КҚ изомериясы
Изомерлер- құрамы бірдей,бірақ құрылысы мен қасиеттері әр түрлі заттар.
Гидраттық немесе сальватты изомерия су молекуласының кешен құрамында әр түрлі орналасуынан болады:
[Cr(H2O)6]Cl3 [ Cr(H2O)5Cl]Cl2*H2O [Cr(H2O)4Cl2]Cl* 2H2O
Қаракөк күлгін түсті күлгін жасыл
Иондық изомерия аниондардың ішкі сфера мен сыртқы сфераға әр түрлі таралуынан болады:
[Pt(NH3)3Br]NO2 және [Pt(NH3)3(NO2)]Br
Координациялық изомерия екі түрлі лигандтардың екі кешен түзушінің айналасына әр түрлі жолмен координациялануынан болады:
[Co(NH3)6][Cr(C2O4)3] ЖӘНЕ [Cr(NH3)6][Co(C2O4)3]
Геометриялық изомерия кешен құрамында кем дегенде екі түрлі лиганд болғанда байқалады
Оптикалық айналы изомерлері бұл изомер екі ұқсас құрылысты ассиметриялық кешендердің болуына, айналы антипод болатын оңға поляризация жарығын жазықтың қарама-қарсы бағытта айналдыруға негізделген.
Кқ тұрақтылығы
Ерітінділерлегі КҚ диссоциациясы
1- ншілік диссоциация (күшті электролиттер)
[Ag(NH3)2]Cl→[Ag(NH3)2]+ + Cl-
2- ншілік диссоциация (Kh; β)
[Ag(NH3)2]+→[Ag(NH3)]++NH3
β=[Ag(NH3)2]+ * [NH3]/[[Ag(NH3)2]+]
[Ag(NH3)]+→ Ag++ NH3
β= [Ag+]*[NH3]/[[Ag(NH3)]+]
β=β1*β2
[Ag(NH3)2]+→Ag+ +2NH3
Β= [Ag]*[NH3]2/[[Ag(NH3)2]+]
Тұрақтылық константасы:
K=1/β
Медицина мен фармацияда комплексті қосылыстардың қолданылуы:
Кешенді қосылыстар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік процестерінде үлкен рөл атқарады.адамдар мен жануарлардың қанының құрамындағы гемоглобин тыныс алу процесін қамтамасыз етеді. Гемоглобин – кешен белок глобинмен байланысқан күрделі протеид. Гемоглобинді қанның тыныс алу пигменті деп атайды. Ол оттегін қайтымды түрде қосып алып, оны өкпеден қантамырлары арқылы барлық ұлпаларға жеткізеді,ол ұлпадан көмірқышқыл газын тасымалдайды.Темірдің тотығу дәрежесінің оңай өзгеруінің арқасында, гемоглобин оттегімен оңай қосылады да оны ұлпаға ешқандай қиындықсыз береді.Кешен түзуші элементтерді «тіршілікті ұйымдастырушылар» деп атайды. Соңғы кезде Pt- ның және Pd-ң кешенді қосылыстарын қатерлі ауруларды емдеуге пайдалануға болады. Хелатты кешенді қосылыстарды бүйректегі тастарды ерітуге және судың кермектігін жоюға қолданады. Кешенді қосылыстарды клиникаларда дәрі-дәрмек ретінде қолданып, әртүрлі ауруларды емдеуді хелатты терапия деп атайды.Трилон Б көптеген метал иондарымен кешенді қосылыстар түзеді. Сондықтан ағзада кальций тұздары бөдіне жүретін ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |