. Кейбір нитрофурандардың фунгистатикалық әсерлері бар. Бірталай препараттар қарапайымдарға қарсы әсер етеді және ісіктерге қарсы тиімді әсер етулері де мүмкін.
Микроорганизмдердің препараттарға үйреншіліктігі өте баяу дамиды, ол да қоздырғыштар мен препараттарға байланысты.
Препаратты ауыз қуысы арқылы бергенде олар ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырайды да метаболиттер түзеді. Жылдам сіңеді, терапевтикалық концентрациясы 12-18 сағаттай сақталады. Организмнен сүтпен бөлінеді.
Кейбір антибиотиктер тәрізді нитрофурандар да тек микробтарға ғана қарсы әсер етіп қоймайды, олар организмнің қорғаныс күшіне де дем береді. Бауырдың белок түзу функциясын қуаттандырады; бұлшық еттер мен бауырда фосфорлы тотығу процессін үдетеді; бүйрек үсті безінің қызметі, лейкоциттердің фагоциттік белсенділігі, организмнің торшалық және гуморалдық қорғаныстары жақсарады.
Жанама әсерлерінен дисбактериоз, В-гиповитаминозы, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Өте үлкен дозасынан мал өліп кетуі де мүмкін. Мұндай әсерлері жануарлардың сезімталдығына тікелей байланысты. Нитрофуран препараттарына ақ тышқандар, теңіз шошқалары, үй қояндары, бұзаулар сезімтал келеді. Ал маймылдар, иттер, шошқалар өте үлкен дозаларын да жеңіл көтереді.
Токсикалық әсерлері жөнінде жоғарыдан төмен былай орналасады: фурацилин, фурадонин, фуракрилин, фуразолидон, фурагин.
Препараттарды көбінесе азыққа қосып ауыз қуысы арқылы береді. Жергілікті және венаға жіберу арқылы да қолдануға болады.
Фурацилин – Furacilinum. Ащы дәмі бар, сарғыш түсті үнтақ. Суда нашар, сілтілік ертіндіде жақсы ериді. Азыққа қосып ауыз қуысы арқылы береді.
Фуразолидон – Furazolidonum. Аздап ащылау дәмі бар, иіссіз, сарғыш түсті ұнтақ. Суда ерімейді, аздап спиртте ериді. Грамм оң, Грамм теріс микроорганизмдерге, қарапайымдарға әсері жақсы. Жылдам сіңеді, бір сағаттан кейін қанда анықталады. Организмде терапевтикалық концентрациясы 12 сағаттай сақталады.
Диспепсияда; колибактериозда; сальмонеллезде; торайлардың балантидиоз; сиырлардың мастит, эндометрит; аралардың, балықтардың ауруларында қолданылады.
Бұл топқа сондай-ақ әсерлері жоғарыдағыдай препараттар: фурадонин, фуразолин, фуракрилин, фурагин, фуразонал, нитрофурилендер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет